Бизнес және біздің іс

Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фир­ма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кет­кендіктен сіздің тапсырысыңызды уа­қытында орындай алмайтын болып отырмыз. 
Егемен Қазақстан
19.07.2017 127
2

Тағы бір-екі күн күте тұрыңыз, міндетті түрде мүлкіңізді дайын қыламыз», деді телефонның арғы жағынан шыққан дау­ыс. Күтпегенде қайда барып, не істей қой­мақпын, жарайды, күтейін дедім, мен де амалсыздан. Уәделі күні жаңағы фир­ма­ның өкілі тағы телефон соқты. Тағы да ке­шірім сұрады, тағы да бір күнге ке­шіг­е­тін­дерін айтып, шыдай тұруымды өтінді. Мен тағы да шыдадым. Шыдамасқа амал да жоқ. Қойшы, әйтеуір, үш күнде дай­ын болады деген дүние алты күнде әзер дайын болды.


Біздің өмірімізден мұндай мысалдарды жиі кездестіруге болады. Оның негізінде сол баяғы өзімізге жақсы таныс жауапсыздық, іске деген немқұрайдылық жатқаны баршамызға белгілі. Бір кездері, еліміз нарықтық қаты­нас­тарға енді көшіп жатқан замандарда жеке кә­сіпкерлік дамыған кезде бәрі де тамаша бо­лады, олардың арасында бәсекелестік ту­ындайды, ал ол бизнесмендерді өз жұ­мыс­тарын уақытылы әрі сапалы атқаруға итер­мелейді деген болатын кейбіреулер. Не­ге екенін білмеймін, содан бері арада ши­рек ғасырдан астам уақыт өтсе де сол айт­қан «тамаша күн» әлі де туа қойған жоқ. Жеке меншігіңіз дәуірлеудей-ақ дәу­ір-
леді. Оны олардың материалдық жағ­дай­ларына қарап та аңғара беруге болады. Кот­теджіңіз де соларда, автокөлігіңіз де со­ларда, басқа игіліктеріңіз де соларда – дү­ниені жалпағынан басады. Ал өз саласы бойынша халыққа қызмет көрсетуге келгенде сол баяғы шалағайлық. Жалпы, бізде өз міндетін тиянақты атқарып, көпшіліктің ризашылығына бөленіп жатқан қандай да бір жеке меншік компания бар ма екен өзі? Бар болса қалса, саны қанша екен? 
Осы орайда сонау кеңестік заманда, дәлірек айтқанда, социализміңіздің саудасы біткелі тұрған жылдардың бірінде сол кездегі орталығымыз Мәскеуден шығатын газеттердің бірінен, әлде «Известия», әлде «Правда», ұмыттым, оқыған бір қызықты мақала есіме түсіп отыр. Онда ресейлік журн­алист Жапонияда болғанда өзінің сол ел­дің құс өсіретін бір фермерінің жұ­мыс­ы­мен танысқанын жазыпты. Сонда мәселе қа­лай болған дейсіз ғой.
Жаңағы тілші құс фермасына келіп оның қожайынынан өзінің шаруа­шы­лығымен таныстыруды өтінеді. Жапония­лық фермер қарсылық білдірместен келіседі. Сөйтіп, екеуі құс тұратын қораға ке­леді. Келсе жып-жинақы қора мен оның ішін­де жағалай жемін теріп жеп жүрген  құс­тарды көреді. Бірақ жан-жағына қара­ған ресейлік (бәлкім, бизнестен хабары бол­мағандықтан кеңестік деген дұрыс шы­ғар) қораңыз өте жақсы екен, сонда бұл құстардың жемін қайда сақтайсыз де­ген сұрақ қояды. Оған жапон жігіті ол менің міндетім емес, оны, яғни жемді пә­лен­ше әке­ліп береді деп тағы бір жапон биз­нес­ме­ні­нің атын атайды. Кеңестік журна­ли­ст те өзінің құс шаруашылығынан аз-мұз мағ­лұматы бар екенін сездіргісі келіп, ал енді бұлардың жұмыртқасын қайда сақ­тайсыз, деп одан әрі қазбалайды. Сол кезде жа­по­ния­­лық кәсіпкер осының есі дұрыс па де­ген­­дей мұның бетіне бажырая қа­рап­ты да, жұмыртқаны кім сақтап отырады, ол бұзылып кетпей ме, оны пәленше келіп алып кетеді деп екінші бір бизнесменнің аты-жөнін айтады. Кеңестік журналист болса, ұсталған жерің осы шығар деп алақанын уқалайды. Сөйтеді де «Ал, ол келмей қалса қайтесің? Ж­ұ­мыртқаларың шіріп кетеді ғой?» деп сұ­рақты төтесінен қояды. Әу басында жапон кәсіпкері мұның сұрағын онша түсіне қой­майды, сонда да болса «Неге келмейді, келеді», деп жауапты қысқа қайырады. Ресейлік те қадалған жерінен қан ала түседі: «Ауырып қалса қайтесіз?». «Өзі ауы­рып қалса, әйелі әкеледі». «Әйелі де ауырып қалса ше?». «Онда баласы әкеледі». Түбі өзінің қайткенде де жеңетініне сенімді ресейлік «Егер ол үйде бір адам қайтыс болса қалай болады, онда жем жеткізілмей, жұмыртқа жиналмай қалады ғой», деп одан әрі індете түседі. Анау болса «Біреу қайтыс болған күннің өзінде де сол үйдің бір мүшесі уақыт тауып жемді қайтсе де жеткізіп береді», деп жайбарақат қана жауап қайтарады. Осылайша өрбіген арадағы әңгімеден кейін ресейліктің  ойында не жатқанын  ұға бастаған фермер оған мән-жайды түсіндіруге кіріседі. Біздің елдегі жағдай сіздердегідей емес, бізде әркімнің өз кәсібі бар және сол кәсіптің арқасында бүтіндей бір отбасы күн көреді. Сондықтан олар дүниеде не бо­лып жатса да кездескен кедергіге қа­ра­мас­тан өз кәсібін мінсіз атқаруға тыры­сады. Айталық, менімен байланыс ор­нат­қан кәсіпкер менің тауықтарыма жемді уа­қытында әкелмесе немесе жұмыртқаны дер кезінде жинап алып кетпесе, мен олардан бас тартамын да, басқа кәсіпкерлердің қызметіне жүгінемін. Ал, мен сияқты фермерлерге қызмет көрсетуге дайын тұрған кә­сіпкерлер толып жатыр. Шындығына кел­генде, ешкімнің де «жеп отырған наны­нан» айырылғысы келмейді. Сондықтан да олар өмірде қандай оқиғалар орын алып жат­са да, өз міндетін шашау шығармай орын­дайды. Өйткені оның бүкіл тіршілігі сол кәсіпке қарап тұр, дейді жапон азаматы.
Міне, күншығыс еліндегі іске деген көзқарас. Ал, бізде ше? Біздің іс бизнеспен қаншалықты сәйкеседі екен, осы?.. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу