Ел мен жер

Жарықтық Сәбеңнің – Сәбит Мұқа­новтың «Ботагөз» романының аяқталар тұсында Көк­шенің кеудесінде тұрып қазақ дала­сының ұлы тауларын жіпке тізіп шы­ғатыны әсіресе көнекөз, түрік құлақтардың есінде болар. Ел мен жер­дің қасиет-киесін бір ауыз сөз­бен түген­дегендей сол ғибратты жол­­дарды тағы бір көкейде тоқып, кө­ңілде өрнектеудің тарихи сәті енді түс­кендей.
Егемен Қазақстан
05.05.2017 535
2

«Азат – аяқ астында, Сырымбет – сырық сілтер жерде, Жыланды – жанында, Бұқпа – бауырында, Айыртау – аясында, Имантау – иығында, Сандықтау – сағасында, Ақан – ағайыны, Зеренді – замандасы, Шортан – шөбересі, Торыайғыр – тұстасы, Көксеңгір – көршісі, Ереймен – ерулесі, Баян – бауыры, Қарқаралы – құдасы, Ақтау – атасы, Ортау – одақтасы, Алатау – ағасы, Алтай – атасы» деп қайыр­­ған шалқар шабытты жазушы осы атал­ған таулардың біразын көзімен, көз жетпегенін аспанда шарықтап ұшқан сұңқар қанатты сезіммен көргенін айтады емес пе? Маржандай тізілген осы атаулардан қазақтың ұлан-ғайыр елі мен жері көз алдыңа келеді.
Жақында «Егеменде» жарық көрген Елбасы мақаласында туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертетіні, әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар екендігі өте орынды атап көрсетілді. Осы тұрғыдан келгенде, халқының бақ-берекесінің қамымен желмая мініп жер шалған Асан қайғы бабамыз қазақтың жалпақ даласының шұрайлы пұшпақтарының бәрінің дерлік сынын беріп, сипатын айтып кеткен ғой. Біле білсек, Асан баба сөздерінің маңызы бүгінгі ұрпақ үшін бір мысқал да кемімеген. Әрі тарих, әрі аңыз, әрі даналық. Әрі қазіргі шаруашылық пен тұрмыстың кәдесіне жарап кетерлік ілкімнен де құр алақан емес.
Қазақ ешқашан ел мен жер ұғымдарын бір-бірінен бөліп қарастырмаған. Ел бар болса жер бар. Жер болғанда ғана ел бар. Батырлар жырларымыздың өзі ел мен жерді айтудан басталады. «Жиделі Байсын жерінде Қоңырат деген елінде» дегендей. Қайғысын «Қаратаудың басынан көш келеді» деп елім-айлатып атамекеннің айбынына мұң қылып шаққан. Туған жердің қасиет-киесінен қара ормандай қорған болар пана тапқан. Сырды ана деген. Қуанышын әнге қосып, асқақтаған Алатаумен бөліскен. Наркескен ақын Махамбет те «Еділдің бойы ен тоғай, Ел толтырсам деп едім» деп арманына ел мен жерді бірге қосақтаған. Кенесары Сарыарқадан ауған кездегі қоштасу жырын толғаған Күдеріқожа «Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып...» деп бастап атажұрт атырабы, ардақты мекеннің берекелі тұнығын тізбелегенде көңілдің кенересінен асып толқып кететінін қайтерсіз? Қарқаралыны қастерлеп Мәңгілікке өрлеткен Мәди­дің, Ерейментаудан медет тілеген Иман­жүсіптің өздері де, әндері де ел мен жер­дің әркез желбіреп тұрар жалауына айналып кетуі сірә да тегін емес-ау!
Атам қазақтың, одан арғы бабала­рымыздың ат тұяғы жетіп жайлаған, қыс­таған жерлерінің бәрін Сарытау, Түмен, Азаулы, Құлынды, Байкөл, жаңағы Жиделі Байсын сияқты жер атауларынан зерделеп білеміз, ол жерлерге ордалы ел қонғанын ұғынамыз. Қаскелең, Шамалған, Бағанаты, Боралдай, Нарынқол, Байынқол, Аңырақай, Орбұлақ, Қалмаққырылған деген қазіргі белгілі жерлерімізден жоңғар-қалмақ шапқыншылығы кезіндегі ата тарихымыздың ізі қалғанын аңғарамыз. Бірақ бұл жерлерде қалмақтың емес, Ша­малған дәуді жекпе-жекте оқсатып құлат­қан Наурызбай батыр сынды қазақ батырларының ерлігі мен жеңісі жазыл­ған. Иә, Ұлы Даланың тарихы өзінің бедерлі бетінде сайрап жатыр. Саңылауы бардың санасын өшірмеуге, мәңгүрттікті бастан кешірмеуге осылардың септігі тимейді деп айта алмаспыз.
Тарих алдында Қазақ елінің жүзі жарқын. Қазақтың елі мен жерінің ешкімнен ұялып бет басатын тарихы жоқ. Арыдағы Алтай, Шыңғыстау, Отырар, Түркістан мен Әзірет Сұлтан, Айша бибілер, берідегі Байқоңыр мен Теміртау, Алматы мен Астана, «Бәйтерегіміз», әрі төл тарихтың оқулығы, әрі тәрбие құралы десек те болады. Рухани тәрбиенің, елжандылық пен отаншылдықтың. Олай болса, біз қазақ даласындағы ел мен жер атауларының, қасиетті рухани құндылықтарының, киелі жерлерінің мағына-мазмұнын, өнеге-ғибратын, тәрбие-тәлімін осы тараптағы игі мақсатқа икемдеуіміз керек-ақ.
Осыдан біраз жыл бұрын Көк­шетауда арнайы жасақталған экспедиция Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі бағыт-бағдар, ошақ-нүктелерін бір ай жүріп аралап шыққан еді. Әр жерден көтеріліске қатысты жаңадан қаншама дерек, мағлұматтар тапты, ел аузындағы әңгімелерді жинады. Ұлтжанды азамат, қарымды журналист, марқұм Нұрмұханбет Ысқақов «Кенесары ханның жорықты жолдарымен» атты тамаша танымдық кітап жазып шығып, оны орыс тіліндегі аудармасымен қоса сүйіншілеп тартқан болатын. Осы экспедицияның жұмысы, мақсаты орта жолда үзіліп, түйініне жетпей қалғанын да білеміз.
Ел мен жердің тарихын ізерлейтін осындай экспедициялар, ізденістер қажет. Абай хакім айтқан: «Берекелі болса ел, жағасы жайлау ол бір көл», деген сөздің мағынасы терең. Елсіз – жерде береке болмас, жерсіз – елде береке болмас. Ел мен жердің бүтіндік-бірлігіне септесетін тарих та, жәдігер де, аңыз да әрқашан қымбат.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу