Кәденің қадірін білейік

КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.
Егемен Қазақстан
26.06.2017 216
2

Күн сайын кемі 30 шақырым жүгірмесе, ас батпайды, ұйқысы бұзылады! «Жүгіріңдер, халайық, жүгіріңдер!» дейді. Міне, нағыз кеңес азаматы! Ауданның бірінші хатшысы желаяқтың иығына пүліштен тігілген не белбеуі, не зерлі оюы жоқ салбыраңқы көк шапан жауып, қолына домбыра ұстатты. Аудандық газеттің жап-жас тілшілері «Желаяқ домбыраны не істер екен?» деген сауалға жауап таппай, ойымыз он саққа жүгіріп өкініп-ақ қап ек сонда. «Попқа баян не керек?» деген орыс мақалын есіңізге түсіріңізші?!. 
Сатып алуға домбыра да тапшы, көзге қораш көрінсе де көк шапанының өзі қат кеңестік заман-ай десеңізші! Сөйтіп жүріп 90-жылдарға жеттік. Фосфоры таусылып, будақ-будақ түтіні өшкен Жамбылдың суперфосфат зауытына шетелден инвесторлар келе қалсын! Күтіп алушылар бір қайнауы ішіндегі келісімшарттың дүмбілездігіне қарамастан, қонақ­тарымен сыйласудың жөні осы-ау деп шамалап, шетелдіктерге шапан жауып, қолдарына бір-бір домбыра ұстатады. Таяу Шығысты бетке алған әуе лайнері Алатаудың иығынан асқанда меймандармен қимай қоштасып тұрған тараздықтар әуежайдың қоқыс салатын кір-кір темір жәшігінде қос домбыра мен қос шапанның ешкімге керексіз үйме-жүйме жатқанын білмейтін... 
1961 жылы 12 сәуірде Жер шарын айналып келіп жерге түскен Юрий Гагарин  Саратов облысының егіс даласына «адасып» қонады. Жергілікті сельсоветтің төрағасы тұңғыш ғарышкерге ұялған тек тұрмастың керімен салтанатты түрде «Тың жерлерді игергені үшін» медалін тосынсый ретінде тапсырыпты. Кейінгі ғарышкерлердің төсіне тың игерушілер медалін тағу дәстүрі содан қалған. Ол да бір қызық! Торғай даласына топырлап түсіп жататын ғарышкерлерге шапан жабуды біз әлі де тоқтатар емеспіз, әзірге... 
Шетелдік қонаққа қыл аяғы сый жасауды да білмейтін кезеңдер артта қалды! Еліміздің дүкендерінде кәдесыйдың мың сан түрі сықиып тұр. Шапанды да жөнімен кигіземіз, домбыра секілді ұлттық құндылықтарымызды ешкімді жатсынбай ала сап жүгіруді қойдық, бір сөзбен айтқанда, көре-көре «көзіміз ашылды»! Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері өткен жылдан бастап заңдық нормаларға сәйкес елімізде 10 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлық алуға өздеріне тыйым салынғанын жақсы біледі. Мұндай сый-сияпаттар қозғалысын реттеп тұратын заң актілеріне бағыну – әлемдік тәжірибеде ежелден бар. Мәселен, АҚШ-тың федеральдық қызметкерлері мен қызметшілері, Президенттің өзі де, шетелден алған сыйлығының құны 305 доллардан асса, декларациялық құжат толтырады. Әрі ол затты мемлекеттік архивке өткізуге міндетті, сыйлық тым ұнап қалса, өз ақшасына сатып алуға рұқсат. Кімнің не алғаны, қандай сый-сияпатқа ие болғаны елдегі Federal Register хабаршы-журналында тайға таңба басқандай етіп жазылады. АҚШ-та мемлекеттік қызметкер бағасы 50 доллардан артық сыйлық алса, ол параға телініп, қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалады! Францияны ұзақ басқарған президент Франсуа Миттеранның асыл тұқымды арғымақты, одан кейінгі президент Жак Ширактың АҚШ президенті Билл Клинтон сыйлаған  «Rolex» сағатын кері қайтаруы – елдегі сый-сияпат туралы заңға бағынудан туған талаптар. 
...Биылғы Алматыда өткен XXVIII Дүниежүзілік студенттер универси­а­­-
да­сында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен еркін сырғанауын аяқтаған тұста, әлдекім спортшыға құрмет көр­сетіп, мұз айдынына тақия лақ­тырды. Айдынға гүл, әйел спорт­шы­ға қуыршақ лақтыру әдеті бар. Бі­рақ... әлгі қазақтың қасиетті бас киімі жан­күйерлер сүйіктісіне айналған Де­ниске бұйырмады, айдын бетіндегі қо­қысты жинаушылар әбжілдік танытып тақияны спортшыдан бұрын іліп алып кет­ті. Сол тақияның тағдыры Тараз әуе­­жайындағы баяғы ұмытылмас оқи­­­ғаны еріксіз еске салды-ай!.. Қа­зақ бас киімін ешкімге сыйламайды, лақ­­­тырмақ түгілі, жерге қоюға қи­май­­ды! Жанкүйер жеткіншекке ата-ана­сы жазылмаған заң іспетті қатал дәс­тү­рі­міздің барын ескертпеген екен-ау деп өкініп қалдық!..
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу