Өскен өлкеңе ту тігудің үлгісі

Көкшетау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 шақырым қашық­тық­та орналасқан Баратай атты елді мекен бар. Осы ауылдың тумасы, кәсіпкер Абай Марамұлына  ілесіп, жуықта бейтаныс өлкеге біз де барып қайттық.
Егемен Қазақстан
05.06.2017 391
2

Ауылдың айналасы жасыл желекті орманды алқаппен көмкерілген көрікті мекен екен. Арқаның саумал ауасы мен салқын самалы тербей сыңсыған ақ қайыңның сұлу сыбдырына, жо­рға желдің жеңіл лебі сыдырта шай­қаған селеулі даланың бұйра тол­қыны қосылып, ұядай ауылдың сәніне салтанат сыйлайды. Ауыл ір­гесіндегі айдынды жағалай жайылып, шыбындай шұлғыған үйір-үйір жылқылар мен әукесі салбыраған мама сиырлар жердің көркі іспеттес.
Қазақтың қай ауылына барсаңыз да ол өңірдің өзіндік тарихы, сыртқа беделді, ауылға абыройлы айтулы тұл­ға­лары жайлы естисіз. Баратай да ондай «атақтылардан» кенде емес екен. Ауылдан тіке батысқа қарай сегіз шақырым жерде Ақан сері Қорамсаұлының кіндік қаны тамған Қоскөл менмұндалап тұрса, туған жерін орыс-ойраттан қорғаған Ақан батыр Шотанұлы мен 1885 жылы Сібір қазақтары атынан император ІІ Александрдың таққа отыру салтанатына қатысқан сегіз адамның бірі – Шөбек Байсарин, Алаш ардақтысы Мәмбетәлі Сердалин, сондай-ақ ХХ ғасырдың басында Көкшетау өңірінде діни ағартушылықпен айналысқан әрі патшалық Ресейдің қазақты шоқындыру ісіне қарсы тұрған молда Наурызбай Таласов (Науан хазірет) осы елдің мақтанышы екен.
Баратайлықтардың басқа жұрттан ерекшелігі – жоғарыдағы атақтыларын сырттай малданып, іштей мақтанып жалаң абырой тұтпай, күні бүгінге дейін олардың өнегелі өсиетін бұлжытпай орындайтындығында. Мысалы, Науан хазіреттен бері жалғасқан жақсы үрдіс ауылда адамы қаза болған шаңыраққа көрші-қолаңдары ешқандай ауырлық түсірмейді және мүрдені жерлеу рәсімдерін аста-төк мал сойып ысырапшылдыққа ұрындырмайды. Сырттан келген көңіл айтушыларды күллі ауыл өз үйлеріне бөліп әкетеді. 
Осы бір жақсы шариғи үрдісті еліміздің басқа өңірлерінде неге жаңғыртпасқа. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деуі жоғарыдағыдай жасампаз дүниелерге ел болып көңіл бөлуді ескертіп тұрған жоқ па!
Ауылдың екінші бір ерекшелігі – елден шыққан кәсіпкерлер үнемі бас қосып, ауылдың жайын назарларында ұстайды екен. Ертеректе өмірден өткен баратайлық Марам Әлиев деген азаматтың үрім-бұтағы мектеп ауласына  адамдар саялайтын шағын бақ орнатып қойыпты. Одан басқа Көкшетау қаласының шетіне мың түп көшет отырғызып, Елбасымыздың рухани жаңғыру мақаласындағы: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген өсиетін ұрандамай-ақ орындап жатқанын байқадық.
 Шап-шағын ауылдың келбеті де тартымды. Қопарыла көшкен ел,  қираған там, көңірсіген үйінді жоқ. Бірен-саран қалаға қарай жөңкілген отбасылардың үйін ауылдан шыққан кәсіпкерлер өздері сатып алады да, оңтүстік жақтан жердің емшегін еміп үйренген отбасыларды қоныстандырып, көкөніс шаруашылығын жандандыруда. 
Біздің жолбасшымыз Абай Марам­ұлы: «Менің бар мақсатым – туған 
ауы­лым­ды тоздырып алмау. Аталарымыз айтқандай, «ел көшсе, жер жетім, мал кетсе, бел жетім» қалатыны рас екен. Ел көшсе, мектеп жабылады. Нағыз «нәу­бет» сонда орнайды. Осыны ескеріп қала­дағы жетімдер үйінен балалар асырап алып, ауылға әкеліп орналастырудамыз», деді.
Бұл жаңалық бізді елең еткізді. «Ол балалар қайда, көрсетіңдер?» дедік. Ағайынды ұлты орыс үш жеткіншекті бауырына басып мәпелеп отырған Сайран Ибраев деген азаматтың отбасына бардық. Балалардың үлкені әдемі сары қыз өзін Әйгерім деп таныстырды. Онымен қоймай Абайдың жырларын бірінен соң бірін төгілдірді... Ұйып отырып тыңдадық. Бұлар сияқты «қонақ» балалар ауылда көп екен. Бәрі қазақша сөйлейді, қазақша оқиды. Жеткіншектерді асырап алған отбасыларға кәсіпкерлер көмектесіп тұрады... Елбасымыз  көпшілікке үн тастап  «Туған жерге ту тігіңдер» деп жүргенінің үлгісі осы емес пе?! 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу