Қамбар Ахмет «Орталық Қазақстан» газетіне бас редактор болып тағайындалды

«Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған әріптесіміз, белгілі журналист Қамбар Ахмет бүгін Қарағанды облысының «Орталық Қазақстан» газетіне бас редактор болып тағайындалды. Қ.Ахметовты ұжымға таныстырған облыс әкімі Ерлан Қошанов газетте 20 жылдан астам уақыт бас редактор болған Мағауия Сембай мырзаға зор алғыс білдірді.

Егемен Қазақстан
24.01.2019 1760
2

Қамбар Жұмағалиұлы Ахмет бүгінге дейін «Egemen Qazaqstan» газетінде бас редактордың орынбасары ретінде саясат және құқық бөлімдерінің қызметін ұйымдастырып, газеттің өндірістік-шығармашылық жұмыстарының маңызды бөлігіне жауапты болды. Еңбек жолын «Орталық Қазақстан» газетінде бастаған ол әр жылдары «Айқын» газетінде меншікті тілші, «Baq.kz» ақпарат агенттігінде бас редактор, «Қазақстан» РТРК Интернет редакциясында бас редактор, «Нұр Отан» партиясында, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде кеңесші қызметтерін атқарды.

Қамбар Жұмағалиұлы ел тарихының жүз жылдық жылнамасын жазып жатқан қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Егеменде» жинаған тәжірибесі мен білім-білігін «Орталық Қазақстан» газетін дамыту ісіне аянбай жұмсап, талмай қызмет ететініне сенімдіміз.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, жұмысында сәттілік пен табыстылық жолдас болуына тілектеспіз!

«Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымы.

Қамбар Жұмағалиұлы 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың түлегі. Журналистикадағы еңбек жолын «Балқаш өңірі» қалалық газетінің тілшісі қызметінде бастаған.

2004-2006 жж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші;

2006-2007 жж. Қарағанды облыстық «Балқантау» газетінде тілші;

2005-2008 жж. «Қазақстан баспасөз клубы» АҚ Қарағанды облысы бойынша өкілі;

2007-2014 жж. Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің тілшісі;

2010-2013 жж. Baq.kz ақпарат агенттігінің Бас редакторы;

2013-2014 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Интернет жобалар бөлімінде Бас редактор;

2014-2016 жж. «Нұр Отан» партиясы «Электрондық партия» медиа редакциясы интернет-ресурсының басшысы;

2016-2018 жж. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі;

2018 жылдан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған;

ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу