Қазақ қазынасы

Егемен Қазақстан
05.01.2017 378
3

korganbek-aga-3777

Қазыналы елміз деп жатамыз. Ол рас. Қазақтың несібесі басқаларға қара­ғанда кем кесіп-пішілді деп пе­ше­не­мізге өкпе айта алмаспыз. Шү­кір құ­дай­ға, қазақтың жер бай­лығы да, кен бай­лығы да бір басына жетерлік. Бауы­рына басып жеймін десе де, ақ­сұң­қар құстай шашып жеймін десе де жарап тұр, жарасып тұр.

Соған орай ата-бабаларымыз да қазына деген сөздің қадіріне жеткен, қасиетін білген. Бұл, әсіресе, көшпенділер өркениетінің қымбат құн­ды­лықтарын «жеті қазына» деп бөлек әспет­теп құрметтеуінен де көрініс тапқан. Қазақ өзінің дәстүрлі дүниета­ны­мында жеті қазынаны ер жігіттің өмірі­м­ен байланыстырып, ол ұғымға мыналарды жатқызған: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өт­кір кездік. Халқымыз қазынаны ырыс деп санаған. Сол себептен сол ырыс­тар­дың қатарында ақыл-парасат­ты, денсау­лықты, ақ жаулықты, бала­ны, пейіл-көңілді, жерді, итті атаған. Әлбет­те, ғасырлар бойғы өмір тәжі­рибе­сіне сүйен­ген халық философиясы қателеспейді. Ал енді бір сәт қазіргі замандағы қазақ қазынасы хақында ойлансақ қайтер еді? Қазына сөзінің байыбына барып жүрміз бе? Әлде бетінен қалқып, үстірт ойлап, сырттай қызықтағанға  мәзбіз бе? Айтар болсақ, дәл бүгін таңда ұқсата білсек, оқсата білсек, қымыз да қазына. Бірақ, «Осы қымыз қазаққа мақтаның ба, асың ба?» деп хакім Абай айтқандай, осы сықылды көптен-көп қазыналарымызды мақ­таныш еткеннен артыққа бара алмай, пайдалы кәдеге жарата алмай жүр­геніміз де еш өтірік емес-ау. Өткен жазда Түркияда болғанымызда мол да мөлдір сулы Манавгат өзенін көріп көзайым еткенбіз, түрік туысқанның құдай берген бір нәпақасы екен-ау дескенбіз. Сөйтсек, ол ойымыз да бекер емес екен. Өзен бойында өркендеген туризм мен ағын суды бойлап былқыған он сан балық кәсіпшіліктерін былай қой­ғанда, дарияның басы ауыз су алу үшін Израильге жалға беріліпті. Күн мен ай, аспан мен жер, от пен су жалпы­адамзаттық жеті қазынаның ішінде болса, түрік кәрдаштардың сол суды шын мәнінде ұлттық қазына-байлық көзіне айналдырғаны байқалып тұр. Бірақ, бұл арада біздің айтпағымыз рухани қазыналар жайы еді. Қазақ даналығындағы жеті қазына қатарынан ақыл-парасат пен пейіл-көңілдің ойып тұрып орын алуы бекер емес. Бажайлап үңілсек, байлықтың кені – адамның өзі, оның жан-жүрегі екен. «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық достық пенен Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы» дейтін Абай ғақ­лиясы да осыған саяды. Олай болса, қазы­наның үлкені адамның өз бойында, басты қазына адамның жүрегінде екен­дігіне ден қоятын уақыт жеткен сияқты. Жалпақ жаһанға жауһар жақсы­лық­тарымен үлгі шашып отырған жапон жұртының бір ғана мысалына жүгі­нейікші. Бүгінде 50 мыңнан астам жапондық 100 жылдық ғұмыржас межесінен емін-еркін, емен-жарқын аттап өтіп отыр. Енді 15 жылдан кейін бұл елдегі ұзақ жасаушылар миллионнан асып жығылмақ. Мұндай ғажап әлемнің басқа ешбір елінде жоқ. Ал ұзақ өмір сүрудің құпиясы мынада: жапондықтар қарым-қатынас кезінде бір-бірін ренжітпеуге, көңіліне қаяу салмауға тырысатын жер бетіндегі жалғыз халық екен. Нақ осындай қадамы құтты елді әлем картасынан табу қиын. Экономиканың кереметін біз солардан көріп отырмыз. Күріш егетін, қала салатын ұлтарақтай жері де қалмады. Оларда табиғи байлық дегеніңіз атымен жоқ. Осыған қарамастан жапондықтар жаһандағы ең бай ұлт саналады. Байлыққа жеткізген де ақыл-парасат пен ғылым-білімі. Ал енді осы ғажайып жетістіктерді ежіктеп айтып отыруымыздың себебіне келейін. Гәп жоғарыда айтқан ұлт қазына­сында жатыр. Тұтас елдің табысты­лы­ғының құпиясы сол, жапондықтар өз ой-пайымдарын тізгіндеп ұстауды үйренді. Теріс ойлар әңгімелесіп отырған адам­ның көңілін бұзып, жүйкесіне тиіп қана қоймай, оның денсаулығына, болаша­ғына нұқсан келтіретінін жақсы білген­діктен олар балағат, дөрекі сөздерді өз тілдерінен мүлдем тыйып тастапты. Жапондықтардың көп жасауының ақиқат сыры, міне, осында. Бір-біріне деген ілтипат-ізгілікте, сыйластықта. Ізет пен ілтипат, сыйлағанның құлы болу, шынына келгенде, қазақтан қалған. Даладай дархандық та, кең пейіл де, ер көңіл де, жалғыз атын жолаушыға сойып салар қонақжайлық та, зият тектілік те қазақтың сүйегіндегі қазыналы қасиеттері екендігі бүгінде төрткүл дүниеге түгел мәлім-ау. Бағ­зыдан бергі салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүр-жоралғысы, тәлім-тәрбиесі, дана­лық сөздері – бәрі-бәрі қазақтың азбас-тозбас, сарқылмас асыл қазынасына жатады. Осының бәрі, сайып келгенде, Елбасы айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізі, адам капиталының алтынға айырбасталмас әзиз құндылықтары болып табылады. Олай болса, қазақ қазынасын игерейік, ағайын! Ұзақ ғұмыр да, ырыс-береке де ұлт рухынан, ұлттың ақыл-парасаты мен жан-жүрегінің қайнарынан шығатынын әсте қаперден шығармайық.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу