Қазақтың бірлігі

Алаш ұранды, ағаш керегелі хал­қымыз үшін қазақтың бірлігі қа­шаннан-ақ қастерлі сөз, қасиетті ұғым болған. Абылай баһадүр ханның әйгілі үш арманының, үш өкінішінің бірі де осы бірлікке саяды.
Егемен Қазақстан
29.06.2017 298
2

«Елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға соқты» деп аһ ұрған екен Құдай дидарын көруге лайықты жарықтық ұлы хан дүниеден өтерінде қоштасуға келген көмекей Бұқар жырауға. Қазақтың бірлігін хакім Абай да, ұлт көсемі һәм ұлт ұстазы Әлихан мен Ахмет бастаған Алаш арыс­тары да армандаған. Сол ұлы ар­ман Қазақ елі өлгенді тірілтіп, өш­кенді жандыра, тәуелсіз өмір кешкен соңғы ширек ғасырда жүзеге асты дей алсақ керек.

Бұл айтқаннан бұрынғы өткен ата-бабаларымызда береке-бірлік, ұйысқан тірлік мүлдем болмады деген ой-ұғым ту­мағаны ләзім. Бірлігі, бірлікті сақ­тай білер ірілігі, бағалай білер санасы болмаса Дешті Қыпшақтың сайын даласында көшіп жүрген он сан, не­ше­ме баулы қазақ рулары дербес хан­дық құрып, бір ордаға бірікпес еді. Қо­ғамдық дамудың сол кездердегі саты­сында рулық бөліністің өзі қазақ хал­қының ұлт болып ұйысып бірігуіне септесіп қызмет еткендігі көрінеді бұдан. Иә, сол аласапыран замандарда қазақтың арыс рулары ата жауға қарсы айбаттана көтеріліп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығармаса, үш жүздің басы құралмаса, бір Тудың астына жиналмаса, жоңғар-қалмақ шапқыншылығының бетін қайтарып, түптің түбінде өздерін омақастырып белін сындырар ма еді? Ба­баларымыздың басы бірікпесе, дұш­панды батырлықпен үркітпесе, Ала­тау­дан Арқаға, Алтайдан Атырауға дей­ін созылған ұлан-ғайыр жер бүгінгі ұр­пағына мәңгілік мұра-мирас болып қалар ма еді? 

Демек, бірлік қай кезде де қазақ санасының ұлттық коды болып келген. Әсіресе, сыртқы жаулардан қор­ған­ған кезде. Басқа түскен қайғы-қа­сіретті бір­лесіп көтерген кездерде. Жал­пы­ха­лық­т­ық аламан асыр қуаныш, тойларда. Қас дұшпанмен тізе қосып шайқасқан арғын Ағынтай батыр мен шапырашты Қарасай батырдың сүйектері Көкшетаудың көкторғын белінде, Айыртау атырабындағы бір төбеде қатар жерленіп, бұл күндегі еңселі кесенелерінің өзі бірлік пен ерліктің өнегесіндей көз тартады. «Бөрілі менің байрағым!» деп бар қазақтың рухын өрлете жырлаған Сүйінбай сүлей қырғыз ақыны Қатағанмен айтыста қазақтың көптігін, айбыны мен айдынын, бірлігі мен ынтымағын ұтқыр сөзбен үдемелете айтып, бас көтертпей бастырмалата, артындағы қалың елі қазағының мысымен басып жеңіп шығады. Қазақтың барша руларының аттарын мақтанышпен айта келе туған халқының елдігімен, береке-бірлігімен атойлап дабылдатады сұңқар ақын Сүйінбай.

Өкінішке қарай, «өз ырқы өз қо­лынан кетіп», билігі басқаның қолына өтіп, «Бөлшекте де билей бер» деген зымияндық отарлау саясатының бұғау-шырмауына түскен қазақ өз ішіндегі алты бақан, ала ауыздық дертіне де ұшырамай қалған жоқ-тын. Әзәзіл саясат «өлетұғын тай үшін, қалатұғын сай үшін» бір-бірімен білдірмей атыстырып қойған заманда сабырсыздық пен арсыздық, еріншектік пен енжарлық етектен тартып, бар болсаң – көре алмайтын, жоқ болсаң – бере алмайтын ағайын да көбейген еді. «Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?» деп Абай дананың күңіренетіні де осы тұс. Бұл тығырықтан шығатын жолды нұсқамаса Абай Абай болар ма еді?! «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деп данышпан хакім, ұлттың бас ақыны қазақты бірлікке шақырды емес пе.

Абылай ханның да, Алаш арыс­та­рының да, бас ақынымыздың да басты арманы, жоғарыда айтқанымыздай, тәуелсіздік жылдарында орындалды. Өз ырқы өз қолындағы қазақтың бірлігіне ендігі жерде ешкім кедергі келтіре алмайды, бір-бірімен араздық жолына түсіріп, арасына сына қаға алмайды. Әрине, тағдырдың осындай сыйына мың шүкір дейміз. Солай дей тұра, мына жаһандану заманының талай-талай сын-қатерлерінің қыспағында ұлттың шынайы бітім-болмысын да, рухани сана-сезімін де, өзіндік ділін де, ана тілін де, сонымен бірге, береке-бірлігін де сақтап дамыту оңай емес. Жаһанданудың жаман әсерлеріне қарсы ұлттық иммунитет болмаған жерде, рухани тұрғыдан тазаланып жаңғырып отырмаған жағдайда ұлт болмысын айқындайтын шынайы төл мәдениет те сақталмайды. Ал ұлттың жан дүниесіне, мәдениетіне жарықшақ, сызат түсті дегенше ұлт бірлігінен береке кетті дей беріңіз. 

Елбасы мақаласында айтылғандай, дәстүріміздің тозығын күресінде қал­ды­рып, жаңа заманға сай озығын ғана жаһандық әлемге қабыстырып енгізейік. Күні кеше ғана Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайы да әлемдегі қазақ бірлігін айғақтады, бар қазақтың атамекені қасиетті Қазақ елі екендігін паш етті. Мемлекет басшысы «Әр қазақ – менің жалғызым» деп жар салған елде қазақ бірлігі нығая беретініне еш күмән жоқ.

Қорғанбек Аманжол,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Арман ӘЛМЕНБЕТ. Көңіл қалтарыстарындағы үш сурет (этюдтар)

25.03.2019

Әсет Исекешев Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды

25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

25.03.2019

Ғ. Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

25.03.2019

Nur-sultan – жаңа дәуір символы

25.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу