Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

Қазақстан Республикасының Президенті ­– Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын жаңа еңбегі оның 2017 жылғы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы болып табылатыны даусыз. Өйткені Мемлекет басшысы бұл еңбегінде де  Ұлы даланың тарихына, руханиятына қатысты бірнеше жобаларды ұсынып отыр. 

Егемен Қазақстан
21.11.2018 4197
2

«Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалыпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектемелеріміз де жеткілікті», - дей келе автор «Қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отырғанын», еліміздегі зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келмегенін, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралғанын айтады. Сонымен бірге Елбасы кейінгі жылдары табылған  тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайтын жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беретініне назар аударылды.

Елбасының жаңа еңбегінде атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы дадалан тарағаны, жылқыны ең алғаш қолға үйреткен де, оны әскери көлік ретінде пайдаланған да, сауытты ойлап тапқан да, садақ оғының ұшына темірден жебе орнатып, екінші ұшына қауырсын байлаған да, металл өндіру – металлургия өндірісін ашқан және қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпаларын алғаш алған да біздің бабаларымыз екенін асқақ сезіммен айтады.  Сонымен бірге Алтын адамның алтынмен апталған киімі мен сауыт-сайманын өрнектеген бұрынғы өткен бабаларымыздың өнерге қаншалықты жақын, қаншалықты шебер болғаны, қала салып, сәулет өнерін дамытқаны нақ та шынайы баяндалады. Әрине, мұның бәрін тарихи деректерден бұрыннан білеміз десек те, Мемлекет басшысының еңбегінен кездестіруіміз жадымыздағы бұрынғы деректерді нақтылай түскені даусыз.

Елбасы осы еңбегінде тарихи сананы жаңғыртуды өзек етіп алып, бұл бойынша бірнеше рухани жобаларды ұсынып отыр. Алдымен «Архив – 2025»  жеті жылдық бағдарламасын жасап, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан  құрылған арнайы топтардың өз еліміздегі және шетелдердегі ірі архивтермен ұзақ мерзімді байланыстарын қалыптастыру арқылы Ұлы далаға қатысты тарихи деректерді жинастыру, оларды цифрлы форматқа көшіру назарға алынады. Бұл арада мектеп оқышыларын отаншылдыққа тәрбиелеу үшін мектептерде тарихи-өлкетану қозғалыстарын өрістеу қажеттілігі туындайды.

Екіншіден, Ұлы даланың Әл-Фараби, Ясауи, Күлтегін, Бейбарыс, Әз-Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай сияқты ұлы перзенттерін   және басқа да тұлғалар арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу үшін «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар мен ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу, «Ұлы дала тұлғалары» ғылыми-көпшілік серияларын шығару, «Ұлы дала» ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу уақыт талабына айналып отыр.

«Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізу, ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының  қабырғаларын ішінәра қалпына келтіретін туристік жобалар да маңызды. Дала фольклорының антологиясын жасау, тарихи кино және телевизия туындыларын шығару да кезек күттірмес міндет. Мұның бәрі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған жаңа жобалары.

Ұлы даланың ұлылығын ұрпақ санасына сіңіріп, одан әрі әлемге танытуда бұл жобалардың маңызы зор. Бұл шараларды жүзеге асыруға атсалысу жоғары оқу орындарына да зор міндеттер жүктейтіні белгілі. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыратын әрі толықтыратын «Ұлы даланың жеті қырына» біздің оқу орнымыздың профессор-оқытушылары мен студенттерінің де белсене атсалысатынына сенімдімін.

Қысқасы, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегін оқи отырып, оның халқымыздың тарихына, мәдениеті мен руханиятына, болашағына деген жанашырлығына, патриотығына таң қалмауың мүмкін емес. Елінің жоғын жоқтап, тарихын түгендеп, ұрпағының қамын ойлаған Елбасына халқымыздың ризашылығы шексіз.

Такир Балықбаев,

Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университетінің

ректоры, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Орал қатты қалдықты өңдеуге кірісті

18.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдан» ұтылды

18.02.2019

Семейде математикадан аймақтық олимпиада өтті

18.02.2019

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған жас батыр марапатталды

18.02.2019

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

18.02.2019

Жетісу кәсіпкерлері көшелерді  жарықтандыруға кіріседі

18.02.2019

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

18.02.2019

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

18.02.2019

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

18.02.2019

Алматыда 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады

18.02.2019

Астана-Қарағанды тас жолы қатты бұрқасын салдарынан жабылды

18.02.2019

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

18.02.2019

Атақты дизайнер қиын жағдайға тап болған әйелдерге 50 киім үлгісін сыйлайды

18.02.2019

2018 жылы қызылшамен ауырғандар саны өскен

18.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

18.02.2019

Ақтаулық ата-аналар Оксфордтық курсты оқыды

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі Эверестің биіктігін қайта өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу