Тыныштық бар жерде бақ тұрады

1992 жылдың мамыр айы еді. Бір шаруамен Өскемен қаласына барып, сондағы «Өскемен» қонақ­үйіне табан тіредік. Кештетіп далаға шықсақ, қонақүйдің маңайы толған сақшы-қосшылар. «Не болды?» десек, біз жатқан мәртебелі қонақүйге Түркиядан аса қадірлі мейман келіп түсіпті. Мына шапқын сол адамның «қамы» көрінеді. 
Егемен Қазақстан
10.05.2017 867
2

О, жасаған, күллі жұрт түрік деп дүрлігіп жүрген қонақ кәдімгі өзіміздің Халифа Алтай атамыз екен. Жарықтық көзіме оттай басылды. Бір көру арман болып жүрген ардақты қарияның кездескен жерін қарамайсыз ба! «Ассалау­мағалейкумді» азандата созып, иіліп барып атаның ыстық алақанын қос қолдап қымқыра ұстадым. Атамыз бәсең дауыспен сәлемімді алды. Шүй­десі еңкіш тартқан жұқалтаң адам екен, «бұл кім болды» дегендей, бетіме бажайлап қарап алды да, үнсіз отыра берді. Қасында қазір көзі тірі жүр­ген апамыз Бәтіш (Бибәтіш Жүніс­қызы) бар екен. Қайта апамыз: «Төр­лет, қарағым, қайдан жүрсің?» деп қазақы әдетпен жөн сұрай қалғаны. Маған да осы сұрақ керек еді... Қай­да туып, қайдан келгенімді айтып сарна­дым келіп. Атамыз үнсіз тың­дап отыр. Бір кезде бұрылып қарады. – Жөн, қарағым, Қобда бетінің қазағы екенсің ғой... – деп әңгіме ауанын өзі кеңітіп, ана-мынаны сұрап... әңгі­менің көші түзелгендей болғаны.
– Мен де қарап қалмай, ақсақалдың бұл қалаға неге келгенін сұрадым. Жа­рық­тық көпті көрген көрік кеудесін бір көтеріп қойып, шанағы кепкен көне домбыраның үніндей қоңыр даусымен сөз бастады. Менің түсінгенім: атамызды бала кезінде оқытқан найман-сарыжомарт ұстазы болған екен. Сол кісі 1960-жылдары арғы беттен осы жаққа өтіпті. Соны іздеп келген беті. Тірі болса, көзін көріп, батасын алмақ, жоқ болса, үрім-бұтағын тауып, батасын бермек.
Осы мәселе бойынша ертеңінде атам екеуміз іздеуді бастадық. Алды­мен облыстық «Дидар» газетінің редак­циясына бардық. Ақсақал осы жер­ден ұстазының дерегін де тапты. Ерте­ректе Күршім жақта қайтыс болыпты. Кейін жарықтық сол ұстазының немере қызын әдейі Алматыға алдырып, өзінің үйінде тұрғызып, оқуын аяқтатты. Өз басым әлі күнге дейін осы оқиғаны есіме аламын. Ұстазға деген неткен құрмет, неткен адалдық...
Күн бесін ауғанда атаммен бірге қоналқы орынға келіп жайғастық. Бұл кісілер таңмен таласа жолға шық­пақшы. Содан қарап отырмай әңгіме өрбіттім. Бір жыл бұрын от орнымнан ұшып атажұртқа қоныс тепкенімді айта келіп, тұрмыстық жағдайдың онша болмай тұрғанын, «атамекен деп аңсап жеткенде...» деп өзімше іштегі шер-шеменді төгіп жатырмын. Атам жарықтық үңіліп бетіме қарады (бұл не айтып кетті дегендей). Орнынан тұрып келіп, қарсы алдыма отырды. «Қарағым, – деді. – Сен бақытты адам­сың, мен сияқты жер әлемді шырқ ай­налып, тісі барға тістетіп, азуы барға алдырып, арман болған атамекенге зорға жетіп отырған жоқсың. Мені тыңда, шырағым, 1930-жылдары Алтайдан ауа көшіп Гансу өлке­сіне келгенде біз 18000 адам едік. Осы­лардан 5000 адам Тибетке тірі өттік. 1941 жылы Үндістанға 3000 адам өтіп, 1942 жылы осыдан 1000 адам ғана тірі қал­дық». Ақсақал осыны айтып, терең күр­сінді. Аздан соң әңгімесін қайта жалғады.
«1941 жылдың күзінде босып жүріп Үндістанның Мұзапар-Абат қаласына зорға жеттік. Қаланың айналасын қалың қарағайлы тау қоршаған. Біз өзеннің бергі шетіне шатыр тігіп орналастық. Күнде жаңбыр. Су тамшылары баспана­мыздан өтіп, көрпе-жастық, киім-кешек түгел көгеріп кетті. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, ұзақ жауған жаңбырдың салдары ма, жаппай ауру-дертке ұшырадық. Көп адам есінен ауы­сып, жынданып кетті. Біреулердің бет-аузы ісіп, тұла бойына жара қаптап, тіпті тірідей тістері ші­ріп кеткендер қаншама. Күн сайын оншақты адам ажал құшады. Өлген адамдарымызды қалалық зиратқа немесе қоныс сыртына жерлетпейді, рұқ­сат жоқ. Шатырдың сыртында қарулы әскери күзет. Амалсыз өлген адамдарды шатырлардың арасындағы бос жерлерге көміп, өзіміз олардың зиратын жастанып, өлгендермен бірге өмір сүрдік. Ешкім бізді азаматтыққа қабыл­дамады. Жанымызды жалдап күн көрдік. Жер бөтен, салт бөтен елде өмір сүрудің қиындығын бас­тан өткердік. Шырағым, құдай берген құтты шаңырағыңа реніш айтушы болма! Қазіргі азаттықтың қадірін біл­месең, ешқашан ел болмайсың, балам! Тыныштық бар жерде бақ тұрады!»
Адамдардың пендешілікпен өмір­дегі аз-кем қиындыққа төзбей, өкпе-назын білдіргенде, Халифа ақсақалдың айтқаны есіме түседі. Біз барды дер кезінде бағалай алмай жүрміз-ау...

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу