Ұлт рухының инвесторы

Атамыз қазақ «Елге ел қосылса – құт, елден ел айырылса – жұт» деп бекер айтпаған екен. Қазақ ұлты өткен ғасырларда талай жұтты бастан кешірді. Демограф ғалым Мақаш Тәтімов 1994 жылы жарық көрген  «Демографиялық кескін» атты жазбасында: әрқилы саяси-экономикалық қыспақтың кесірінен – өлгені бар, шекарадан тыс жерге босып кеткені бар, соңғы үш ғасырда қазақ халқының 6 млн 600 мың адамға кемігені жайлы деректі көлденең тартады. 
Егемен Қазақстан
21.06.2017 204
2

Бірақ «орнында бар оңалар» деген дейін өткен ғасырдың 50-ші  жылдарының ортасынан бастап, ертеректе Қытай еліне босқан қазақтар біртіндеп атажұртына орала бастады. Оларды соғыстың салдарынан қирап қалған ел экономикасын көтеру үшін жұмыс күші ретінде еңбекке тарту көзделді. Дәл осы оқиғамен қарайлас 60-жылдары Қытайда «Мәдени төңкеріс» атты саяси науқан жүргізілді де, Шынжаң өлкесінде өмір сүріп жатқан қазақтардың шаруашылығына зор нұқсан тигізді.
Көрші елдегі экономикалық толқу­дың барысын қадағалап отырған Кеңес Одағы қазақтарды қайтарып алу үшін 1962 жылы сәуір айының 15-30 аралығында 15 күн бойы шекараны бірнеше жерден ашып тастады. Осы аралықта Бақты шекара бекеті маңынан 150 мың адам, Жәркент және Күзуін зас­тавасы маңынан 50 мың  адам, ресми құжатта көрсетілгендей барлығы –  200 мың қазақ шекара асып, атамекенге оралды.
Бұл көш – ұлт тарихындағы тең­дес­с­із оқиға ретінде бағалануы тиіс. Өйт­кені, бұл қазақтар –  бейбіт күнгі ел экономикасының өрлеуіне, дәстүрлі этномәдениеттің үзілмеуіне, әсіресе, демографиялық өсім мен тіл­дің, қол­данбалы өнер мен ұлттық музыка жанрының өркендеуіне орасан зор үлес қос­ты. Демографтардың мәліметіне сүйенсек, осы жылдары шекара асқан елдің ұрпағы қазір 2 млн-ға өскен. Және қандай ұрпақ, уызға жарыған ұлағатты ұрпақ. Бүгінгі таңда ел мәдениеті мен экономикасының әр саласында түрен салып жүрген 60-жылдары «қытай асып келген шалдардың» тұқым-тұяғы қазір мық шегедей мығым қауымға айналды.  Елге ел қосылса – құт деген осы емес пе?! 
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан кейін елімізге «екінші құт» оралды. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда рес­публика өзінің тәуелсіздігін жарияласа, арада 24  күн өткенде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 
10 қаңтар күні дүниежүзі қазақтарына «Отанға оралыңдар!» деп үндеу тастады. Сөйтіп, екінші құт – көш басталды.
Содан бері туған топырағына шетелден жүз мыңдаған қазақ оралды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігі Көші-қон қызметі ко­ми­те­ті­нің бас маманы Марат Тоқ­сан­ба­евтың бізге берген мәліметіне жүгінсек, 1991 жылдан бастап 2016 жылдың 
1 қаңтарына дейін Қазақстанға шетелден 261 104 отбасы, 957 772  қазақ оралған екен. Ал биылғы 2017 жылдың алғашқы тоқсанында елімізге сырттан 2601 отбасы, 4860 қазақ азаматы қоныстаныпты. Бұлардың дені, яғни 60 пайыздан астамы өзбекстандық қандастарымыз. 
Атажұртқа оралған бауыр­ла­ры­мыздың арасында Қырғыз Ұлттық ғы­лым академиясының академигі, ға­лым-дәрігер Сейітхан Жошыбаев, еліміз Елтаңбасының авторы, профессор Жандарбек Мәлібеков, еліміз бойынша маңдайалды теолог-ғалым Әшірбек Мүмінов,  түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы бастаған 77 ғылым докторы мен 223 ғылым кандидаттары бар.
Бұған егін һәм мал шаруашылығын игеруге бейім, әрі сауда-саттық, кіші кәсіпкерлікпен айналысуға қабілетті, электронды құрал-бұйымдарын пайдалану арқылы жаңа  заман технологиясын шебер меңгерген қытайлық қазақтарды қосып қойыңыз. Ресми емес домалақ  есеп бойынша қазіргі күні 5 млн-нан астам қазақ шетелде жүр. Осы  қан­дастарымыз түп қопарылып көшіп ке­лер болса Қазақстанға, соның ішінде қазақ  руханиятына аса қуатты толқын  қосылар еді. 
Сөзімізді түйіндеп айтар болсақ, Қазақстанның жер асты, жер үсті байлығы – көмірі мен теміріне, мұнайы мен газына, түсті металдарына, электр энергиясына, бидайы мен астығына шетелден инвестор тарта аламыз. Олар еліміздің экономикалық қан-тамырына қаржы құйып әл-ауқатымызды сақай­та­ды. Бірақ бұл инвесторлар мың жерден бай болса да, қазақтың ұлттық дәстүр-сал­тын дамытуға, тілін көркейтуге, ру­­хани болмысының жаңғыруына еш­қан­дай инвестиция салмайды. Өйткені, олар да экономикалық көзқарастан басқа мүдде жоқ. 
Қазақ халқы үшін ұлтқа күш-қуат беретін, тілің мен діліңді дамытатын жалғыз инвестор бар. Олар – шет­ел­дегі қандастарымыз. Әлемде сырт­тан ұлттық тұрғыдан күш-қуат ала­тын халық әзірге жалғыз қазақ. Ен­де­ше, біздің ұлттық қуатымыздың көзі –  қандастарымыз аман болсын!  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу