Алғашқы бет » Билік “Билік”

Елдік мақсаттар этностар мүддесімен ұштасқанда ұтымды

ПАРЛАМЕНТ “Егемен Қазақстанның” арнаулы беті Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткерлерді сайлау тәртібінің ерекшеліктері туралы Қазақстанның қоғамдық-сая­си жүйесінен орын алып, институттану жолына түскен Қазақ­стан халқы Ассамблеясы (ҚХА) елдегі заң шығару билігіне екінші мәрте араласып отыр. 2007 жылғы Қа­зақстандағы конституциялық ре­формаға сәйкес Парламент Мә­жілісінің 107 депутаттық орны­ның 9 орны Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдеріне ұсыныл­ғаны [...]

4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »

Парламентші пайымы

БҰЛ – САЯСИ ПЛЮРАЛИЗМ КӨРІНІСІ Мәжілісте әрқашан да пікір алуындағы болу керек. Сенат жоғары заң шығару органында өңірлік өкі­лет­тіктер­ден тұрса, Мәжіліс саяси өкілеттіктерді көрсете білуі тиіс. Бүгінгі күні Мәжілісті үш партиядан құру арқылы біз саяси плюрализмге қол жеткіздік деп айта аламыз. Мен халықтың барлық тобының, көз­қарасын осы үш партия палатада толығымен көрсете алады деп ойлаймын. [...]

4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »

Абыройлы асу деп білемін

Мен де азаматтық қоғам өкілі ретінде еліміздің демократиялық үрдістерді дамытудағы толағай жетістіктеріне тәнті болып келе­мін. Солардың қатарында, бүгінгі күнгі Конституциямызбен бекі­тіл­ген ел Парламентінің көп партиялы болуы тәуелсіз мемлеке­тіміз үшін үлкен абырой деп есептеймін. Оның халықаралық қоғамдастық алдында да мәрте­бемізді өсіретіні анық. Кешегі өткен Мәжіліс сай­лауының қорытындысы – осы Ата Заңымыздың басты құнды­лық­тарының іске асырылып жат­қан­дығының [...]

4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »

«Жезқазған – Бейнеу» темір жолын салу үдерісі жеделдетілсе игі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың биылғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында белгіленгендей, «Бейнеу – Жез­қаз­ған» темір жол желісі құрылысын 2012 жылы бастау өте маңызды. Стратегияда белгіленсе де, өкініш­ке қарай, аталған жоба 2010-2014 жылдарға арналған көліктік ин­фра­құрылымдарды дамытудың са­лалық бағдарла­масына енгізіл­мей қалған еді. Елбасы Жолдауынан кейін бұл маңызды [...]

4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »

Қарттарды қамқорлықсыз қалдырмайық

Мәжілістің соңғы жалпы отырысында депутат Дарья Клебанова зейнет жасындағы адамдарды қолдау мәселесін көтерді. Еліміз­ді дамытудың стратегиялық жос­парында орташа өмір сүру жасын 72-ге жеткізу қарастырылған. Ал бүгінгі күні ол 68,4 жасқа тең. Адам жасын ұзарту үшін жасы үлкен адамдарды қолдау, жұмыс істегісі келетіндеріне жағдай жасау шараларын қарастыруымыз керек, дейді осы орайда депутат. Атамыз қазақ «алпысқа келгеннен [...]

4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »

Өнімдерді дамытудың уақыты жетті

ҮКІМЕТ “Егемен Қазақстанның” апталық қосымшасы Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нистрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуы­мен Спорт және дене шы­нықтыру істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда туризм және спорт­ты дамыту жұмысының қорытындылары мен алға қойылған мақсат-міндеттер талқыланды. Алқа отырысында не­гізгі баяндаманы агенттік төрағасы Талғат Ермегияев жасап, өткен жылдың қоры­тындылары мен биылға жоспарланған жұ­мыстар туралы мәліметтер берді. [...]

3 Ақпан 2012 | Үкімет | Толығымен »

Зейнетақы жүйесін жетілдіру – маңызды міндет

Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсызданды­руға құқықтары Конституцияда бекітілген. Қазақстан  қоғамдық қатынастар  өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыз­дандыру моделін таңдауды жүзеге асырды.  Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту [...]

3 Ақпан 2012 | Үкімет | Толығымен »

Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ

Елдің болашағын ойлаған Елбасы өзінің ой-армандарының жү­зе­ге асуы, елінің дамуы, білім мен ғылымды дамытумен қатар жүре­тінін әуел бастан айтып та және осы салаға үнемі көңіл бөліп те жүргенін дәлелдеп келеді. Соның бір айғағы – екі-үш жылдың кө­лемінде ашылып, білім саласына өзгерістер енгізуге батыл қадам жасап жатқан Назарбаев зияткер­лік мектептері. Соның бірегейі – химия-биология бағытымен жұ­мыс [...]

3 Ақпан 2012 | Үкімет | Толығымен »

Темір жол бойы жаңару күтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық мәселесіне тоқтала келіп: «Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады» деп атап көрсетті. Осы ретте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдағы бес жылда «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша үш жүзден астам станса мен жолайрықтарын сапалы сумен қамтуды көздеп отыр.  Осы бағдарламаның барысы туралы «Теміржолсу» АҚ-тың президенті Қуат [...]

3 Ақпан 2012 | Үкімет | Толығымен »

Ахметбековтер өсірген картоп

Заря ауылдық аумағына   қарасты  Жертұм­сық, Бірлік, Ақдала ауылдары бар.  Ауыл әкімі Марат Баткеевтің айтуынша, ауылдық аумақта 2 жарым мыңдай адам тұрады.  Балалы-шағалы, мал-жанды. Ауылда әртүрлі ұлттың өкілдері бар. Ал, осы ауылда орналасқан әкелі-балалы Рашит, Айдар Ахметбековтер басқаратын  «Заря» шаруа қожалығы  1996 жылы бұрынғы кеңшар негізінде құрылыпты. Ауыл тұрғындары осы шаруашылықта еңбек етеді. Шаруашылық жерінің жалпы [...]

3 Ақпан 2012 | Үкімет | Толығымен »

«EXPO-2017» – Қазақстан құжаттары табысталды

Таяуда Францияның Париж қаласында осы елдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Дәненов Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висент Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан атынан «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін елімізде өткізуге өтінім құжаттарының жина­ғын ресми түрде тапсырды. ХКБ-ның сараптама комиссиясы үстіміз­дегі жылдың 12-17 наурызы арасында танысу және қазақстандық құжаттар жинағымен жұ­мыс істеу мақсатымен Астанаға келмек. Сапар барысында [...]

3 Ақпан 2012 | Үкімет | Толығымен »

Қалдық қаражат тиімді жұмсалады

Облыстық мәслихаттың бесінші шақыры­лы­мының кезектен тыс екінші сессиясында депу­таттардың жаңа құрамына «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу мәселесі ұсынылды. Бұл мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас­тығы Қуантқан Әлімов  баяндады. Об­лыстық мәсли­хат депутаттарының бірауыздан қолдауымен 2012 жылдың басында құралған жалпы сомасы 613906 мың теңге бюджет қа­ражатының [...]

3 Ақпан 2012 | Үкімет | Толығымен »

Ел дамуының басты бағыты

1997 жылдан бастап Елбасымыз мемлекеттің ішкі дамуы мен сыртқы саясаттағы атқарылып жат­қан жұмыстарын, алға қойған мақ­сат-міндеттері туралы жыл сайын терең мазмұндағы Жолдау­мен Қа­зақ­стан халқына даму бағ­дар­ла­масын айқындап беріп келе­ді. Елбасымыз өзінің биылғы Жол­дауын «Әлеуметтік-экономи­калық жаңғыр­ту – Қазақстан да­муы­ның басты бағыты» деп атады. Н.Назарбаев Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналғанын атап, еліміздің одан әрі [...]

2 Ақпан 2012 | Замана,Парламент | Толығымен »

Дамудың басты бағыты

Ұлт Көшбасшысы ретінде Нұр­сұлтан Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан халқын толғандырып отырған мәселелерге нақты жауап берді. Президенттің бұл Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаң­ғыр­ту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталады. Осы сөздермен-ақ ең көкейкесті мәсе­лелер айқындалып отыр. Президент өзінің Жолдауында біздің ішкі және сыртқы саясаттағы қол жеткен табыстарымызды санамалаған жоқ. Ол бүгінде баршаға белгілі. Мемлекет басшысы біздің алды­мызға [...]

28 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »

Стра­те­гия­лық құ­жат

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­­­ұлы На­зар­­­ба­ев­тың Қазақ­­стан хал­­қына Жол­дауы – ол әр­қа­шанда та­ри­хи ма­­ңызы жо­ға­ры, қо­ғам­да алатын орны ерекше стра­те­гия­лық құ­­жат. Себебі, бұл Жол­дауда елі­міз­ді одан әрі дамы­ту, әрбір отба­­­сы­ның, әрбір аза­мат­тың жағдайын одан әрі жақ­сарту, халқымыздың бірлігін, тыныш­тығын қор­ғау жолдары нақ­ты атап көр­сетілген. Ал біздің ең негізгі бағытымыз – әлеу­меттік жаңғырту болып табылады. Сон­­дық­тан, біз [...]

28 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »

Парламентші пайымы

Ғарифолла ЕСІМ, Сенат депутаты: – Елбасының биылғы Жол­дауы «Әлеуметтік-эко­но­микалық жаңғырту – Қа­зақ­стан дамуының басты бағыты» деп аталыпты. Неге бұлай аталып отыр? Өйт­кені, қазір әлемде орын алып жатқан әлеуметтік-эко­номикалық және саяси оқиғалар бейбітсүйгіш адам­ның көңілінен шығатындай жағдайлар емес. Көптеген елдерде эконо­ми­калық дағдарыс әлеу­меттік, сая­си жағдайларға да кері әсерін тигізуде. Еуропа, АҚШ, араб елдеріндегі орын алып жатқан [...]

28 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »

Қарқынды даму негізі

ҮКІМЕТ “Егемен Қазақстанның” апталық қосымшасы Тарих табалдырығын аттаған жылды әлем  жұртшылығы бір күдік, бір үмітпен қарсы алды. 2008 жылы мұхиттың арғы жа­ғынан бастау алған жаһандық қар­жы дағдарысы талай елдің экономикасын тығырыққа тіреп, кәрі құрлықтың дамыған елде­рінің өзін тұралатты. Еуроодақ аймағында дағдарыстың зардаптары тереңдеп кетті. Жалпы ал­ғанда, қазіргі күні әлемдік экономикада құлдырау кезеңі белең алды. Еуропаның [...]

27 Қаңтар 2012 | Үкімет | Толығымен »

Жарық пен жылу – әр үйге

Бойынан шуақ таратып тұратын адамдар жайында айтқанда жанынан жарық шашқан, жүрек жылуы, жан жылуы деп жатамыз. Ал осы жарық пен жылу әсіресе дәл қазіргідей қыстың қыраулы күндерінде әрбір үйге, әрбір отбасына, әрбір ошаққа қажет-ақ. Халықты жылу мен жарыққа бө­лейтін игілікті істің басы-қасында тұрған, қуат өндіруші ірі компаниялардың қата­рын­да «Алматы электр стансалары» АҚ-ты атай аламыз. Осынау [...]

27 Қаңтар 2012 | Үкімет | Толығымен »

Инспекция да, көлік те жаңа

Үстіміздегі жылдың басынан бастап республиканың Ауыл шаруашылығы министр­лі­гінде Ветеринарлық бақылау мен қа­дағалау комитеті қайта құры­лып, соған сәйкес облыстарда оның аумақтық бөлімшелері қалпына келтірілген болатын. Бұл мал шаруашылығын дамы­ту­ға, еліміздің барлық аймақта­рында табиғи ортаның қалып­ты­лығын қамтамасыз етуге жа­салған маңызды шара болып табылады. Сонымен қатар ветери­нарлық бақылау мен қадағалау аумақтық инспекциялары облыс­тағы ветеринария қызметін, түлік­тің түрлерінен өндірілетін [...]

27 Қаңтар 2012 | Үкімет | Толығымен »

«НефтеГаз-Дем» – қайырымдылығы мол қор

Жинақтаушы зейнетақы қорлары тәуел­сіздікпен ере келген қаржы құрылымы.  Бастапқыда бұл қорларға күдікпен қарау­шылар да болды. Дегенмен, уақыт өте келе бұл қаржы институттары өздерінің қарапайым халық үшін қызмет ететінін көрсетті. Соның ішінде «НефтеГаз-Дем» ЖЗҚ» акционерлік қоғамының орны ерекше.  Бұл акционерлік қоғамды 1997 жылы 29 желтоқсанда Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстанның мұнай-газ секторындағы кәсіпорындар мен  ұйымдары құрды.  Қор [...]

27 Қаңтар 2012 | Үкімет | Толығымен »

Халыққа жағдай жасайтын бағдарлама

Қоғамның басты байлығы адам өмірін жақсарту мен тұр­мысын жеңілдету бүгінгі сая­сат­тың басым бағыты болып отыр. Елбасы осы маңызды мә­се­леге ерекше мән беріп, ха­лықтың күнкөрісін жақсарту мен жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын қабылдау мінде­тін қойған болатын. Осылайша қазақстандықтардың еліміздегі ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігіне жол ашылып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы әзірленді. Жетісу жерінде де жүйелі жұмыстар жалғасын тауып, іске [...]

27 Қаңтар 2012 | Үкімет | Толығымен »

Үш айда 1 миллион таза табыс

Сонау бір жылдары көше­дегі алақандай қағаз жапсыруға болатын орындар құлақтанды­ру­дан көз сүріндіретін. Жұмыс­қа шақырады. Күніне 100 дол­ларға дейін табыс табасың деп қояды. Арандап қалғандар көп. Түрлі косметикалық өнімдер, арықтататын, семіртетін, мұхит жалдап келген күмәнді дәрі-дәрмектер. Келісім-шартқа отыр­ған соң мойныңа іліп қояды. Сата алсаң пайдасын көресің, сата алмасаң қалтаңнан күйе­сің. Барған жұрттың ебіл-дебілі шығып кеткен. Ал [...]

27 Қаңтар 2012 | Үкімет | Толығымен »

«Жасыл белдеу» жайқалмақ

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру жобасының операторы НКОК компаниясы жасыл белдеу аймағын іске асыруға кірісті. Бұл жоба аясында Атырау қаласынан шамамен 35 шақырым қашықтағы «Бола­шақ» мұнай-газ кешенін дайындау қондыр­ғысы мен «Самал» вахталық кент аралы­ғында 137 мың түп ағаш отырғызбақ. Мұны компания басшылары қорғаныш орман алқабы болады деп сендіреді. Алқаптың аумағы 27 гектарды алып жатыр. Осы [...]

27 Қаңтар 2012 | Үкімет | Толығымен »

Бетон зауыты іске қосылды

Өзге елдердің құрылыс материалдарына тәуелділіктен арылуға бет бұрған мұнайлы өңірде іске қосылған жаңа жобаның қатарына бетон зауытының өнім шығара бастағанын қосуға болады. Бұл зауыттың құрылысын «Шырақ-ПВ» компаниясы қаржыландырыпты. Компания директорлар кеңесінің төр­аға­сы Аман Қабидың мәлім етуінше, жаңа за­уыт­та шығарылатын құрылыс саласына қажетті өнімдер сапасы өте жоғары болмақ. Өйткені, компанияның еліміздің өзге де өңірлерінде шығара­тын осындай [...]

27 Қаңтар 2012 | Үкімет | Толығымен »

Парламентші пайымы

Ақан Бижанов, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы: – Еліміз экономикасының стратегиялық бағыты туралы айтқан сөзінде Елбасы әлеуметтік салаға да ерекше назар аударды. Осы ретте Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру, халықты жұмыспен қамту, бюджет саласында жұмыс істейтіндер жалақысы мен зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды өсіру қажеттігіне ден қойды. Сонымен қатар, мәдениетті дамыту, жаңа интеллектуалды ұлт қалыптастыру [...]

21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »

Ұлттық қорға – ұтымды жұмыс

Сенаттың соңғы отырысында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры туралы» Заң қабылданды. Осы заң нені көздейді, қор жұмысын жетілдіруге қалай әсер ете алады, қандай мақсаттарды ұстанған деген сұрақтар төңірегінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ерболат МҰҚАЕВПЕН әңгімелескен едік. – Әл-ауқат қорының өзі не үшін қажет екендігін халық бі­ле­ді, дегенмен, оның экономикасы жоғары дамыған Малайзия, Син­гапур се­кіл­ді елдердің озық [...]

21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »

Ризашылық білдірді

Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов Литва Республикасы Сеймінің депутаттары Эдмундас Пупиниспен және Юлиус Сабатаускаспен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспа­сөз қызметі. Кездесу барысында О.Әбді­кәрімов Парламент Мәжілісіне сай­лауды байқауға қатысқаны үшін литвалық әріптестеріне ри­за­шылық білдірді. – Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, ай­қын және әділ сайлау өткізуге мүд­делі, – деп атап өтті қазақ­стан­дық парламентші. Литвалық [...]

21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »

Парламент – қоғамдағы мәселелердің күрмеуін шешетін кілт

Күні кеше ғана елдің саяси өміріндегі тағы бір саяси белес – Парламент Мәжілісі мен мәс­ли­хат депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс бердік. Сайлауда дауыс беру – әр адамның азамат­тық парызы. Сайлау – демократияны жүзеге асырудың ең маңызды құралы. Азаматтар сайлау арқы­лы ғана тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысады, мемлекеттік және жер­гілікті органдардың жұмысына араласады. [...]

21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »

Жауапкершілік жүгі ауыр

Қазақстандықтар жаңа жылдың алғашқы айында өткен Парламент Мәжі­лісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауын алдағы ұлу жылының жақсы қадамы ретінде қабылдады. Демек, 2012 жыл сәтті басталды. Бұл жаһандану жағаға жармасып, ұлттық сана мен бізге жат иделогия «кіретін» есік таппай жандалбасалаған, шындық жалғандықпен арбасқан тұста халықтың жоғары саналылық танытуымен өркениет көшінің көлікті болатынын тағы бір дәлелдеді. Бірлігіміздің, тірлігіміздің [...]

21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »

Көпір инспекциясы құрылса…

Біздің Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдауымызға ұзақ жыл­дар бойы көпір құрылғыларын зерттеумен және оның құры­лы­сымен айналысып келген отандық мамандардың арызы себеп болды. Көпірлер мен құбыр желілері стратегиялық объектілер болып табылатыны белгілі. Сондықтан темір-бетон көпірлерінің құрылғы­ларын жасауға ерекше талаптар қойылып, олар 3.06.04-91 «Көпірлер мен құбырлар» құрылыс нормалары ережелерімен және «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының [...]

21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »