ПАРЛАМЕНТ “Егемен Қазақстанның” арнаулы беті Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткерлерді сайлау тәртібінің ерекшеліктері туралы Қазақстанның қоғамдық-саяси жүйесінен орын алып, институттану жолына түскен Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) елдегі заң шығару билігіне екінші мәрте араласып отыр. 2007 жылғы Қазақстандағы конституциялық реформаға сәйкес Парламент Мәжілісінің 107 депутаттық орнының 9 орны Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдеріне ұсынылғаны [...]
4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »
БҰЛ – САЯСИ ПЛЮРАЛИЗМ КӨРІНІСІ Мәжілісте әрқашан да пікір алуындағы болу керек. Сенат жоғары заң шығару органында өңірлік өкілеттіктерден тұрса, Мәжіліс саяси өкілеттіктерді көрсете білуі тиіс. Бүгінгі күні Мәжілісті үш партиядан құру арқылы біз саяси плюрализмге қол жеткіздік деп айта аламыз. Мен халықтың барлық тобының, көзқарасын осы үш партия палатада толығымен көрсете алады деп ойлаймын. [...]
4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »
Мен де азаматтық қоғам өкілі ретінде еліміздің демократиялық үрдістерді дамытудағы толағай жетістіктеріне тәнті болып келемін. Солардың қатарында, бүгінгі күнгі Конституциямызбен бекітілген ел Парламентінің көп партиялы болуы тәуелсіз мемлекетіміз үшін үлкен абырой деп есептеймін. Оның халықаралық қоғамдастық алдында да мәртебемізді өсіретіні анық. Кешегі өткен Мәжіліс сайлауының қорытындысы – осы Ата Заңымыздың басты құндылықтарының іске асырылып жатқандығының [...]
4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында белгіленгендей, «Бейнеу – Жезқазған» темір жол желісі құрылысын 2012 жылы бастау өте маңызды. Стратегияда белгіленсе де, өкінішке қарай, аталған жоба 2010-2014 жылдарға арналған көліктік инфрақұрылымдарды дамытудың салалық бағдарламасына енгізілмей қалған еді. Елбасы Жолдауынан кейін бұл маңызды [...]
4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »
Мәжілістің соңғы жалпы отырысында депутат Дарья Клебанова зейнет жасындағы адамдарды қолдау мәселесін көтерді. Елімізді дамытудың стратегиялық жоспарында орташа өмір сүру жасын 72-ге жеткізу қарастырылған. Ал бүгінгі күні ол 68,4 жасқа тең. Адам жасын ұзарту үшін жасы үлкен адамдарды қолдау, жұмыс істегісі келетіндеріне жағдай жасау шараларын қарастыруымыз керек, дейді осы орайда депутат. Атамыз қазақ «алпысқа келгеннен [...]
4 Ақпан 2012 | Парламент | Толығымен »
1997 жылдан бастап Елбасымыз мемлекеттің ішкі дамуы мен сыртқы саясаттағы атқарылып жатқан жұмыстарын, алға қойған мақсат-міндеттері туралы жыл сайын терең мазмұндағы Жолдаумен Қазақстан халқына даму бағдарламасын айқындап беріп келеді. Елбасымыз өзінің биылғы Жолдауын «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп атады. Н.Назарбаев Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналғанын атап, еліміздің одан әрі [...]
2 Ақпан 2012 | Замана,Парламент | Толығымен »
Ұлт Көшбасшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан халқын толғандырып отырған мәселелерге нақты жауап берді. Президенттің бұл Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталады. Осы сөздермен-ақ ең көкейкесті мәселелер айқындалып отыр. Президент өзінің Жолдауында біздің ішкі және сыртқы саясаттағы қол жеткен табыстарымызды санамалаған жоқ. Ол бүгінде баршаға белгілі. Мемлекет басшысы біздің алдымызға [...]
28 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – ол әрқашанда тарихи маңызы жоғары, қоғамда алатын орны ерекше стратегиялық құжат. Себебі, бұл Жолдауда елімізді одан әрі дамыту, әрбір отбасының, әрбір азаматтың жағдайын одан әрі жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау жолдары нақты атап көрсетілген. Ал біздің ең негізгі бағытымыз – әлеуметтік жаңғырту болып табылады. Сондықтан, біз [...]
28 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Ғарифолла ЕСІМ, Сенат депутаты: – Елбасының биылғы Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталыпты. Неге бұлай аталып отыр? Өйткені, қазір әлемде орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғалар бейбітсүйгіш адамның көңілінен шығатындай жағдайлар емес. Көптеген елдерде экономикалық дағдарыс әлеуметтік, саяси жағдайларға да кері әсерін тигізуде. Еуропа, АҚШ, араб елдеріндегі орын алып жатқан [...]
28 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Ақан Бижанов, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы: – Еліміз экономикасының стратегиялық бағыты туралы айтқан сөзінде Елбасы әлеуметтік салаға да ерекше назар аударды. Осы ретте Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру, халықты жұмыспен қамту, бюджет саласында жұмыс істейтіндер жалақысы мен зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды өсіру қажеттігіне ден қойды. Сонымен қатар, мәдениетті дамыту, жаңа интеллектуалды ұлт қалыптастыру [...]
21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Сенаттың соңғы отырысында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры туралы» Заң қабылданды. Осы заң нені көздейді, қор жұмысын жетілдіруге қалай әсер ете алады, қандай мақсаттарды ұстанған деген сұрақтар төңірегінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ерболат МҰҚАЕВПЕН әңгімелескен едік. – Әл-ауқат қорының өзі не үшін қажет екендігін халық біледі, дегенмен, оның экономикасы жоғары дамыған Малайзия, Сингапур секілді елдердің озық [...]
21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов Литва Республикасы Сеймінің депутаттары Эдмундас Пупиниспен және Юлиус Сабатаускаспен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында О.Әбдікәрімов Парламент Мәжілісіне сайлауды байқауға қатысқаны үшін литвалық әріптестеріне ризашылық білдірді. – Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, айқын және әділ сайлау өткізуге мүдделі, – деп атап өтті қазақстандық парламентші. Литвалық [...]
21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Күні кеше ғана елдің саяси өміріндегі тағы бір саяси белес – Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс бердік. Сайлауда дауыс беру – әр адамның азаматтық парызы. Сайлау – демократияны жүзеге асырудың ең маңызды құралы. Азаматтар сайлау арқылы ғана тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысады, мемлекеттік және жергілікті органдардың жұмысына араласады. [...]
21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Қазақстандықтар жаңа жылдың алғашқы айында өткен Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауын алдағы ұлу жылының жақсы қадамы ретінде қабылдады. Демек, 2012 жыл сәтті басталды. Бұл жаһандану жағаға жармасып, ұлттық сана мен бізге жат иделогия «кіретін» есік таппай жандалбасалаған, шындық жалғандықпен арбасқан тұста халықтың жоғары саналылық танытуымен өркениет көшінің көлікті болатынын тағы бір дәлелдеді. Бірлігіміздің, тірлігіміздің [...]
21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Біздің Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдауымызға ұзақ жылдар бойы көпір құрылғыларын зерттеумен және оның құрылысымен айналысып келген отандық мамандардың арызы себеп болды. Көпірлер мен құбыр желілері стратегиялық объектілер болып табылатыны белгілі. Сондықтан темір-бетон көпірлерінің құрылғыларын жасауға ерекше талаптар қойылып, олар 3.06.04-91 «Көпірлер мен құбырлар» құрылыс нормалары ережелерімен және «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының [...]
21 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен палатаның кешегі пленарлық отырысының күн тәртібінде он мәселе қаралды. Оның соңғы төртеуі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста бірінші оқылымда мақұлданған заң жобалары болып табылады. Ең алдымен депутаттар назарына Жоғарғы Сот судьялары М.Әлімбеков пен Ж.Бәйішевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты судьялық лауазымдарынан босату ұсынысы енгізілді. Олар Еуразиялық экономикалық бірлестік сотының судьялары қызметіне [...]
20 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті. Онда депутаттар Жоғарғы Сот тарапынан ұсынылған үш заң жобасы қаралды. Жалпы күн тәртібіне он екі мәселе шығарылып, олардың барлығы да өз шешімдерін тапты. Алдымен депутаттар назарына «Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылды. Оның атауы Астанадағы 2011 жылдың 28-30 маусымында өткен [...]
19 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары – Атқарушы хатшысы, Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ТМД миссиясының басшысы Владимир Гаркунмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Төраға орынбасары парламенттік сайлауға қатысқаны үшін ТМД байқаушыларына алғыс айтты және «қазақстандық тарап халықаралық байқаушылардың жұмысына [...]
17 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Парламент «Егемен Қазақстанның» арнаулы беті Кеше Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Заң жобасымен еңбек қатынастарын құқықтық реттеу сапасын көтеру арқылы еңбек заңнамасын жетілдіру, жұмысшылардың, жұмыс берушілердің және мемлекет мүдделерінің орнықты тепе-теңдігін қамтамасыз ету, еңбектің халықаралық [...]
14 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Саяси билікке араласудың кең тараған және әркімге тең мүмкіндік берілген түрі сайлау болып табылады. Сонымен қатар, сайлау – демократияны жүзеге асырудың ең маңызды құралы. Азаматтар сайлау арқылы ғана тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысады, мемлекеттік және жергілікті органдардың жұмысына араласады. Дегенмен де, бұл мәселенің орындалуы көп жағдайда елдегі саяси режім мен азаматтардың [...]
14 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Ойлан, Ойлан, ардақты аға… ойлан дос! Болады ертең парасатты пайдаң кеш. Күн өткізбе бос күлкімен…күйбеңмен, Құр өткізбе салтанатты сайлауды еш. Бұл қазақта болған емес пейіл тар, Өкінбеуің үшін ертең, кейін сәл. Замандасым, адал досым, ал, қазір, Ақыныңның айтарына зейін сал: Айтулы күн емес бізге енді алыс, Үміткерлер үшін бәйге, ол – жарыс. Елі сүйген болсын [...]
14 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Сенаттың соңғы отырысында депутаттар Мұрат Мұхамедов, Жабал Ерғалиев, Ерболат Мұқаев және Асхат Күзеков Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдады. Онда сенатор халқымыздың ішімдікке үйір болып бара жатқанына назар аударған. «Ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені, қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені», деп халық бекер айтқан жоқ болар. Ішімдікке әуестенушілік, әсіресе, жасөспірімдер мен қыз-келіншектердің арасында кең [...]
14 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешенін индустриялық-инновациялық дамыту арқылы елімізде арзан да сапалы азық-түлік өнімдерінің молшылығын жасау, оның экспорттық әлеуетін көтеру міндеттерін қойды. Бүгінде бұл міндеттерді орындауда инновациялық даярлығы мен тәжірибесі бар білікті де білімді мал шаруашылығы мамандарының, мал дәрігерлері мен зоотехниктердің жетіспеушілігі қатты сезілуде. Соған қарамастан, соңғы жылдары, елімізде аталған сала бойынша мамандар даярлау [...]
14 Қаңтар 2012 | Парламент | Толығымен »
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті пленарлық отырысында биылғы жыл отырысы қорытындыланды. Одан белгілі болғанындай, биыл 36 жалпы отырыс өткізіліп, 152 заң қабылданыпты. Сенат Төрағасы олардың ішінде қоғамымыздағы тәртіпті бақылауды нығайтуға, еліміздегі экономиканы өркендетуге қажетті заңдар көп екендігін баса айтып өтті. Соның ішінде Қазақстанның жеткен жетістіктерін айқындайтын тарихи-саяси-құқықтық құжат – Қазақстан [...]
29 Желтоқсан 2011 | Парламент | Толығымен »
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған палата депутаттары ГФР ІІМ Парламенттік Статс-хатшы, Федералдық үкіметтің көші-қон және аз ұлттар жөніндегі уәкілі, Қазақстанда тұратын немістер мәселесі жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Кристоф Бергнермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Германияның екіжақты қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. «Германия Қазақстанның Еуропадағы маңызды әріптесі болып табылады», – деді [...]
10 Желтоқсан 2011 | Парламент | Толығымен »
Лаңкестікке – лағынет Есті ел едік қой! Басымызға қаншалықты қиын-қыстау күн туса да елдігімізді сақтай білген ел едік. Ақтабан шұбырындыға ұшырап, елім-айлап көзімізден қанды жасымыз тыйылмаған замана көшінде де, ашаршылықтың зардабын тартып, сүйегіміз ақ жаңқа болып шашылып қалған қарғысты кезеңдерде де естілігімізден бір танбай, ел мен жерді сақтап қала алған ел едік. Жаттың көзіне түспесін, [...]
7 Желтоқсан 2011 | Парламент | Толығымен »
ПАРЛАМЕНТ “Егемен Қазақстанның” арнаулы беті Осынау тарихи мерзім ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстанның әрбір азаматы мақтанышпен айта алатын жағдайға қолымыз жетті. Қазіргі өмірдің бізді бұрын бастан кешірмеген, ойымызға кірмеген ұлы өзгерістерге бастап алып келе жатқан екпінді ұмтылысын, соның куәсі ретінде көруге болады. Ел экономикасында батыл да жүйелі, жігерлі де жедел өзгерістер жүргізіліп, тың [...]
12 Қараша 2011 | Парламент | Толығымен »
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің бастамасы бойынша депутаттар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы және Теңге сарайының басшыларымен кездесті. Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Р.Ахметов Ұлттық валюта – теңге күні қарсаңында өтіп отырған кездесудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан теңгесі 1993 жылғы 15 қарашада Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен айналымға енгізілген болатын. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында [...]
12 Қараша 2011 | Парламент | Толығымен »
Үкімет басшысының қатысуымен өткен бюджет заңнамаларын талқылаулар барысында сенаторлар өз пікірлерін бүкпесіз жеткізіп келеді. Бұл жолы палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш СҰЛТАНОВ 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетті қабылдау барысында елдің дамуына кедергі жасап отырған кейбір мәселелерге Үкіметтің назарын ерекше аударды. Бүгін соны оқырман назарына ұсынып отырмыз. Жылдан-жылға айтылып жүрген субвенциялар тәжірибесі [...]
12 Қараша 2011 | Парламент | Толығымен »
«Тағдырдың жазуымен әлемнің әр шалғайында тарыдай шашырап жүрген қандастарымыздың туған еліміздің аспанында Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреген сәтте қарашаңырақ – Қазақстанға атбасын бұрғаны баршаға мәлім. Содан бері жиырма жыл өте шықты. Осы уақыт ішінде көш көлікті болып, 300 мың отбасы атажұртқа оралды, халқымыздың саны 1 миллионнан астам адаммен толықты. Жалпыға қолжетімді деректерге сүйенсек, әлі бес миллион [...]
12 Қараша 2011 | Парламент | Толығымен »