Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен Дін істері агенттігінің өткен жылғы жұмысының қорытындылары мен алға қойған мақсат-міндеттерін талқылауға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыста алдымен негізгі баяндаманы агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріп жасап, былтырғы жылдың қорытындысы және биылға жоспарланған жұмыстар туралы мәлімет берді. Онда ол әуелі 2011 жылмен салыстырғанда еліміздегі діни бірлестіктер саны [...]
4 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің қатысуымен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда негізгі баяндаманы агенттік төрағасы Серік Нокин жасады. Алқа отырысында тұрғын үй құрылысының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың және елді мекендерді сумен жабдықтау бағдарламаларын іске асырудың аралық қорытындылары қаралды. Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жолдауында жалға берілетін тұрғын үй алаңын [...]
4 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы қызметінің қорытындылары және 2012 жылдың міндеттерін талқыға салған алқа мәжілісі болды. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Елбасының биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызын, яғни медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын әрі қарай насихаттау туралы нақты тапсырмалар бергенін алға тартты. Өткен жыл [...]
4 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда агенттіктің 2011 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланып, 2012 жылға белгіленген негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды. Алқа отырысында сөз алған Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов бірінші кезекте өткен жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндап берді. 2010 жылы қабылданған «Мемлекеттік статистика туралы» жаңа заң ұлттық статистиканың жақсаруына [...]
4 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазіргі мемлекеттің қызметтері: үрдістері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жиынына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры А.Өрсариев қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі, з.ғ.д. профессор В.Малиновский, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының «Мемлекеттік және [...]
4 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен палата бюросының отырысы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сарапқа салынды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерлерге Испания Корольдігінің қатысуына байланысты әскери мүлікті және персоналды [...]
4 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Президент биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөнінде алда тұрған жұмысқа белсене әрекет етулері тиіс екенін атап көрсетті. – Көпке созбастан, Үкімет өз жоспарын анықтап, әрекет ете бастауы қажет. Барлық іс-шараларды қаржыландыру көздерін табу керек. Әкімдер еліміз алдында [...]
3 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Р.Түсіпбеков жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимылдары бойынша қаржы полициясы органдарының ағымдағы жедел-қызметтік жұмысы туралы баяндады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес қаржы полициясы [...]
3 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды. Премьер-Министр Кеңсесінің жетекшісі болып Ерлан Қошанов тағайындалды. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып Ғабидолла Әбдірахимов тағайындалса, Мәжит Есенбаев Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы болды. «Егемен-ақпарат».
3 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Мемлекет басшысының атына қазақстандықтардан өткен парламенттік сайлауда «Нұр Отан» ХДП-ның жеңіске жетуімен құттықтаған хаттар легі әлі де толассыз келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан түріктері этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Касанов өз хатында: «Біз жер бетінде, елімізде бейбітшілік, достық пен түсіністік орнату жолындағы кемел саясатыңызды қолдаймыз. Қазіргі ұрпағымыз ел қатарлы ынтымағы ұйыған, абыройы [...]
3 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Шығыс Еуропа және Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде үстем болып тұрған күшті көлемді антициклон өз ықпалын оңтүстік ендіктен республиканың оңтүстік-батысына қарай ауыстырып, жылы ауаны одан да әрі оңтүстікке «ысырып» тастады. Жақын күндерде ол республиканың бірқатар облыстарының ауа райына ықпал етіп, суық арктикалық ауа массалары әлі сақталады, тек 4-5 ақпанда аяз аздап жұмсарып, кей жерлерде қар жауып, [...]
3 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Жұртшылықтың ілтипатына бөленіп, осыған қосар үлесім қандай деген Елбасының биылғы Жолдауында білім саласына ерекше мән берілгені белгілі. Әсіресе, жас ұрпақты қанаттандырып, топшысын бекітіп, топ жарып шығу жолына дайындау жұмыстарына келер болсақ, соның бірі 1 – 7 сынып оқушылары арасынан таланттарды табу бағытында ұйымдастырылып келе жатқан республикалық «Зерде» конкурсы дер едік. Жеті жылдан бері өтіп келе [...]
3 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
35-40 градустық аязын ала келген ақпан айы өзі атына сай «ақырып» тұр. Солтүстіктің тұрғындары суыққа әбден үйренген десек те, қыстың аты – қыс. Ауа райының осындай қытымырлығына орай облыс әкімі Ерлан Арын шұғыл түрде облыстық штаб отырысын өткізді. Қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов облыс орталығындағы жылу электр стансаларының жұмысының қалыпты жағдайда жұмыс жасап жатқандарын, апатты оқиғалардың [...]
3 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Көппартиялы негізде жұмысына кіріскен Мәжіліс кеше өзінің алғашқы жалпы отырысын өткізді. Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен отырыс барысында күн тәртібіне шығарылған он екі үкіметтік заң жобасы қорытынды әзірлеу үшін айналымға алынды. Жалпы, V шақырылымдағы Мәжілісте «Нұр Отан» мүшелерімен қатар, халықтық коммунистер, ақжолдықтар және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар бар екендігін қаперге сала кеткен жөн. [...]
2 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың, Парламент депутаттарының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда өткен жылғы жұмыстар қорытындыланып, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы жаңа міндеттер сараланды. Алқа мәжілісінде баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстан дамуының [...]
2 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісіне қатысқан Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов ТЖ министрлігі Өртке қарсы күрес комитетінің төрағасы С.Әубәкіровке төте сауал қойды: «Бүгінде Астана, Алматы қалаларында зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ондай үйлер болашақта да салынатын болады. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», осындай ғимараттарда өрт бола қалған жағдайда оған қарсы күресте қауқарыңыз қандай?» Осы бір көкейкесті [...]
2 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Көлік және коммуникация министрлігінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің қатысуымен аталған ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Онда еліміздің көлік-коммуникация кешенінің 2011 жылдағы даму қорытындылары мен 2012 жылға арналған міндеттері талқыланды. Министрліктің алқа мәжілісі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының басым бағыттары жер-жерде талқыланып, оны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары [...]
2 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда өткен жылдың есебі қорытындыланып, алдағы жыл міндеттері белгіленді. Тарифтік саясаттың негізгі бағыттарын реттеумен айналысатын агенттіктің төрағасы Мұрат Оспанов өткен жыл есебін жиналғандарға жариялады. 2011 жылы орта және ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер бойынша 51 табиғи монополия субъектісі жұмыс істепті. Ал 2010 [...]
2 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялағаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген болатын. Осы отырыста сөйлеген сөзінде Елбасы салық әкімшілігі мәселесін жақсартуды атап көрсетіп, Қаржы министрлігіне нақты міндеттер жүктеді. Осыған байланысты кеше Қаржы министрі Болат Жәмішев Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатындағы шаралар туралы мәлімдеме жасады. Мемлекет кірісінің тұрақтылығы салық әкімшілігі мәселесімен тығыз байланысты. Осыған [...]
1 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше бесінші шақырылымдағы Мәжілістің салалық комитеттері заңнамалық жұмысқа кірісті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Комитеттердің талқылауына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы өзек болды. Бүгінде комитеттер қоржынында Үкіметтен келген бірқатар заң жобалары бар. Олардың арасында Қазақстанда мемлекеттілікті нығайтуға, Кеден одағын дамытуға қатысты құжаттар бар. Тағы бір бөлігі [...]
1 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Жуырда Вена қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Австрия Республикасының Федералдық Еуропа және халықаралық істер министрлігі арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың екінші кезеңі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ырысқали Дәуренбек, ал Австрия делегациясын Австрия СІМ Консулдық-құқықтық департаментінің бас директоры – Елші Елизабет Тихи-Фисслбергер басқарды. [...]
1 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Астана қалалық ішкі істер департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Кеңесте елордалық ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Елбасының Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында полиция қызметкерлерінің алдына құқық қорғау [...]
1 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталған Қазақстан халқына Жолдауы тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттің негізгі даму бағыттарын алдағы уақытқа анықтайтын стратегиялық құжат болып табылатын Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға бағытталған дамудың негізгі он бағытын белгілеп берді. Президенттің биылғы Жолдауының [...]
1 Ақпан 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі Абдалла II бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы иорданиялық монархты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады және оған Астананың бір көшесін Король Хусейн бен Талалдың – қазіргі Иордания Королінің әкесінің есімімен атау туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың [...]
31 Қаңтар 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастауымен бірнеше нысанның құрылысымен танысқаннан кейін аймақ активімен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы Елбасымыздың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында көтерілген мәселелерге арналды. Облыс активі алдында сөз сөйлеген Қ.Мәми экономиканы нығайту мен халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру [...]
31 Қаңтар 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің қатысуымен министрліктің 2011 жылғы жұмыс қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер туралы мәселе қаралған кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алғашқы болып сөз тізгінін алып, баяндама жасаған ведомствоның жаңа басшысы Нұрлан Қаппаров министрліктің 2011 жылы атқарған қызметін егжей-тегжейлі баяндап берді. Министрліктің стратегиялық жоспарды орындау шеңберінде қоршаған орта [...]
31 Қаңтар 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовтің, сонымен бірге, Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі, орталық және өңірлік мемлекеттік органдар өкілдерінің, Парламент депутаттарының қатысуымен Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті. Онда Қаржы министрлігінің 2011 жылғы жұмысының қорытындысы және Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іс жүзіне асыру жолындағы 2012 жылға арналған міндеттері туралы мәселелер қаралды. Қаржы министрлігі Мемлекет басшысы [...]
31 Қаңтар 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Астана қалалық әкімдігінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауын талқылау мақсатында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов бірқатар сала өкілдерімен актив жиынын өткізді. Биылғы Елбасының халыққа арнаған кезекті Жолдауының ұстанымы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» болып белгіленді. Бұл орайда, өздеріңізбен жылдағы дәстүрмен Жолдауда айтылған негізгі міндеттерді анықтау үшін бас қосып отырмыз. Әр жылғы Жолдаудың [...]
31 Қаңтар 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Гендерлік мәселелер бойынша кеңесшісі Айла ван Хилмен кездесті. Кездесу барысында омбудсмен офисі мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдікті қорғау және ілгерілету мәселелері бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ван Хил ханым әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы омбудсмен офисі қызметінің негізгі бағыттары, [...]
31 Қаңтар 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »
Елбасымыздың биылғы жолдауында да әлеуметтік мәселелер кеңінен қамтылды. Оның ішінде Елбасымыз дамыған елу елдің қатарына қосылуға бастайтын бір ғана күш – елдің бірлігі мен еңбек, білімге құштарлығы екендігін баса айтты. Жолдама айқын бағдар жарқын болашаққа нағыз халыққа қамқор, халықтың мүддесін орындауға бағдар беретін, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Президент халықты батыл қадамға шақырып, биік мақсаттарды жетуге [...]
30 Қаңтар 2012 | Жаңалықтар | Толығымен »