Кеше Ауыл шаруашылығы министрлігінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің қатысуымен министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2011 жылдың жұмысы қорытындыланып, 2012 жылдың міндеттері белгіленді. Негізгі баяндаманы жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің айтуына қарағанда, өткен жыл еліміздің аграрлық секторы үшін жемісті болды. 30 миллион тоннаға жуық астық орылды. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2,2 [...]
4 Ақпан 2012 | Экономика | Толығымен »
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың және оның еншілес компанияларының кеңейтілген алқа отырысы болып өтті. Оны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев ашып, жиынның негізгі мақсаты Елбасының тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру екендігін атап көрсетті. «Самұрық-Қазына» қоры және оның еншілес компаниялары Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын сапалы және дер кезінде орындауға тиіс. Ең бастысы, еліміздің ұлттық әл-ауқатының өсуін [...]
4 Ақпан 2012 | Экономика | Толығымен »
Мұнай және газ министрлігінде ведомствоның өткен жылғы жұмыс қорытындысы шығарылып, 2012 жыл міндеттері нақтыланды. Алқа мәжілісінде негізгі баяндаманы Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев жасады. Оның айтуынша, биыл Қазақстанда 83 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілмек. Министр кейбір кәсіпорындарда өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты биылғы көрсеткіштің азаюы мүмкіндігін жоққа шығармады. Оның негізгі себептері «ӨзенМұнайГаз» көрсеткішінің [...]
4 Ақпан 2012 | Экономика | Толығымен »
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің қатысуымен Жер ресурстарын басқару агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда агенттіктің өткен жылғы жүргізген жұмыстары мен биылғы жылға белгіленген міндеттері талқыланды. Агенттіктің жаңа басшысы Қадырхан Отаровтың жасаған баяндамасында жер ресурстары туралы нақты деректерді құру, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру бағыттарында, сондай-ақ мемлекеттің және экономика салаларының [...]
3 Ақпан 2012 | Экономика | Толығымен »
Былтырғы жылы ел тәуелсіздігімен бірге қазірде еліміздің шығыс өңірін көмірмен толықтай қамтамасыз етіп отырған Қаражыра көмір кенішінің ашылғанына да жиырма жыл толды. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында ашылған бұл кенішке 1993 жылдың жазында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп қайтқан еді. Осы сапарында Елбасымыз Қаражыра кенішінің сол шақтағы көршілес екі облысты сапалы көмірмен қамтамасыз етуге [...]
27 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Қазіргі кезде экономиканың қалыпты дамуына ауыл шаруашылығы саласының қосып отырған үлесі зор. Үкімет тарапынан салаға барынша қолдау көрсетіліп, қомақты қаржы бөлініп келеді. Нәтижесінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша көңіл бөлінсе, агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыру бағытындағы жаңа жобалар да қолға алынған. Ал оның бүгінгі жайы, әрине, баршаны қызықтырады. «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы тілшісі Күмісжан Байжан облыстық [...]
27 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Отырар ауданы, Арыстанбаб кесенесінің түбіндегі Қоғам ауылының азаматы, ауылдың мал дәрігері Молдаш Ысқақов көктемде ұрық алайын деп базарға келгенде екі өзбек шаруаның жанынан ұзап кете алмай қойған. “Қыста пісетін қауынның ұрығы” деп жазып қойған. Қысқа дейін сақталатын, қыртысы қалың дәу қарбыздарды көрген, ал қауын қалай шыдайды? Тықақтап сұрасын кеп. Кемпір қауынның қыстық сорты екен. Негізінен [...]
25 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Орал өңірінің тұрақты дамуына Қарашығанақ инвестициясы негіз қалауда Қарашығанақ мұнай-газконденсаты кен орнын өңірдің інжу-маржаны деп орынды атайды. Ол көмірсутегі шикізатының қоры бойынша әлемдегі ең бай кен орындарының бірінен саналады. Оны игеру жұмысымен дүние жүзіне белгілі Би Джи Групп, Эни, Шеврон және ЛУКОЙЛ сияқты ірі компанияларды біріктірген «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниялар консорциумы айналысады. Үстіміздегі [...]
21 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Тұрғындардың күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарының бірі – өсімдік майы. Облыстың Теректі ауданында орналасқан зауыт әлеуметтің осы сұранысын өтеп келеді. Бұл кәсіпорын жылына 7500 тонна өсімдік майын шығаруға бағыт ұстап отыр. Қазір аталған өндіріс орны ел өңірлері арасында жетекші мәнге ие. Бүгінгі күні өзге облыстардағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүйесі арқылы зауыт өнімдерін сол аймақтарға жеткізіп, тиімді бағамен [...]
20 Қаңтар 2012 | Экономика,Үкімет | Толығымен »
Үкіметтің дағдарыспен күрес шаралары және Б жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007-2011 жылдар аралығындағы өткен 5 жыл ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында үлкен жұмыстар жүргізді. Бұл 5 жыл әлемдік экономикадағы орын алған жаһандық сипаттағы дағдарыспен тұспа-тұс келгендіктен бұрын қолға алынбаған тың шараларды қабылдап, тәжірибеге енгізуге тура келді. Осының барлығында Үкіметтің кәсіби шеберлікпен, ілкімділікпен, икемділікпен [...]
19 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
«Егемен Қазақстанның» арнайы жобасы: Жасампаздық жемістері Тәуелсіздік жылдарында атқарылған игі істердің арқасында әрбір өңіріміз өзгеріп, өміріміз жақсарып келеді. «Егемен Қазақстан» газеті осындай өркенді өзгерістерді бейнелейтін материалдарды тұрақты жариялап тұрады. Төменде Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданынан фоторепортаж беріліп отыр. КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙГЕН КҮРШІМ Табиғаты тамылжыған, балығы тайдай тулаған, бақасы көлде шулаған, өзендер өрнектеген Күршім ауданында өркенді өзгерістер [...]
17 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Қостанай қаласының оңтүстік бөлігінде «Қазақстан» атты спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл жыл басталғалы бергі облыс орталығында берілген алғашқы нысан болып саналады. Аумағы 2100 шаршы метрді алып жатқан кешенге бір мезгілде 100 адам спорттың бірнеше түрімен айналысуына болады. Кәсіпкер Мейрам Масақбаевтың бұл жақын жылдары салған екінші спорт кешені. Құрылыс құны кәсіпкерге 150 миллион теңгеге түсті. Кешен [...]
8 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Өзге елдердің құрылыс материалдарына тәуелділіктен арылуға бет бұрған мұнайлы өңірде іске қосылған жаңа жобаның қатарына бетон зауытының өнім шығара бастағанын қосуға болады. Бұл зауыттың құрылысын «Шырақ-ПВ» компаниясы қаржыландырыпты. Компания директорлар кеңесінің төрағасы Аман Қабидың мәлім етуінше, жаңа зауытта шығарылатын құрылыс саласына қажетті өнімдер сапасы өте жоғары болмақ. Өйткені, компанияның еліміздің өзге де өңірлерінде шығаратын осындай [...]
8 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Денисов ауданындағы «Сарыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткен жылдың аяғында жаңа сауын фермасы ашылды. Бұл – облыстағы индустрияландыру картасы бойынша жылдың екінші жартысында өмірге жолдама алған 25 нысанның бірі. Елбасы мал шаруашылығын индустрияландыруды тапсырды. Сүт өндіруді жаңа технологиямен жүзеге асыру осы индустрияландырудағы үлкен қадам болып саналады. Қазір сүт сауу орталығында күніне 441 сиыр сауылады. Мамандардың айтуынша, [...]
6 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Өткен мерекелі жылда Еңбекшілдер ауданындағы Мамай ауылында ірі халықаралық инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Екі асыл тұқымды бордақылау шаруашылығын біріктіретін игі істі Қазақстан және Америка фирмалары атқарды. Мұндағы қазақстандық үлес 85 пайызды құрайды. Қазірдің өзінде шет ел селекциясындағы Ангус және Герефорд тұқымды 2497 бас ірі қара ұшақтармен жеткізіліп, алғашқы төлдер де алына бастады. Алдағы кезде мал [...]
5 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Өткен 2011 жыл Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы үшін жемісті болды. Диқандарымыз бұрын-соңды болмаған өнім жинаса, малшыларымыз саладағы дамудың жаңа кезеңін бастады. 2011 жылы мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөнінде кең ауқымды жаңа жоба жүзеге асырыла бастады. Әрине, мал шаруашылығында жедел нәтижелер бола қоймайтындығы белгілі. Дегенмен, жыл ішінде осы бағытта жүргізілген жұмыстар жайын білмек [...]
5 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
– Абдуазим Абдуғаниұлы, биыл өзіңіз басқаратын корпорацияға 15 жыл толыпты. Корпорацияның еліміздің энергетика саласындағы алып кәсіпорындарының бірі ЕNRС тобы құрамында екені де белгілі. Ал енді, жаңа жылға қандай табыстармен жеттіңіздер? – Жалпы, Ақсу қаласында орналасқан «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ құрамында үш құрылымдық бөлімше бар: Ақсу электр стансасы, «Шығыс» көмір кеніші және өндірістік-жөндеу бөлімшесі. Мәселен, Ақсу [...]
1 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Әр компанияның өз саясаты бар. Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз жағалауына дейін тартылған төте бағытпен «қара алтын» тасымалымен шектелмей, әлеумет алдындағы әлеуметтік серіктестіктің жауапкершілігін жете сезінеді. Осы бағытта аталған консорциумның қазақстандық филиалы мұнайлы өңірдің Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандары мен Атырау қаласының әлеуметтік саласының жаңғыруына тигізіп отырған көмегі көп. Мәселен, Махамбет ауданының орталығындағы тұрғындардың табиғи газ, [...]
1 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Күнпарағымызға кіріп отырған биылғы 2012 жылы Ақжайықта жиырма инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның алғашқы легі бірінші жартыжылдықта іске қосылуға тиіс. Осы тізбекте еліміздің индустрияландыру картасына енгізілген екі жоба ерекшелеу көрінген. Бұл қандай ерекшеліктер? Осының мән-жайын оқырмандарға айтып беруді жөн көреміз. Бейнелеп айтқанда, бүгінде республикамыз алып құрылыс алаңына айналды десе де болады. Мұндай көріністер, сөз жоқ, [...]
1 Қаңтар 2012 | Экономика | Толығымен »
Бүгінгі күні өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ешкім кетәрі емес. Тіпті әрбір адам. Бірақ, өкінішке орай, тек жақында ғана салынғандар болмаса, қазіргі үйлердің барлығы бірдей тазалық пен күтім жағынан алғанда талапқа сәйкес келе бермейді. Осы жағдайды түзету үшін мемлекет 2010-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын ұсынады. Иә, азаматтар өмірінің сапасын айқындайтын басты талаптардың [...]
31 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
Бүгінгі таңда еліміздің барлық азаматтарын толғандыратын көкейкесті мәселелердің бірі тұрғын үй мәселесі болып табылады. Өйткені, әрбір адам «кең сарайдай боз үйім» дей алатындай жеке баспаналы болғысы келетіні шындық. Сол себепті жыл сайын республика бойынша көптеген шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп келеді. Тек 2011 жылдың қаңтар-қараша айларында ғана Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың осы [...]
31 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
«SAT & Company» АҚ бас мекемесі Алматы қаласына орналасқан. Ол негізінен мұнай өнімдерінің көтерме саудасымен, мұнай-химия өнеркәсібімен, металл өңдеумен, әуе тасымалымен, экономиканың ең жедел дамитын салаларына инвестиция тартумен, мұнай-газ машиналарын құрастырумен шұғылданады. Ел экономикасының сан саласын қамтыған аталмыш компания Жамбыл облысының орталығынан Тараз металлургия зауытын ашқалы да біраз жыл болып қалды. Атап айтсақ, 2006 жылы [...]
31 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
Биылғы жыл күнтізбесіндегі атқарылған шаралардың бірі – Біртұтас экономикалық кеңістік құруға жасалған қадамдар болып табылады. Экономикалық ықпалдастықтың негізгі төрт сатысы, бірінші сатысы – еркін сауда аймағы, екінші сатысы – Кеден одағы, үшінші сатысы – біртұтас экономикалық кеңістік, төртінші сатысы – экономикалық одақ десек, өткен 2 жыл ішінде екі сатыдан өткен Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері [...]
31 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
Өтіп бара жатқан 2011 жыл елімізде көптеген жағымды жаңалықтарымен есте қалды. Бұл ретте ең алдымен ауызға алып айтарымыз, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы екендігі анық. Осы 20 жылда Қазақстанның экономикалық салалары нарықтық жағдайда жұмыс істеуге әбден бейімделіп, соның нәтижесінде бұрын-соңды болмаған биіктерді бағындырды. Соның бірі егіншілік саласында соңғы 50 жылда болмаған рекордтық көрсеткіш – 2 миллиард [...]
31 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
Дүйсембай Селиханов ауыл шаруашылығының білгір маманы, ғылым-зоотехник, заңгер, ұзақ жылдар Үржар ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметінде ысылған, тәжірибелі маман. Соңғы үш жылдан астам уақыттан бері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын іскерлікпен басқарып келеді. Жемісті қызметі үшін тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалымен марапатталды. Ендігі әңгіме төркіні Алтайдың [...]
30 Желтоқсан 2011 | Экономика,Үкімет | Толығымен »
ЕЛГЕ ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ ЕСЕЛЕНІП ҚАЙТАТЫНЫ АНЫҚ Қазақстанда әлеуметтік салаға қамқорлық таныту аясы кеңейе түсуде Қазақстанда үздік білім беру, үздік денсаулық сақтау, үздік мемлекеттік басқару, үздік әділ сот болуы тиіс. Жаңа әлеуметтік Стратегия – әрбір қазақстандықтың игілігі жөніндегі менің қамқорлығым. Бұл біздің еліміздегі барлық атқарушы биліктің де қамқорлығы болуға тиіс. Мен өзімнің Қазақстан халқына жаңа Жолдауымды [...]
29 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
Нұра ауданындағы Изенді ауылының тарихы тың игеру кезінен тартылса да нағыз өркендеу кезеңі тәуелсіздікке қол жеткен жылдармен тұспа-тұс келді деуге болады. Оған дейін аймақтың бір бүйірінде оншалықты еленбей күн кешкен бұл елді мекен тұрғындарының маңдайына жазылғаны қой бағудан айнымау еді. Жанындағы шаруашылықтар астық өндіру арқылы асып-тасып жатқанда әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мүлдем тұралап қалған бұл ауылға көңіл [...]
29 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
Атырау мұнайлы өңір болғанмен, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды мұнай өнеркәсібінде жұмыс жасайтын кәсіпорындардың қолдауынсыз іске асыру мүмкін емес. Сол себептен, осы саладағы ірі кәсіпорындар да жергілікті биліктің ұсынысымен өңір әлеуетінің жақсара түсуіне қолдау жасауды парыз санайды. Соның бірі – «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясы. Жалпы, теңіз мұнайын игеруге ұмтылған компаниялар тобы 1998-2010 жылдар [...]
29 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
Мұхамеджан да ата-бабалары секілді Ресейдің Омбы облысында туып-өсті. Балалық шағын осында өткізді. Одан кейінгі тағдыры тарихи Отанымен тығыз байланысты. 1997 жылы Совхозное елді мекенінде «Лұқпанов» ЖШС-ін ұйымдастырып, 14 жылдан бері тапжылмастан жетекшілік етіп келеді. Өтпелі кезеңнің қиындықтары оны ширатты, шынықтырды. Үкіметке алақан жайып, «басқа түсті, мен көндім» деп отыру оның табиғатына жат. Жылусыз, жарықсыз, сусыз [...]
29 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »
Н.Ә.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры 2004 жылы халқымыздың елжанды азаматтары, еліміздің мұнай-газ саласының жанашырлары Нәсіпқали Марабаев, Асқар Құлыбаев және Орал Ақшолақовтардың құрылтайшылығымен дүниеге келген болатын. Содан бері қарай зейнеткер ардагер-мұнайшыларымыздың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мәселесі мен проблемаларына көңіл бөліп, олардың ойдағыдай шешілуіне тыңғылықты араласып келеді. Қордың жұмысын негізінен Қамқоршылық кеңесі басқарады, оның құрамы кезінде мұнай өнеркәсібін [...]
29 Желтоқсан 2011 | Экономика | Толығымен »