Егемен Қазақстан газеті

Елбасы қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мәдениетін дамытудағы өзекті мәселелер мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі қаламгерлердің рөлі  талқыланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

М.Құл-Мұхаммед Президентті Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің толық ауқымда қолданылуын қамтамасыз етуге тиісті Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Министр сондай-ақ “Мәдени мұра” бағдарламасының орындалу барысы, атап айтқанда, ғылыми-қолданбалы зерттеулерді іске асыру, археологиялық қазбаларды жүргізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді реставрациялау туралы баяндады.

Ифтар сауаптан болсын
Кеше Астанадағы “Риксос” қонақүйінің “Жерұйық” залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары қауымына арнап қасиетті Рамазанның құрметіне ифтар дастарқанын жайғызып, ауызашар берді.

Оған елорданың дін исламды бек тұтынатын мұсылмандары арасынан үш жүздей өкіл жи­нал­ды. Оның ішінде мемлекеттік саяси қызметкерлер, депутаттар, діни қыз­меткерлер мен намаз­хандар, құр­метті ақсақалдар мен аналар, мә­дениет және БАҚ өкілдері болды.

Дастарқанды ашқан Қазақстан мұ­сыл­ман­дары діни басқармасы­ның төраға­сы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі алғашқы сөзді дінбасы Президент Нұрсұлтан Назар­баевқа берді. Елбасы Қазақ­стан мұсылмандарын қасиетті Ра­ма­занмен құттықтап, ораза ұстаған барлық жамағаттың құлшылы­ғы­ның қабыл болуын, отбасылары­ның аман, жүздерінің жарқын болуын тіледі. Одан әрі Елбасы ислам дінінің игі қасиет­терін айтып берді. Біздің дініміз жоқ-жітікке, қарып-қасерге көмек беруді уағыздайтын барынша әді­летті дін. Елімізде ты­ныштық бо­лып, ешқандай қан төгілмей, бей­біт өмір сүріп келе жатқа­нымызға ислам дінінің әсері мол. Өйткені, ислам дінін бек тұ­тынатын хақ мұсылман әрқа­шанда төзімді болып, басқа­лардың сені­мі­не құрметпен қа­рауды талап етеді, дей келіп осыдан әрі Елбасы Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­лары съезінің Қазақстанда тұрақты түрде өткізіліп келе жат­қан­дығын, келесі жылы Қазақ­стан­ның ИКҰ төрағасы болатындығын ауызға алып, осының бәрі еліміз­дегі тұрақтылық пен тыныштықтың арқасы екендігін айтты. Бұл істе исламның атқарып отырған рөлі зор, деді Президент.

Жылдан-жылға жастар ара­сын­да ислам дінін қадір тұтып, оның талаптарына мойын ұсыну­шылар саны көбейіп келеді. Бірақ адам діннің сыртқы пішінін ғана сақтап, ниеті дұрыс болмаса еш­қан­дай құлшылықтың қабыл бол­ма­сы хақ. Сондықтан адам ең бас­тысы өзінің ниет-құлқын дұрыс жолға қойып, шын жүре­гімен Аллаға сенуінің маңызы зор, деді Елбасы. Одан әрі мұ­сылман дінін тұтынушыларға арналған құрмет биліктің барлық деңгейінде де тұрақты түрде жа­салып келе жатқанын айтты. Қазір барлық облыстар мен аудан әкім­дері де өздеріндегі мұсылман­дар­дың өкілдеріне арнап ифтар дастарқанын жайғызуда, деді  сөзінің соңында.

Әбсаттар қажы Дербісәлі қазақ­стандық барша мұсылмандар аты­нан Рамазанның құрметіне жай­ғыз­ған ифтар дастарқаны үшін Елбасы Н.Назарбаевқа алғы­сын айтты. Елі­мізде жүргізіліп отыр­ған бейбіт­сүйгіш, дұрыс сая­саттың арқасында мұсылмандар қауымы өзінің сенім бостан­дығына толық ие болып, жылдан-жылға саны қатты өсіп келеді. Дініміз құрсауда, рухымыз тұсау­да болған кеңестік кезеңде елі­­мізде бар болғаны 68 мешіт бол­са, қазір олардың саны 2 мыңнан асып барады және олардың бәрі де арнайы салынған ғибадат­ха­налар, деді ол. Содан кейін дін­ба­сылардың Елбасы туралы жазған пікірлер жинағынан тұратын кітапты сыйға тартты.

Ифтар дастарқаны басында ақ­сақалдар атынан Зейнолла Мұха­мед­жанұлы және басқалар сөйлеп, Елбасына өздерінің риза­шы­лық­тарын білдірді. Сенатор Өмірбек Байгелди төгілдіріп тұрып бата берді.

Жақсыбай САМРАТ.

Жапон парламентшілері – мәжілісте
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Жапония Парламенті Өкілдер палатасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мунеэ Судзуки бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Достық кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы парламенттік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мәжіліс Төрағасы жапондық әріптестеріне 1991 жылы Қазақ­стан тәуелсіздігін алғанда Жапо­ния алғашқылардың бірі болып  құттықтағанын мәлімдеді. Содан бері екі арадағы экономикалық, саяси және гуманитарлық бай­ла­ныстар кең қанат жайып келе жатыр. Екі жақ та әлемдегі бей­біт­шілік пен қауіпсіздік, тұрақты­лыққа бірлесе ұмтылып, экстре­мизм мен лаңкестікке, жаппай қырып-жою қаруларына бірлесе қарсы  тұруда.

Осыған орай биылдан бастап, Қазақстан Президентінің ұсыны­сымен 29 тамыз БҰҰ-ның қара­ры­мен Ядролық қаруға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп белгіленді. Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы­ларының съезін өткізуге бастама көтеріп, оны Астанада үшінші рет өткізіп, 2011 жылы Ислам Кон­ференциясы Ұйымына төрағалық жасайтын болады.

2010 жылы Қазақстан Еуро­па­дағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымына төрағалық етіп,  аталған халықаралық ұйым беделінің одан әрі арта түсуіне бар күшін салуда. ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшы­ла­ры­ның Саммиті алдағы желтоқ­санда араға түскен 11 жыл үзі­ліс­тен кейін Астанада өткізілгелі отырғаны хабарланды.

Жапондық мейман елінің Қазақстанмен әріптестік байла­ны­сының келешегі зор бола­ты­нына сенім білдірді.  Оның ма­ңызды бір саласы екі ел ара­сын­дағы парламенттік байланыста жатыр деп есептейді жапондық лауазым иесі. Қорытындысында әріптестерімен делегация алма­сып, тәжірибе жалғастыруды екі жақ жөн көретіндіктерін білдірді.

Бұл кездесуге Жапония Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшелері Әмзебек Жолшыбеков, Сәт Тоқпақбаев, Людмила Хочиева және Нұртай Сабильянов қатысты.

Орақ — 2010
Айрықша сынақ кезеңі

Еліміздің негізгі астықты ай­мақтарының бірі Ақмола облы­сының диқандары биыл 4 мил­лион 434 мың гектар алқапқа дән­ді және бұршақ дақылдарын сеп­кен болатын. Ауа райының құр­ғақ­шылығы орақ науқанын ерте бастауға мәжбүрледі. Өнімділік те әркелкі. Гектар басы 3-12 цент­нер­дің аралығында астық басты­рылады деп күтілуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орақ науқаны алдында облыстың Целиноград ауданында болған кезінде көңілге серпін қосар тап­сырмалар берді. Ол — өсірілген өнімді қысқа мерзімде, ысырап­сыз жинап алу. Өңірдің, шаруа­шы­лық нысандарының, облыс тұрғын­дары­ның қаржылық жағ­дайы осы міндеттердің қалай ше­шілетіндігіне тікелей байланысты болмақ.

Облыстың барлық аудандары дерлік ерте піскен егінді тікелей шауып жатқаны артық шығынға жол бермейтінін көрсетуде. Ал­ғаш­қы бір аптаның өзінде 2 мил­лион гектарға шалғы түсті. Бұл бү­кіл алқаптың 44,8 пайызын құ­рай­ды. Егіндікөл ауданының диқан-механизаторлары 296 мың гек­тар­дың тең жартысының өнімін жи­нап алды. Қазірше облыс бой­ын­ша әр гектардан 5,6 центнерден ас­тық бастырылуда. Жарыс көшін гектар түсімділігін 8,6 центнерге жеткізген Бурабай ауданы, 7,7 және 7,1 центнерден ырыздық жи­наған Аршалы мен Бұланды аудан­дары бастап келеді.  Қолдағы деректер бойынша биыл­ғы науқанға 9330 астық жинау комбайны, оның ішінде жоғары өнімді 876 шетел комбайны қа­тыстырылады. Жұмыс жоспарына сәйкес облыс бой­ын­ша тәуліктік өнімділік 160 мың гек­тарды құрауы тиіс. Мұның өзі орақ науқанын 22 күннің ішінде аяқтап шығуға мүмкіндік бер­мекші.

Күз айрықша құбылмалы мі­нез­бен басталды. Тамыздың соңғы күні 40 градустық ыстықпен шыж­ғыртып тұрса, қыркүйектің басы кәдімгідей қалтыратып тұр. Бұл етек-жеңді жинап, қимылды есе­лей түсу керектігін аңғартқан ес­кер­тудің өзі. Мұны, алдымен, 2 қыр­күйекте қолдағы 807 комбайн­ның 285-ін алқапқа шығарған Сандық­тау, 454-тің 218-ін жұмыс­қа қосқан Бурабай, 434 ком­байн­ның 157-ін жүргізген Шортанды аудандарына қаратып айтуға болады.

Сондай-ақ, күзгі дала жұмыс­та­рын жанар-жағар маймен қам­та­масыз етуде шешімін күткен мә­селелер болғанымен, қолданылып жатқан шаралар жағдайды жедел түзетуге жетелеуде. Орақ науқа­ны­на 85,5 мың тонна дизель отыны қажет болса, оның 70 мың тонна­сы кепілді түрде берілетін қор. Бұл іспен орталықтандырылған 8 опе­ратор, ірі шаруашылық құрылым­дарының 48 операторы айналы­су­да.

Өңірдегі өзекті мәселенің бірі маңдай термен жиналған астықты сапалы сақтауға қатысты екендігі мәлім болып қалды. Соған бай­ла­нысты биыл элеваторлар мен ас­тық қабылдау кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыруға қатысты бақылау күшейтілмек. Қазір лицензияланған 33 кәсіпорынның қуаты 3,5 миллион тонна астықты өңдеп, сақтай алады. Өткен жыл­дарда қызыл дәннің қырмандарда, элеватор аулаларында қар түс­кен­ше жатып қалғаны көз алдымызда. Оның үстіне, бұл салада көрсе­тіл­ген қызмет ақысын шамадан тыс өсіру фактілеріне жол берілген еді. Былтыр осы мәселелер бойынша дау-дамай Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне дейін жеткен. Облыс әкімі С.Дьяченко мұндай ке­лең­сіздікке жол бергендер қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Элеваторларға қатысты толғақ­ты жағдайдың тағы бірі — өткен жылдан қалған 1,6 миллион тонна астықтың қордалануы дер едік. Мұның 130,2 мың тоннасы азық-түліктік астық, 38 мың тоннасы мал азығындық құрама жем. Жыл басынан бері экспорт пен еліміз­дің басқа аймақтарына астық шы­ға­ру қозғалысы жанданғаны­мен, облыс­тың астық қабылдау кәсіп­орын­­дары былтырғы өнімге жа­рым-жар­тылай толып тұр. Оның негізгі бө­лігін (1,1 миллион тонна шамасын­да) “Азық-түлік келісім-шарт кор­порациясы” АҚ астығы құрайды. Ендеше, облыс диқан­дары акцио­нер­лік қоғам басшы­ларының тиісті шешім қабыл­дауына мүдделі екен­дігі белгілі.

Аграрлық сала қызметкерлері келесі жылдың өніміне сапалы тұқым қорын сайлап, мал азығын молайту ісін де аса маңызды міндет санауда.

Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.

Сенімділікке бағытталған реформа
Мемлекеттік мәселе

Елбасы Н.Назарбаев мемле­кеті­міздің іргетасын берік етіп қалауда, мемлекеттік органдардың қызметін қайта қарау, реформалау кезек күт­тір­мейтін мәселе екеніне айрықша маңыз артты. Елдікті қалыптас­ты­ратын бірден-бір институт ретінде сот жүйесі биліктің толыққанды бір тармағы болып қалыптасып, ре­фор­малау жұмыстарын алғашқы­лар­дың бірі болып бастап кеткен еді. Осы он бес жылдағы қажырлы жұмыс өз жемісін беріп, белесіміз биіктей түсті.

Шын мәнінде құқықтық мем­лекет құрудағы соттың рөлі ерекше екені белгілі. Сот адам құқығы мен бостандығын қорғайтын басты инс­титутқа айналуы шарт. Тек сот қана даулар мен жанжалдардың тобық­тай түйінін айтып, заңдылықтың сақталу қағидаттарын нығайта тү­се­ді. Тәуелсіз әрі әділ сот аза­мат­тардың құқықтық қорғалуының кепілі ғана емес, мықты, бәсекелі экономиканың дамуына, еліміздің әлемдік құқықтық кеңістікке шы­ғуына жол ашады. Уақыт тала­бын­дағы реформалар сот билігінің сая­си-құқықтық жүйесін орнықтырды. Бұл жылдары судьялар корпусы­ның заңды мәртебесі бекітіліп, сот жүйесін қалыптастыруда шешуші қадамдар жасалды. Іс жүргізу (про­цес­суалдық) заңнамалары жаңар­тыл­ды, бұл сот құзыреті шеңберінің кеңеюіне жаңа серпін берді. Со­нымен қатар елімізде қылмыстық жазаларды ізгілендіру саясаты жүр­гізілуде. Президенттің үстіміздегі жылдың 17 тамызындағы құқық қор­ғау органдары басшыларымен кездесуі, соған байланысты шық­қан Жарлығы аталмыш саясатты жүзеге асыру бағытындағы жұмыс­тар­ға ерекше қарқын бермек.

“Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәр­тебесі туралы” Конституциялық за­ңы мемлекеттік биліктің тең құ­қық­тық салаларының бірі — тәуел­сіз сот билігінің негізгі мәртебесін бекітті. Бүгінгі күні азаматтардың заңды құқықтары мен бостандық­та­рын қамтамасыз етуде сот жүйесі басты құқықтық құрал болып табылады. Сот жұмысының заң­намалық базасы құрылып, бүгінгі күні қоғамдық қатынастардың аясындағы барлық даулар мен тартыстар сот тәртібінде шешіледі. Сот төрелігінің қолжетімдігімен ашықтығы қамтамасыз етілген.

Сот жүйесін реформалауды те­реңдетуде соттарды мамандан­ды­ру­дың маңызы зор. Маманданды­рыл­ған соттардың құрылып, жұмыс жасауы соттың даулы мәселелерді дұрыс шешіп, әділ билікті жүзеге асы­руына игі ықпалын тигізе­тін­дігін уақыт тәжірибесі анық дәлел­деп отыр. Осы орайда, Ақмола облысында да ауданаралық маман­дандырылған экономикалық сот пен мамандандырылған әкімшілік соттары жұмыс істеп келген еді. Оған биылғы жылдың басында қылмыстық істерді қарайтын сот қо­сылды. Сонымен қатар келешек­те жасөспірімдер істері жөніндегі мамандандырылған соттарды құруға байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жылдарда жүзеге асы­рыл­ған шаралар еліміздегі сот жүйе­сінің құрылымын одан әрі жетілдірудің, сот өндірісін ықшам­даудың нақты жолдарын белгілеп берді.

Сот жүйесінің беделін нығайту және судьялардың жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақса­тын­да Ақмола облыстық соты бір­қа­тар шараларды қолға алды. Со­ның бірі ретінде сот төрелігін жү­зеге асырудың сапасы бойынша мониторингті атап өтуге болады. Жалпы, жүргізілген мониторингтің нәтижесі соттар қызметін ұйым­дастыру жұмыстарына оң бағыт беріп, сапасының артуына септігін тигізді. Басты бағыттардың бірі — соттардың және сот төрелігін жү­зеге асырудағы судьялардың қыз­меттері туралы қоғамның пікірін зерделеу. Осыған байланысты 2010 жылдың қаңтар-сәуір айлары ара­лығында сот процесіне қатысушы­лар мен басқа да тұлғалар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Оған 3627 адам қатысты. Оның қо­ры­тындылары облыстың барлық аймақтарындағы жергілікті басы­лымдарда жарияланып, облыстық соттың интернет жүйесіндегі сай­тына орналастырылды. Жұмысы­мыз­дың оң бағаланғанын атап көр­сеткім келеді. Сауалнама жасырын түрде жүргізілгендігін ескерсек, оған жауап бергендердің көзқа­рас­тарын бүкпесіз ашық айтқандары анық. Мұның өзі соттың бүгінгі күні қарапайым халық алдындағы абыройы мен беделінің қанша­лық­ты деңгейде екендігін ашық көр­сетіп берді. Сондай-ақ, сауалнама деректері азаматтардың пікірлерін зерделеуге, осы арқылы қызмет өрі­сін кеңіту тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді.

Қолға алынған реформалар судьялардың сот төрелігін атқаруы­на және қызмет жүйесін талап тұрғысында үйлестіруге мүмкіндік береді. Облыстық сот ғимараты ал­қабилердің қатысуымен сот істерін қарауға лайықты залдармен қам­та­масыз етілген. Аудандық және ай­мақтық буындар да материалдық-техникалық жағынан нығайтылуда. Бурабайдағы “Әділет үйі” жоғары деңгейдегі республикалық базалық орталық саналады. Ағымдағы жылы Целиноград аудандық соты халық­аралық стандарттарға сай келетін жаңа ғимаратқа көшті.

Біз 2002 жылдан бастап за­манауи озық үлгідегі электронды басқару жүйесін қолданып, интер­нет­тің мүмкіндігін кеңінен пай­да­ланудамыз. Бұл бастаманы ТМД аума­ғында Қазақстан алғашқы бо­лып көтерген еді. Жоғарғы Соттың және облыстық соттың арнайы веб-сайтында электронды мұрағат жасақталған. Онда барлық саты­лардағы сот шешімдері орналасқан. Бұл құжаттарды қажет еткен адам онымен еркін таныса алады. Сонымен қатар, барлық азаматтар қазіргі компьютерлік іздеу, жіктеу жүйесі арқылы керекті құжаттарды тауып, қажетіне жарата алады. Бұл сот процесін бастан-аяқ қадағалау­ға, сотқа қатысушыларға барлық дыбыс жазбасымен, сот мәжілісінің электронды хаттамасымен танысуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, соңғы кезде сот процестерін бейнебайланыс арқы­лы өткізу үрдісі жұртшылық тара­пы­нан қолдау табуда. Мұндай жағдайда сотталушы апелляциялық сатыдағы сот мәжілісіне, ал басқа қаладағы тергеу орнында отырған сотталушы сот мәжілісі өтетін жер­ге келмей-ақ, оған қатысуға мүм­кіндік алады. Сонымен қатар, мұн­да жәбірленуші жақ пен айып­талушы жақтың қосымша куәгер­лері болсын, сот процесіне қатыс­қысы келетін басқа да азамат­тардың болсын жол жүріп, уақыт кетіру, қаржылық шығын шығар­мау мәселесі қарастырылған.

Жоғарғы Сот бастамасымен ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап облыстық соттың ресми веб-сайтында “Сот істерінің анықтама­лығы”, “Справочник по судеб­ным делам” деген айдарлар­мен баннер орнатылып, жаңа бағдарлама іске қосылды. Аталған бағдарлама об­лыстық соттың терминалына да ор­на­ластырылды.

Ақмола облыстық сотында, облыстың 24 аудандық және оған теңестірілген соттардың 18-де ақ­параттық-анықтамалық киоскілер ашылып, қазіргі уақытта жұмыс жасауда. Бұл киоскінің қызметіне жүгінген азамат кез келген жұмыс уақытында еш кедергісіз сот ғима­ратына кіріп, сот құжаттарының үлгілерімен танысуға, мемлекеттік баж салығының мөлшерін, төлеу тәртібін білуге және реквизиттерін алуға, тағайындалған істердің тізі­мімен танысуға, өзінің талап арызына сәйкес істің қозғалысы жөнінде жан-жақты ақпарат алуға құқылы.

Құқықтық сот реформасы судья кадрларын іріктеу және тағайындау мәселесіне барынша қатаң талаптар қоюда. Осыған байланысты, облыс­тық сотта, аудандық және оған те­ңестірілген соттарда судьялық қыз­метке үміткердің тағылымдамадан өтуіне айрықша көңіл бөлінеді. Үміт­керлердің тізімі жергілікті басылымдар мен облыстық соттың ресми сайтында жарияланып, пікір жәшігі орналастырылды. Бұл сапа мен жариялылықты қамтамасыз етеді.

Жалпы, сот жүйесін реформа­лау жолында жүргізілген шаралар азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын көздеп, соттың беделін өсіруді, қолжетімділікті орнық­ты­ру­ды, сот органдарына сенімді кү­шейтуді, соттардың рөлі және әлеуметтік маңыздылығы туралы халық пікірінің жақсартылуын, аза­маттардың құқықтық ақпарат­тан­дыру деңгейінің көтерілуін, олар­дың заңды мүдделерін сот тәрті­бімен қорғауын қамтамасыз ету бойынша белсенділігін арттырады.

Ақжан ЕШТАЙ,  Ақмола облыстық  сотының төрағасы. Ақмола облысы.

Үкімет “Егемен Қазақстанның” апталық қосымшасы
Экспорт көлемі –  8 млн. тонна астық

Үстіміздегі жылы орын алған төтенше құрғақшылық салдарынан алынатын астықтың азаю ықтималдығына қарамастан, Қазақстан эспортқа шығаратын бидайдың көлемін бұрын межелеп қойған мезіреттен кеміткелі отырған жоқ. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл жоспарына Кеден одағындағы әріптестерінің бірі – Ресей үкіметінің сыртқа астық шығаруға тыйым салып отырғаны да әсер етпейтін түрі бар.

Аталмыш сала баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Ақылбек Күрішбаев таяуда Ақмола облысына жасаған сапарының барысында алдағы егін жинау науқанында жиналып алынатын дән мен ағымдағы жылы экспортқа жіберілетін астық турасындағы өз болжамдарын білдірген. Жоба бойынша осы күзде 13,5-14,5 млн. тонна шамасында ас­тық қамбаға құйылып қалуы тиіс. Бұдан жыл басында белгіленген көлемде 8 млн. тонна бидай сату көзделуде. Со­ның ішінде 4 млн. тонна астық Орта­лық Азия елдері мен Ауғанстанға жө­нелтілетін болса, тағы 3 млн. тоннасы Кавказ елдеріне, Ресей Федерациясы мен Иранға аттан­дырылады.

Сөздің сыңайында еліміздің экспорттық әлеуетіне әл беріп отырған фактордың бірі қамбаларымызда өткен жылдан біраз астықтың қалғандығы екенін де айтуымыз керек. Нақтылап айтқанда, былтырдан ауысып келе жатқан 6 млн. тонна астық қоры осы сенімділікке серпін беріп отыр. Ал 8 млн. тонна астықты экспортқа шығару біздің еліміз үшін де бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш болғалы тұр. Бұл сауданың сорабы осы кездерден басталып кетті. Жақында Қазақстанның көрші қырғыз еліне, көлік шығынын қоспағанда, шамамен сомасы 21,5 млн. теңге мөлшеріндегі қаржыға 150 мың тонна азық-түліктік бидай сатуға келісім бергені белгілі болды. Жалпы, Қырғызстан жыл сайын Ресей мен Қазақстаннан 300-350 мың тонна бидай сатып алып тұрады екен. Жыл басынан бері айырқалпақтылар елі бізден 160 мың тонна астық алып та үлгеріпті. Ал жоғарыдағы астықты жылдың соңына дейін әкеткілері бар.

Министрдің пайымдауынша, бұл жерде сонымен бірге мынадай да проблеманың тууы ғажап емес. Әңгіме біздің көптеген шаруа қожалықтарымыздың өнім мөлшерін нақтылы саннан артық көрсетіп, “қосып жазуға” бейімделіп қалғанында болып отыр. Мұндай көзбояушылық талай жерден әлі кезігуі мүмкін. Сондықтан 6 млн. тонна астықтың түгел қоймада жатқанына жүз пайыздық сенім жоқ. Аталған сапары барысында Ақылбек Күрішбаевтың кейінгі кездері бірқатар астық өндірушілердің жинап алған дәнді дақылдары жөнінде нақты цифр көрсетуден бас тарта бас­тағанын ауызға алуында да осыны дәлелдейтін нышандар бар. Сол себепті министрлік мұн­дай­ларға өз әлуетінше қарсы әрекет етуге ұйға­рым жасады. Астық көлемін дәл көрсетуден бас тартушылар ендігі жерде мемлекеттік субсидиялардан толық қағылады. Министр сонымен қатар бұдан былай астықты есепке алу жөніндегі мониторинг жүйесінің айрықша қатаң тәртіппен жүретінін де атап өтті.

Осы жерде тоқталмай өтпейтін тағы бір жәйт бар. АҚШ-тың Ауылшаруашылық департаменті біздің республикада биыл жиналып алынатын астықтың ауқымы 11,5 млн. тонна ғана бола­тынына болжам жасауда. Ал “Азық-түлік келі­сім-шарт корпорациясы” ұлттық компа­ниясы” ак­цио­нерлік қоғамының коммерциялық мәселе­лер жөніндегі басқарушы директоры Дәулет Уәшевтің пікірінше, мұхиттың арғы жаға­лауын­дағы елдің тиісті департаменті барлық жағдайда дерлік дәл болжам білдіріп жүр. Оның айтуынша, америкалықтар жасаған осы 11,5 млн. тонна астыққа енді өзімізде былтыр­дан бері келе жатқан 3,2 млн. (!) тонна қорды қоссақ, министрлік көрсеткен 14-15 млн. шамасындағы жалпы мөлшер шығады. Байқап қалған болсаңыздар, корпорация басшылары­ның бірі қоймадағы астықты 6 млн. емес, 3,2 млн. тонна етіп көрсетіп отыр. Бұл елеулі айы­рым. Сол себепті де ол біздің биылғы жылы 6 млн. тонна ауқымында астық шығара алаты­нымызды алға тартады. Ал Ауыл шаруашы­лығы министрі айтқан мөл­шерде бидайды экспортқа шығара алатын болсақ, Қа­зақстан тағы 1,5-2 млн. тон­на алтын дәнді Ресейдің азия­лық бөлігіне – Челябі, Омбы облыстарына жөнел­тер еді. Мұның арғы жағын­да 1,2-1,3 млн. тонналық Әзірбайжан, 800 мың тонналық Грузия қажеттіліктері тұр.

Қазір бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары әлемнің көптеген мүйістерінде құрғақшылық, өрт пен су тасқыны орын алуынан астық бағасының күрт өсіп кетуіне байланысты біздің астық өндіруші компа­нияларымыз ұзын ақшаның соңынан қуып, жинаған өнімдерінің барлығын дерлік экспортқа шығаратын шығар деген сыңайда қауіп білдіруде. Корпорация атқарушы директоры болса, өз сөзінде мұндай қатердің де негізі жоқ екенін журналистерге бірден кесіп айтты. Қазірдің өзінде ондай жағдайдың орын алмау шаралары қарасты­рылып жатқан көрінеді. Бүгінде аймақтарда корпорациямен меморандумға отыру рәсімі басталып кетті. Оларда әрбір облыс өзіне керекті астықтың мөлшерін нақтылап атап көрсетеді. Содан кейін өңірлер жыл бойына осы құжатта белгіленген тапсырыс мөлшерінде ұн алып тұратын болады. Корпорацияның негізгі міндеті осымен тұйықталады. Ол ішкі рыноктағы тұтынымды реттеп отырады. Ал ыстық пен құрғақшылықтың Қазақстанды да айналып өтпегені белгілі. Сондықтан астықтың белгілі бір мөлшері солтүстік өңірлерден аптаптың зардабын көбірек тартқан батыс аймақтарға аударылады.

Биылғы ауа райының ыстық болуының астыққа тигізіп жатқан пайдалы жақтары да бар екен. Азық-түлік келісім-шарт корпо­рациясы атқарушы дирек­торының айтуынша, осы ыстық бидайдың қамырлылығын едәуір көтеріп жіберген. Мәселен, Қостанайдағы егіннің бірінші бастырылымы мұнда биыл клейкови­наның 30 пайыз құрағанын көрсеткен. Ал Ақмола облысында 26-28 пайызға барған. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан облысында бұдан сәл төмендеу көрінгенімен, бәрібір қалыптағы деңгейден едәуір жоғары болған.

Дегенмен, әлемдік рынокта Қазақстан астығының алатын орны оншалықты үлкен бола бермейтін сияқты. Мұның есесіне экспортқа астық шығару жөнінен АҚШ былтырғы (26,8 млн.) деңгейінен асып жығылатын түрі бар. Қалай дегенде де, біздің еліміздің егіншілері қазіргі қиын жағдайдың өзінде тұйықтан шығып кетудің барынша тиімді жолдарын қарастырып үлгерді. Экспортқа астық шығару – екінші кезекте тұрған мәселе.

Бізді тұйықтан жақсы шыға алатынымыз қуантады.

Серік ПІРНАЗАР.

“ЭКО SERVІCE” мұнай қалдықтарын кәдеге жаратады

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында елімізді 2020 жылға дейінгі ин­дустрияландыру бағыт­тары айқын­далды. Оның ішінде Сыр өңірінде жүзеге асырылатын жо­балар да аз емес. Олардың негізі Оңтүстік Торғай иінінде жерасты қазба байлықтарын иге­ріп жатқан шетелдік компаниялардың облыс игілігі үшін қызмет жасайтын жобаларына қатысты.

Әлбетте, жалпы құны бірнеше ондаған млрд. теңгені құрайтын бұл жобалар облыс экономикасын сер­пінді дамытып, аймақтың әлеуетін арттырумен бірге жергілікті жердегі шағын және орта бизнестің дамуына оңды ықпал жасайтыны белгілі.

– Облыс үшін қызмет жасай­тын бұл жобалар республиканың индустрияландыру картасына енгізілген, – дейді “Эко Servіce” фирмасының директоры Мусиф Жарыл­қа­сынұлы. – Ал бұл ауқымды жобалар ондаған шағын және орта бизнес өкілдерін өзіне тартып, өңірде жаңа салалардың өркендеуіне мүмкіндік береді. Осының барлығы Елбасының Жолдауында атап көрсеткеніндей, елімізде индустрия­лан­дырудың жаңа бағытта қарқынды дамып, шикізаттық емес саланың дамуына ерекше мүмкіндік жасайды.

Фирма директоры өз кәсібінің қыр-сырынан былайша мәлімет береді. Мысалы, Қызыл­орда өңірінде Ақшабұлақ кенішінде газ-турбиналы станса салынуда. Жоба бойынша ілеспе газды өңдеп, тұтыну­шыларға жеткізу шаралары қолға алынуда. Газ өңдейтін қон­дырғының екінші кезегі пайда­лануға берілгенде Сыр өңірінің энер­гетикалық тәуелсіздігін қам­тамасыз етудің жаңа мүмкін­дікте­ріне жол ашылады. Осылардың негізінде облыс орталығына тартылатын жоғары электр желісі экологиялық тиімді жұмыс істейтін фирмалардың өз жобаларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Айталық, мұнай өндірудің қазіргі деңгейін сақтап немесе оның көлемін ұлғайту жөніндегі межелерді жүзеге асыру жаңа мұнай ұңғымаларын ұдайы іске қосумен сабақтасып жататыны заңды­лық. Ал мұндай жұмыстарды атқару кезінде жергілікті жердің экология­лық талаптары бұзылуы әбден мүм­кін. Құмкөл кен орнын алғашқы игерген жылдары мұндай келеңсіз­діктерге оншалықты мән беріле қойған жоқ. Фирма директорының пікірінше, қазір Үкіметтің эколо­гиялық заңдылықтарды сақтауға қатысты талап­тары күшейе баста­ды. Осыған орай мұнай компа­ниялары мұнай қалдықтарынан бүлінген жер бедерін осы зиянды зат­тардан тазарту үшін жаңа техно­ло­гияларға жүгінуге мәжбүр болуда.

– Ал біздің фирма нақ осындай мұнай қалдықтарынан бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру үшін жаңа технологияларды енгізу бағытында жұмыс істе­мекші, – дейді ол әңгімесін жалғастырып. – Біздің мамандар бүлінген топырақ қабаттарын мұнай қалдықтарынан тазартып қана қоймай, оларды жергілікті жердің инфра­құрылы­мына пайдалануға мүмкіндік ал­мақ­шы. Осыған орай Қызылорда-Құмкөл автомобиль жолының 175 шақырымында біз құрамында мұнай аралас қал­дықтарды залал­сыз­дандырып, оны тазартып, қайта өңдейтін қондырғыны орналасты­ра­мыз. Сөйтіп, біз Қазақстанда Крот-5 атты қондырғыны пайда­лану арқылы мұнай қалдық­тарын өңдеу технологиясын бірінші рет қолға алғалы отырмыз.

Фирма директорының айтуын­ша “Эконафт” техно­логиясы табиғи компо­ненттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Сон­дық­тан бұл химиялық қондыр­ғының зияны жоқ. Бұл Ресей ғалымдарының Курск қаласындағы экологиялық қауіпсіздік институ­тында жасап шығарған техноло­гиясы болып табылады. Аталмыш техно­логияны енгізу үшін фирма мамандары Курскіден дайындау техно­логиясын ғана алдырады. Ал оны өндіруге қажетті компоненттер Қазақстанның аймақтарынан жеткізіледі. Негізгі компонент – минералды қышқылдар. Бұл сөндірілмеген әк немесе доломит, хром қышқылы болуы мүмкін. Осы үш құрамның жиынтығы негізгі компоненттің өзін құрайтын болады. Былғары өндірісінің, ет комбинаттарының, май зауытта­рының және осыған ұқсас өндірістердің май құрамдас қалдықтары технология үшін қажетті шикізат болып табылады. Фирма директоры жаңа жобаны жүзеге асыру мақсатында қажетті шикізаттар табылатын өндіріс орын­дарымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Фирма сөндірілмеген әкті Оңтүстік Қазақстан облысынан сатып алуды жос­парлап отыр. Бірақ оны Жаңақорған ау­данында өндірудің мүмкіндіктері де қара­луда. Әзірге Жаңақорған ауданын­да өзіндік әк өндіруге немесе Шиелі ауда­нында доломитке қол жеткізуге ертерек. Бірақ, “Эко­нафт” техно­логиясының тиімділігі сол, бұл өндірісті ерте ме, кеш пе жергілікті жердің шикізаты ар­қылы жолға қоюға әбден болады.

Биылғы жылы басталған “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық автодәлізінің құрылысын салуға жүздеген фирмалар тартылуда. Ал жоғарыда айтылған технологияны пайдалана отырып, мұнай қалдықтарын қайта өңдеу жолға қажетті құм-гравий қоспасына арналған шикізатты өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. Бұл асфальт-бетон жамылғысының беріктігін едәуір арттырады. Жаңа техноло­гия­ның бір қондырғысы жылына 15 мың текше метр қалдықты өңдей алады.

Сөйтіп, жергілікті кәсіпкерлер мұнай қалдықтарын өңдеп, өңіріміздің табиғи ахуалын жақсартып қана қоймай, оларды кәдеге жарату бағытында да жаңа технологияны батыл қолға алып отыр.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ. Қызылорда облысы.

Табыс салығының көлемі жалақы мөлшеріне байланысты болады
Қазақстанда 2011 жылы жеке табыс салығы бойынша (ЖТС) прогрессивті шкала енгізу қолға алынады.

“Қазақстан жаңалықтары” ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, республиканың Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай деп мәлімдеген.

“Келесі 2011 жылы жеке табыс салығы бойынша Қазақстанда прогрессивті шкала енгізіледі деп күтіліп отыр” деді ол Үкімет отырысынан кейін журналистер­мен кездесуінде. Ол сонымен бірге қазіргі таңда елі­міз­де жеке табыс салығы көлбеу шкала бойынша алы­нып, салық мөлшері 10 пайызды құрап отырғанын айтты.

“Енді жаңа мөлшерлеме бойынша есептеліп шығарылатын жалақының мөлшеріне қарай ол 10, 15 және 20 пайызды құрауы мүмкін. Мысалы, қызметкердің жалақы ставкасы 250 мың теңгеден жоғары асса, одан ұсталатын ЖТС 15 пайызға теңеседі, ал 500 мың теңгеден көп болса, 20 пайыздық салық ұсталады”, – деді министр сөзінде.

“Егемен-ақпарат”.

Президенттің қаржы жүйесін тұрақтандыру туралы  тапсырмалары орындалды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай деп мәлімдеген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қаржы жүйесін тұрақтандыру туралы Үкіметке берген тапсырмаларының барлығы толық жүзеге асырылды.

“Жағдайды пайдалана отырып мынаны айтқым келеді: Кеше БТА банктің қарызын қайта құрылымдау аяқталды, ол туралы Мемлекет басшысы да ресми түрде мәлімдеді, банктің  баспасөз  баянында да айтылды. Мемлекет басшысының қиын да күрделі 2009 жылдың басында қойған еліміздің банк жүйесін  тұрақтандыру жөніндегі міндеттерінің барлығы орындалды, деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр Қазақстанның қаржы жүйесін тұрақтандыруда атқарған жұмыстары үшін Қаржы қадағалау агенттігіне, Ұлттық банкке, “Самұрық-Қазына” қорына, сондай-ақ еліміздегі жүйе құраушы банктердің менеджменттеріне риза­шы­лығын білдірді. “Өткен қиын жылдарда, күрделі кезең­дерде біз сыннан сүрінбей өттік. Біздер қиын да күрделі бір жарым жылдың ішінде іс жүзінде апта сайын күрделі шешімдерді қабылдадық. Ортақ жауап­кершілікті сезіндік. Соның нәтижесінде қаржы жүйе­сіндегі жағдай тұрақтандырылды”, деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл ретте банк жүйесіне қатысты елімізде жинақталған тәжірибелерді ескере отырып, бұл бағыттағы келешектегі іс-қимылдарды нақты жолға қою керек. Бұл еліміздің экономикасын, түптеп келгенде халқымызды қорғау үшін, олардың бәсекеге қабілетті болуы үшін қажет.

Айта кету керек, осы ретте Үкімет бүгін банк қызметінің және қаржылық ұйымдар тәуекелдердің төмендету бөлігіндегі мәселелер бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Қор жаңа жүйені қолдайды
Осы  жылдың қаңтар айынан бастап елімізде мемлекеттік сатып алу электронды  нұсқаға көшірілгеннен кейін ірі ұлттық компаниялар заман талабына сай  жасалған саудаласудың осы түріне қызығушылықтарын білдіріп, қазір  сонымен жұмыс істеп жатқандары мәлім. Осылардың ішінде “Самұрық-Қазына”  ҰӘҚ” АҚ-тың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов сатып алудың  автоматтандырылған осы түрін бірден қолдағанын атап өткен жөн.

Соңғы  деректерге қарағанда, жыл басынан бері www.goszakup.gov.kz сай­тымен  электронды мемлекеттік сатып алуға 61 мыңнан астам қатысушы та­нысқан  көрінеді. Олардың көбі отандық кәсіпкерлер болса, қазір олар элек­тронды  жүйенің жұмысын күнделікті бизнесте­рімен тығыз байланыстыруда.  Маман­дардың айтуынша, ЭМС-тің қолданысқа енгізілуі қазақстандық үлесті  арттыруға қосылған қомақты үлес болып саналады. Қаржы министрлігінің  мемлекеттік сатып алу методологиясы департаментінің директоры Гүлжан  Әмрина bnews.kz ақпараттық агенттігі­нің ұйымдастырған on-lіne  конферен­циясында атап айт­қандай, аталмыш министрлік мемлекеттік сатып  алу пор­та­лы арқылы қазақстандық үлес жө­нінде статистикалық деректерді  зерттеу жұмысымен айналысуда. Оған қатысты мәліметтерді тапсырыс  беру­шілер қатарына жататын 50 және одан да көп мемлекетке тиесілі  акциясы бар мемле­кеттік органдар мен мекемелер, кәсіпорындар мен заңды  тұлғалар ұсынуда. Қазірде сатып алу кезінде ұлттық компаниялар да  отандық үлесті арттыруға баса мән беруде. Мысалы, осы жылдың бірінші  тоқсанының қоры­тындысы бойынша “ҚазМұнайГаз” АҚ тобы 142 миллиард теңге  көлемінде сатып алумен айналысқан деген дерек бар. Бұл ретте кейбір  сарапшылар жер қойнауын пайдалану рыногында жыл соңына дейін отандық  үлес 20 пайызға артады деген болжам жасауда. Олардың пікірінше, енді  “таныс-біліс” арқылы тендерлерді жеңіп жатқандардың заманы аяқталуға  жақын қалды. Өйткені, автоматтандырылған сатып алудың осы түрі болашақта  мұндай жағдайларға мүмкіндік бермейтін болады. Ал Индустрия және жаңа  технологиялар министрлігінің деректеріне қарағанда, кезінде шенеунік пен  жоба жасаушының ара-жігін анықтайтын қазіргідей электронды жүйе  болмағандықтан көп ретте көлденең көк аттылар тендерлерді жеңіп алып  кететін еді. Енді жағдай мүлдем басқаша бола­ды. Қазір жер қойнауын  пайдаланушы­лар электронды сатып алу арқылы тиісті ақпарат алып, өзіне  керекті мәлімет­терді жинай алады. Осы орайда “Самұ­рық-Қазына” АҚ-тың  басқарма төраға­сы Қайрат Келімбетовтің егер компа­ниялар тобы ашық әрі  әділ және ұжым­дық түрде сатып алумен айналысса, қордың қаржылық  жағдайына қомақты ықпал ететінін айтқанын атап өтуге болады. Бүгінде  “Самұрық-Қазына” қоры жер қойнауын пайдаланушылар, темір жол,  телекоммуникациялар мен электр энергетикасы саласымен тығыз байланыста  қызмет етіп жатқаны мәлім. Оның тобына 500-ге жуық еншілес ком­пания мен  оның құрамына кіретін ұйым­дар мүше. Солардың ішінде “Қаз­МұнайГаз”,  “Қазақстан темір жолы”, “Қазақтелеком” және “KEGOC” сияқты ірі  компаниялардың сатып алу үлесі 5 млрд. АҚШ долларынан асып жығылады  екен. Осы жерде айта кететін нәрсе, Мемлекет басшысының тапсыр­масымен  ұлттық холдингтер мен компаниялар отандық өндіріске қолдау көрсету үшін  сатып алуды жеңілдеткен болатын. Қазір “Самұрық-Қазына” қорының еншілес  холдингтері мен компанияларының бәріне ортақ ереже енгізіліп отыр.  Осыған сәйкес сатып алудың автоматтанды­рылған түрі әрдайым ашық әрі  әділ түрде өтіп тұруы керек. Аталмыш қордың басқарма төра­ғасы Қайрат  Келімбетовтің айтуынша, қазір ұлттық компаниялардың элек­тронды саудамен  айналысып жатқанда­ры көп, сондықтан “Самұрық-Қазына” қоры мемлекеттік  сатып алудың әрі қарай жетіліп, дами түсуіне қолда бар жағдайды жасайтын  болады. Автомат­тан­дырылған бұл электронды жүйенің тиімді жері, ол  сатып алу қызметін қарапайым түрде жүргізеді. Сондықтан мұнда жақсы баға  ұсынған сатып алушы адам ұтып, пайда тауып жатады. Осы орайда ол алдағы  кезде барлық тендер­лердің электронды нұсқаға ауысты­рылуы керек деген  де пікір білдірді.

Сонымен бірге оның айтуынша, қазіргі күннен  бастап “қара тізімге” енген жауапсыз тауар жеткізу­шілер мен қызмет  көрсету­шілерді жауапкершілікке тарту үшін олардың бәрі көз алдында  тұратындай болуы керек. Қазіргі күні элек­тронды мемлекеттік сатып алуда  бір жыл­дан астам уақыт сенімді ақтап келе жатқан тауар жеткізушілер  мен қызмет көрсетуші­лерге “жеңіл” талаптар қоюға болады. Ал кеше ғана  келіп, өздерін таныта алмаған компанияларға талап әрқашан жоғары болуы  керек.

Дастан КЕНЖАЛИН.

Көмір өндіру  өнікті болмақ

Елімізді индустрия­ландыру картасына біздің облыстан 11 инновациялық жобаның енгені белгілі. Өндірісті өңір үшін осы жо­балардың дені  Екібас­тұздың үлесіне тиіп отыр. Мысалы, “Еуразиялық энергетикалық кор­порация” акционерлік қоғамына қарасты “Восточный” деп атала­тын көмір өндіретін алып кеніш  елімізде қа­былданған үдемелі индус­триялық-инновациялық- даму бағдарламасы жобала­рының  қатарында тұр.

Құрамында  үш бірдей алып кәсіпорындары бар бұл корпора­ция 1996 жыл­дан бері жұмыс жа­сап келеді. Атап айтқанда, кор­порация құрамына Ақсу электр стансасы, “Восточ­ный” көмір кеніші және өндірістік-жөндеу бөлім­шесін біріктіреді. Үшеуі үш қалада – Ақсуда, Екібас­тұзда және облыс орта­лы­ғында ор­наласқан. Ақсуда­ғы энерге­тикалық станса Екібастұздағы “Вос­точ­ный” көмір кенішінің кө­мі­рімен жұмыс жасайды, ал бұл кеніште жылына 20 мил­лион тонна көмір өндіріледі.

Бұл корпорация электр энер­гиясын өндіретін кә­сіп­орын, тұтынушылары Ақсу ферроқо­рытпа зауы­ты, “Қазақстан элек­тро­лиз зауыты”, “Соколов-Сары­бай” кен байыту комби­наты” АҚ-тар мен еліміз­дің басқа да  бірақтар өндіріс­тік орын­дары болып та­бы­ла­ды. Жалпы, кор­пора­ция­да 6702 адам еңбек етеді.

Осыдан екі-үш жыл бұрын кор­пора­ция­ның ал­­дында өн­­діріс­тің қуат­ты­лықты арт­тыру,  электр стансасы­ның №2 энергия блогын қал­­пына келтіру, кеніште кө­мір­ді циклді-ағынды бағыт бойынша өндіретін кешен құрылы-сын аяқтау, үйіліп қалған күл үйіндісін іске жарату жобасын жүзеге асыру сияқты  біраз міндеттер тұр­ды. Осын­дай инвести­ция­лық жоба­ларды орын­дау үшін корпорация өткен жылы 17,4 млрд теңге игерді.

Сол жолы облысқа жасаған  жұмыс сапары ба­ры­сында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Екібас­тұз­да, Ақсуда болып қайтқан еді. Арнайы барып “Вос­точ­ный” ке­нішіндегі кө­мір­ді  дизельді-электрлі тар­ту күші бар техноло­гия­лық жолдан электрлі тарту күші арқылы өндіре­тін жаңа жобамен танысқан болатын. Дәл осы жерден көмірді жер астынан таза­лап, аршып алып шығатын карьерлік-конвейерлік жаңа жүйенің жасалып жатқанын да көрген. Енді, міне жуырда осы кешен  іске қосылды. Бұл жұмысқа 85 миллион АҚШ доллары жұм­салды. Кенді аршу жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытында салын­ған бұл нысан ұзындығы 6 шақырымдық конвейерлі желілер жүйесінен тұрады. Осы жерден  сыйым­дылы­ғы 90 тонналық алып “Komatsu” автотиегіштері қазып алған көмірлерін осы конвейер тізбесіне әкеліп төге бастайды. Жаңа нысанның бір ерекшелігі, ол ауаға шығатын шаң-тозаңды ұстап қалатын осы заманға сай арнайы құ­рылғылармен жабдық­талған. Корпорация пре­зиденті Абдуазим Рустам­баевтың айтуынша, өздері бір­неше жыл бойы қолға алып, іске қосылуын күт­кен бұл нысан  жаңа техноло­гия­ларды пайдалану нәти­же­сінде көмір өндіретін қазіргі қарқынды одан сайын арттырып, қоршаған ортаға таралатын зиянды қалдық­тар да азаяды. Екін­шісі, “Восточ­ный” кені­шінде ашылған бұл жаңа ны­санда 200 адам жұмыспен қамты­лыпты. Алдағы уа­қытта да кеніштің өркенді, табысты жұмыс жасауы үшін кор­порация басшы­лы­ғы жаңа жобалар­ды негізге алып, ел эконо­ми­касын дамыту жолында еңбек етеді.

Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.

Кен алыбында – ең үлкен мәшине

Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің Качар кен басқар­масында жапониялық HІTACHІ компаниясы шығар­ған тасымал көлігінің тұсау­кесері болды. Оның үлкендігі  бұрынғы “БелАЗдардан” екі метр биік, қуаттылығы мен сыйым­дылығы да  басым.  HІTACHІ мәшинесі бір сапа­рында 180 тонна кен таси ала­ды. Ал бұрынғы мәшинелердің қуаттылығы мұның жарты­сындай ғана бола­тын.  ССКӨБ жетілдірілген қуатты мәшинені республикада, тіпті ТМД елдерінде бірінші болып алып отыр. Бұған дейін кәсіп­орын осы фирма шығарған төрт қуатты экскаватор алған еді. Енді тасымал көлігі сол экскаваторлардың сыйымды­лығы мол шөміші үш рет қана қарпып салған кенді тасиды. Еңбек өнім­ділігі бірнеше есе артып жүре береді.

Качар кен басқармасының карьерінде “ССКӨБ” акционер­лік қоғамының президенті Мұхамеджан Тұрдахунов жаңа тасымал мәшинесі­нің лен­тасын қиып, оның кілтін жүр­гізушіге салтанатты түрде тапсырды.

–Біз бұл техникалардан үлкен нәтиже күтеміз. Екі жыл­дан кейін  кәсіпорын жылына 25 миллион тонна кен шығаруға тиіс. Ол осын­дай қуат­ты техникалардың арқа­сын­да ғана мүмкін болады.  Біз­де мұндай  техниканың бесеуі бар. Алдағы уақытта кен орнының бүкіл  техника паркін осындай мәшине­лермен ауыс­тыратын бо­ламыз, – деді Мұхамеджан Мамад­жанұлы.

Жаңа техника кәсіпорынға 2,5 миллион долларға түсті. Өндіріс басшысы паркті  түгел ауыстыру үшін әлі 30 миллион доллардай қаржы керектігін еске салды. Бұл  техника­ларды  ССКӨБ кәсіпорны TURKUAZ  machіnery фирмасы арқылы алған. Мамандар­дың ай­туын­ша, бұл алып тасымал мәши­несі әлемнің 2-3 елінде ғана бар. Басқару тетігінің барлығы ком­пьютерге негіз­делген техни­ка­ның сервистік қыз­меті өз ал­дына  бір сала бо­лып табылады.  Качар жоба­сы кен кәсіпорнындағы шетелдік техникаларды құрастырады және жөндеу жұмысын атқарады.

– Качар кен  басқармасы алған шетелдік мәшинелердің барлығы да жақсы жүріп тұр. Оның қуаттылығы мен жұмыс сапасының нәтижесі айта қаларлықтай, – дейді Качар жоба­сының жетекшісі Кенжехан Үмбетов.

Качар кен басқармасының карьерінде жаңа техника кен тасу жұмысына кірісіп те кетті.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, РУДНЫЙ.

Қ ұрылыста тұрыс жоқ

Ақтөбе облысы  табиғи қор­ларға бай өлке ғана емес, құрылыс индустриясы дамыған өңірге жатады. Жыл сайын облыс орта­лығында және аудандарда өнді­рістік, әлеуметтік және мәдени нысандардың көбірек пайдалануға берілуі де сондықтан. Құрылыс­тың қарқынды жүргізілуіне әлем­дік қаржы дағдарысы да кедергі бола алмады. Биылдың өзінде ондаған өндірістік нысандар іске қосылды. Олардың қатарында “Ситал-2” кірпіш зауытын, “Айс” ЖШС тауарлы-сүт фермасын, Бестамақтағы шошқа өсіретін кешенді, “Рамазан” ЖШС-нің құс фабрикасын және басқаларын атауға болады. Өңірдегі дамыған құрылыс индустриясы мен құры­лыс материалдарының молдығы саладағы межеленген жұмыстарды уақтылы атқаруға мүмкіндік беруде.

Ақтөбе облысы құрылыс бас-қар­масының бастығы Қанат Нұршиннің айтуынша, үстіміздегі жылы он жеті бюджеттік бағдарла­маға біріктірілген екі жүзден астам нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде және қайта жарақтан­дырылуда екен. Осыншама  жұ-мыс­тарды жүргізуге 22868,7 млн. теңге инвестиция қаралған көрі­неді. Оның 15568,4 млн. теңгесі  жергілікті бюджеттен бөлінуі тиіс болатын.Үстіміздегі жылғы жеті айда 13954,5 млн. теңге бөлініп, осы қаржының 99,6 пайызы игеріліпті. Мұның өзі қазіргідей қаржылық қиындықтар туындап отырған жағдайда да құрылыс жұмыстарының ырғақты жүргізі­ліп отырғанын көрсетсе керек. Бұл әрине, жаңа құрылыс нысан­дарын салуға жаңаша көзқарас қалыптастыру арқылы ғана мүм­кін болып отырғанының көрінісі. Мұның өзі жаңадан салынатын және қайта жарақтандырылатын құрылыс нысандарының жоба­лық-сметалық құжаттарын дер кезінде дайындау, оларды салатын құрылыс ұйымдары арасында тендерді заңдылыққа сәйкес уақтылы өткізу сияқты көптеген шаруалардың тиянақты атқары­луына да байланысты. Бұл бағытта облыста қалыптасқан игі дәстүр бар, құрылыс салуға машықтанған фирмалар да жеткілікті.

Білім саласында құрылысы жүргізіліп жатқан он жеті нысан­ның екеуі республикалық бюджет­т­ен қаржыландырылса, қалғаны жергілікті бюжджеттің үлесіне тиесілі.  Республикалық бюджет­тен бөлінген  501,2 млн. теңге толық игерілген. Хромтау ауданы Көктау ауылындағы 600 орындық мектептің іргетасы қаланып, қабырғалары көтерілуде. Мектепті салып жатқан “Оксибилд” ЖШС құрылыс сапасына да айрықша көңіл бөлуде. Ақтөбе қаласындағы 320 орындық балабақша құрылы­сы да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1523,6 млн. теңге қаржы 97,0 пайыз игеріліпті. Осы кезге игері­луі тиіс 240,0 млн.теңге қаржыны орнымен пайдаланған “Пром­ресурс” ЖШС біраз жұмыстардың басын қайырып тастапты. Жыл аяғына дейін он төрт нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Денсаулық сақтау мекемелерін салу және қайта жарақтандыруда да ілгерілеушілік бар.  Есепті ке­зеңде бұл жұмыстарға республи­калық бюджеттен 3045,6 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Жергі­лікті бюджеттен бөлінген 163,7 млн. теңге де орнымен жұмсалып, саланың қажетіне жарады. Биыл жыл аяғына дейін он төрт нысан іске қосылатын болады. Біреуі қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы бойынша екі нысан салынып жатыр. Екі жүз төсектік көп салалы балалар ауру­ха­насын салып жатқан “Мастак” ЖШС бұл нысанды желтоқсан айында іске қоспақшы. Қазір бұл аурухананың екінші кезегіне қаржы бөлініп, жұмыс аяқталып келді. Облыс орталығында салынып жатқан 300 орындық ересектер ауруханасына бөлінген 2085,0 млн. теңгенің қазірдің өзінде 1364,0 млн. теңгесі игеріліп, оны алдағы жылы пайдалануға берудің алғышарттары жасалуда.

Облыста тұрғын үй құрылысы тәуір жүргізілуде. 2008-20010 жыл­дарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 1002,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған еді. 2008-2009 жылдары 752,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдала­нуға беріліп, жоспар 112,2 пайыз  орындалды. Биыл 331,0 мың шар­шы метр тұрғын үй  бой көтеруі тиіс. Оның 7,3 мың шаршы метрі несиелік, 10,3 мың шаршы метрі жалдық, 102,4 мың шаршы метрі коммерциялық, қалғаны жеке тұрғын үй болып табылады. Бұдан басқа “Нұрлы көш” бағдарламасы бойынша 15,0 мың шаршы метр тұрғын үй  салынуы керек. Бұл бағдарлама бойынша қаралған 847,0 млн. теңгенің қазірдің өзінде 472,0 млн. теңгесі игерілген көрінеді. Дерек көздерінен мәлім болғанындай, мұнда 50 үйдің құрылысы аяқталып, қоныстану­шы­ларын күтуде. Барлық қаржы­лан­дыру көздері бойынша үсті­міздегі жылғы жеті айда 166,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылыпты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоспар 102,0 пайыз орындалды деген сөз. Тұрғын үйлерді пайдала­нуға берудің жоспарлы көрсет­кіштері тап осылай орындалатын болса, жыл аяғына дейін 3464 отбасы баспаналы болады. Тұрғын үйлер салынып жатқан аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жүргізуге республикалық бюджеттен қаралған 2436,8 млн. теңгенің осы кезге дейін 894,6 млн. теңгесі кәдеге жаратылып, жеті айлық жоспар 99,9 пайыз жүзеге асыпты. Жыл аяғына дейін мәдениет саласында төрт нысан, үш спорт ғимараттары пайдалануға берілмек. Комму­налдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау және сумен қамтамасыз ету құрылыстарын салу да жүйелі жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарының сапалы және уақтылы атқары­луын, бөлінген бюджеттік қаржы­лардың мерзімінде игерілуі бары­сын бақылау мақсатында әр ны­санға тиісті аудандар әкімдері мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері бекітілген. Кейбір маңызды нысандарда “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы жанын­дағы партиялық бақылау бекеттері де құрылыс жұмыстарының тия­нақты, уақтылы атқарылуын бақылауға алуы қайтарымды болып отыр. Облыста жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының қазіргі қарқыны бұл саланың ілгерілеу мүмкіндігінің мол екендігін көрсе­теді. Облыс орталығы ғана емес, шағын елді мекендерде де жаңа нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне айналуда. Күн өткен сайын көптеп пайдалануға беріліп жатқан сәні мен салтанаты келіскен ғимараттар мен өндіріс орындары, тұрғын үйлер  халықтың тұрмыс деңгейінің көтеріліп келе жатқанының айқын көрінісі. Жер асты қазба байлықтары бай өңірге инвестициялардың көптеп құйылуы құрылыс индустриясының дамуына бұрынғыдан да серпін беретініне сенім мол. Яғни, құрылыс көлемі қысқармайды, қарқыны бәсеңде­мейді. Бұған облыстағы құрылыс саласындағы үстіміздегі жылғы жеті айдың көрсеткіштері нақты дәлел болғандай.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.

Серпінді жобалар жемісі
Қай деңгейдегі болсын басшының бедел-абыройы ел мен халыққа сіңірген еңбегімен, өзіне жүктелген міндетті адал атқаруымен бағаланары анық. Бұл өмірлік қағида тұрғысынан саралағанда Қазығұрт ауданының әкімі болып бекітілгеніне жыл толған Тұманбек Әлиевтің осы мерзім аралығында жүзеге асырған татымды тірліктері алдымен өңір жұртшылығының оның ел басқарудағы қарымды қабілетіне нық сенімін арттырып үлгерді. Таулы, жазықты, сулы аймақты жайлаған Қазығұрт ауданының құнарлы жері жайқалтып сан-салалы егін, мыңғыртып төрт түлік мал өсіруге, өндірісті де өрістетуге өте қолайлы, яғни әлеуеті өте жоғары өңір. Елімізде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданғаны мәлім. Қазығұрт ауданында осы маңызды құжаттың шеңберінде алдағы бес жылда жүзеге асырылар серпінді жеті жоба белгіленді. Өңірдің өркендеуін қамтамасыз етуге көзделген бұл ауқымды жоспарлардың бірқатары қазірдің өзінде-ақ орындала бастады.

Алматыдан арнайы шақырылған ғалымдар Қазығұрт кенті орналасқан аумақтың жері астында шипалы судың мол қоры бар екенін анықтады. Әйгілі Сарыағаш шипажайы суының негізгі арнасы осы Қазығұрт жерінің тереңінен бастау алатыны да белгілі болды және ыстықтығы 45 градус. Ал, оның темпера­турасы Сарыағашқа жеткенше едәуір төмендейді екен. Соның әсерінен Қазығұрттың астындағы минералды судың 32 емдік қасиеті болса, Сарыағашта ол 18-ге кемитіні де дәлелденді. Міне, мұндай ерекше байлықты халық игілігіне тиімді пайдалану мақсатында Қазығұрт ауданының орталығына жақын маңда 150 орындық санаторий салу қолға алынды. Бір айда мұнда 450 адам денсаулығын түзеткенде түбінде одан ауданға түсер пайда көл-көсір болмақ. Тынығушыларға жаратыла­тын қажетті өнімдер осы ауданнан табылатыны да сөзсіз. Аудандағы тұңғыш санаторий келесі жылдың ортасына дейін игілікке берілмек.

Іске асырылған екінші жоба – Қақпақ тауының баурайындағы Көктөбе биігінен жарып ағатын бұлақтардың суының құрамы да мұқият зерттеуден соң адам ағзасына шипалы қасиеті бар болып шықты. Қайбір жылдары аталған бұлақ суының емдік қасиеті жөнінде республикаға кеңінен мәлім болған. Бірақ кезінде оны халық игілігіне талапқа сай пайда­лану тоқтап қалып еді. Ауданның бүгінгі бас­шылығы бұл істі қайта қолға алудың арқасында судың құрамына тағы да мұқият тексеру жасалынып, қазір одан “Көктөбе” деген атпен күніне 1200 дана құты тұтынушыларға жіберіледі. Ғалымдар бұған “Тибеттің суы алтын болса, Көктөбенің суы бриллиант” деген баға беріпті. Өйткені, Қақпақ бөктерінің тумасы адам ағзасын­дағы тастарды ерітіп шығаратын көрінеді.

Кезінде әлемге әйгілі болған, кейіннен азайып кеткен Алматы­ның апортын Қазығұрт ауданы­ның ауылдарында өсіру идеясы құптарлық. Теңіз деңгейінен 950 метр биіктікте орналасқан аудан жерінде жақсы өсетін Алматы апорты биыл Тұрбат, Алтынтөбе, Көкібел, Қақпақ, Жігірген елді мекендерінде егілді. Жыл аяғына дейін оның көлемін 40 гектарға, келесі жылы 60 гектарға, жалпы үш жылда 100 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Келешекте күллі Қазақстанды Алматы апортымен қамтамасыз ету мақсаты бар. Бау-бақша өсіруге жаңа технологияны батыл енгізу жұмыстары жүргі­зілді. Ауданда биыл алғаш рет тамшылатып суару жүйесі қолға алынып, оны 70 гектар жүзімдік алқабына пайдалана бастады. Суды үнемдеудің бір тетігі ретіндегі бұл әдіс қазір ойдағыдай нәтиже беріп отыр.

Ауданда 300 мың бас тауық өсіретін ферманың құрылысын жүргізу, жеміс-жидекті, көкөністі кептіріп, оны ұнтақтайтын ТМД елдерінде жоқ зауыт салу, саябақта аквапарк ашу сияқты жобалардың да іске асуына қазіргі кезде игі қадамдар жасалынып қойылды. Бұдан басқа кезек күттірмес, өмірдің өзі ұсынған маңызды жобалар да жетерлік. Мәселен, республика бойынша екі-ақ жерде бар малдың малағынан ең арзан көгілдір отын өндіретін “биогаз” фермасының үшіншісін Қақпақ елді мекенінде салу келесі жылдың жоспарында тұр. Бұл жоба да облыс басшысы тарапынан қолдау тапты.

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түспейтін тақырып. Биыл жыл соңына дейін таза ауызсу түгілі, ағын суға да зәру Шанақ, Ақжар, Еңбекші ауыл­дарына Қазығұрт тауы бөктеріндегі есте жоқ ескі заманнан суы азайып көрмеген Ақ­бура бұлағынан құбыр тарту жұмысы аяқтал­мақ. Жалпы, елді мекендерге алдағы жылдары жерасты суы емес, таудағы бұлақ көздерінен құбыр жүргізу арқылы жеткізу жоспары да қуаттауға лайық. Жыл ішінде 21 елді мекенде ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Келесі жылдың соңына дейін аудандағы ауылдардың бәрі дерлік таза ауыз суды тәулік бойы пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізбек.

Қазығұрт ауданының көрікті жерлері туризмге әбден лайық. Бұл ретте де табиғаты әсем орындарда салынған турбазалардың игілігін халық көріп жатқанын айтуға болады. Аудан бюджеті есебінен спорттық сауықтыру кешені, фитнес-клуб нысандары да бой көтермек.

Жалпы, ауданда белгіленген жеті жобаның жүзеге асырылғандарының және әлеуметтік мәселені шешу мақсатында атқарылған жос­парлы шаралардың нәтижесінде бір жыл ішінде 300-ден астам адам жұмыспен қамтыл­ды. Алға нақтыланған талай шаруаның арқасында әлі көптеген қолы бос тұрғындар­дың белгілі бір іс тұтқасын ұстайтындарын ба­ғамдауға болар. Қысқасы, аудан халқы өңірлік биліктің тиянақты қамқорлығын сезініп отыр.

Жеңіс БАҺАДҮР, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы.

Әкімдер есебінің орындалуы қалай?
Сіз не дейсіз?

Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің “Жергілікті атқарушы ор­гандардың басшыларының тұрғын­дар­мен есеп беру кездесулерін өткізу туралы” 2005 жылғы 6 сәуірдегі Жар­лығына сәйкес облыста биылғы жылдың 18 қаңтары мен 12 ақпаны ара­лығында барлық деңгейдегі әкім­дердің есеп беру кездесулері болып өтті. Оның біршамасына өзіміз де қатысып, мақалалар жазғанбыз. Жақ­сы бір дәстүрге айналған ой қорыту алаңдарында тұрғындар тарапынан көптеген ұсыныс-тілектер айтылғанын білеміз. Бұл өңір ахуалын одан әрі жақсартудан туған сұраныстың өскендігін аңғартады. Уәденің орындалуы, жағдайдың етек алысы қай деңгейде?

“Егемен Қазақстанның” тілшісі Бақберген АМАЛБЕК Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Болат ЖҰПЫНОВҚА:

– Сіз бұған не дейсіз?

– Барлығы 695 кездесу өткізіліп, оған 79447 адам қатысты. Соның ішін­де 2111 адам мінберлерден сөз алып, 1761 ұсыныс-тілек енгізді. Мұның басым көпшілігі, яғни 98,9 пайызы әлеуметтік тұрғыдағы мәсе­лелер. Бізде әкім ғана емес, оның командасы түгел есеп беретіндіктен, сұрақтардың 1662-сіне сол заматта түсінік беріліп, көптеген мәселелер қолма-қол шешімін тапты. Ал, ең өзекті деген 99 сұрақ арнайы бақы­лауға алынып, олардың орындалу барысына күні бүгінге дейін тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді.

Мәселе негізінен қаржыға ті­ре­ле­тіндіктен, барлық ұсыныстарды қаржыландырудың әртүрлі көздері айқындалды. Осының нәтижесінде ел игілігіне жаратылған дүниелер аз емес. Айталық, аудан орталығы Ар­ша­лының Митченко көшесін, Ас­тра­хан ауданы орталық қонысының ішкі жолдарын жөндеп, абаттан­ды­руға облыстық бюджеттен әрқай­сы­сына 10 миллион теңгеден бөлінді. Сондай-ақ, Арнасай ауылындағы дәрігерлік амбулатория ұйымдық техникамен жарақтандырылды.

Атбасар қаласында халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақ­сатында тереңге қойылатын сорғы­лар сатып алынды. Оған аудандық бюджеттің 3541 мың теңге қаражаты жаратылды.

Республикалық бюджеттен 40,2 миллион теңге қаржы бөлінуінің арқасында Ақкөл ауданындағы Алек­сеев орман шаруашылығы елді мекенін электр қуатымен қамта­ма­сыз ету, сондай-ақ, “Алексеев электр желілері” нысанының құрылысын аяқтау мәселесі шешімін тапты.

Қорғалжын ауданында құны 142 миллион теңгелік Аманкелді ауыл­дық мектебі салынып, осы аудан­дағы гим­назия құрылысына бөлінген 27,8 мил­лион теңге қаржының игерілуі қам­тамасыз етілді. Жар­қайың ауда­ны­ның Костычев орта мектебі, Шой­ындыкөл және Баран­көл негізгі мек­тептерінің оқушы­лары жаңа оқу жылын көтеріңкі көңілмен бастады.

Ірі кәсіпорындар, бизнес қауым­дастығы мен шаруа қожалықтары да ел тілегін орындаудан қалыс қал­май­ды. Бір ғана мысал айтайын. Ақ­мола облыстық телекоммуникация дирек­ция­сының қаржысы есебінен Ерей­мен­тау ауданының Изобиль­ный, Жақсы ауданының Новокиев­ка, Та­расовка, Калинин, Сандықтау ауда­нының Богородка ауылдарында сан­дық телефон стансалары орнатылды.

Тұтастай алғанда, алғашқы жар­ты жылдықта ұсыныс-тілектердің 25,2 пайызы толық орындалды. Ал, 5,1 пайызының орындалу мерзімі кешеуілдеп отыр. Бұл жөнінде нақты ша­ралар қолданылатын болады. Жалпы, осы мәселелерге қатысты не­ғұрлым толығырақ ақпарат алғысы келген жерлестеріміздің облыс әкімі­нің сайтын пайдалануына болады.

Ақмола облысы.