Общество
Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесіне баруы отандық креативті сектордың институционалдық тұрғыдан қалыптасуындағы маңызды кезең болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қор салаға жүйелі қолдау көрсететін негізгі орталыққа айналуға тиіс. Мұнда таланттарды қолдау, инфрақұрылым қалыптастыру, инвестиция тарту, креативті өнімді ілгерілету және экспортқа шығару бағыттары біртұтас жүйеге біріктіріледі. Қордың жаңа кеңістігі идеядан бастап өндіріс пен өнімді нарықта ілгерілетуге дейінгі толық циклді қамтитын шоурум форматында таныстырылды. Президентке зергерлік және ағаш өңдеу шеберханалары, музыкалық кеңістіктер, кілем өнері залы, суретшілер залы және fashion-аймақ сынды тақырыптық алаңдар көрсетілді. ...
...