Регионы
Аспантаудағы ауқымды істер
Хантәңірінің етегіндегі құтты мекен, Райымбек ауданының құрылғанына 90 жыл толатын мерейтой қарсаңында алғаш рет «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының өзегі» атты ауқымды ауылшаруашылық форумы өтті. Дала төсін дүбірге бөлеген шара аясында тыңайтқыштар, дрондар және өсімдік шаруашылығына арналған заманауи технологиялар көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Шаруа қожалықтарының өкілдері, сала мамандары, ғалымдар мен аудан тұрғындары басқосқан форум жұмысы ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлер мен ғалымдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. ...
...