Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ







№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-05-31:

Мемлекеттік тілді тереңдетіп әрі жеделдетіп үйретеміз

 

Айгүл САҚЫПКЕРЕЕВА, “Айгөлек” балабақшасының директоры.

 

“Айгөлек” балабақшасының отау тіккеніне көп бола қойған жоқ. Бір жылдан енді асып барады. Оның ашылу салтанатына Елбасымыз Н.Назарбаев қатысып, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үрдісін қолдаған болатын. Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде “Бұл балабақша­ның ерекшелігі сол – осында ата-аналары 120 орыс баласын алып келген. Олар бала­лары­ның қазақ тілін меңгеруін қалайды. Міне, осылай істеу керек. Біз қазақ тілінің басым­дық алуы туралы сөз етіп тұрған жоқпыз. Алайда, ол мемлекеттік тіл мәртебесіне сай дамуы керек. Қазақтар орыс тілін, басқа ұлттың адамдары қазақ тілін білсін. Өзара түсіністік, бүкіл қазақстандық ұлттардың бірігуі дегеніміз, міне, осы”, деген еді.

Қазір мұнда 320-дан астам бүлдіршін тәр­бие­­леніп жатыр. Басқа ұлт балалары – 160-тай. Уақыт өткен сайын олардың саны молығып келеді.

Балабақшада тілдер кабинеті, музыка залы, шағын өнер мектебі, балалар театр сту­дия­сы, ойын кешені, бассейн, физиокабинет, тренажерлер залы жұмыс істейді. Бүлдіршіндердің дидактикалық ойындар арқылы тілдерді жедел де терең меңгеру, баланың сөйлеу белсенділігін сауықтыру-түзету жүйесі бойынша ынталандыру басты бағдарға алынған. Сондай-ақ қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерімен, ғажайып ертегілермен жан-жақты таныса алады.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақша бүлдіршіндерінің атсалысуымен көптеген мәдени шаралар жүргізілу үстінде. Әділ Ескендіров, Гоша Шаэрман, Аида Құрманғалиева, Жақсылық Смағұлова сурет салу байқауына қатысты. Қазақ ертегілерін сахналап, жақсы көретін кейіпкерлерін сомдады. Қазақ тілін әжептәуір меңгеріп қалған Таня Костина, Катя Приходченко тілді сурет арқылы үйренудің тәжірибесін көрсетті. Аня Шальковская балабақшаны биыл тәмамдауы керек еді. Алайда, ата-аналары оны тағы бір жылға қалдырғанды жөн көріп отыр. Ондағы мақсат – мемлекеттік тілді терең үйреніп шығу. Міне, балдырғандар жыл бойы жинаған білім қазыналарын, тілді қаншалықты дәрежеде игергендерін өздерінің мерекесінде тағы бір таразылады.

Жалпы, біз Елбасының “Ана тілі” газетіне берген сұхбатын оқыған соң, өз жұмысымызды тағы да жетілдіре беруге, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өз үлесімізді қосуға бел шешіп кірістік.

 

Петропавл.

 

Суретте: Елбасы “Айгөлек” балабақша бүлдіршіндерімен.

 

Бүлдіршіндер дән риза

 

Берік САДЫР.

 

“Бар жақсылық – балаларға” атты қанатты қағида бар. Ал балбөбек бүлдіршіннің жүзінен нұр шашып, бар ықыласымен риза болғанын көруден асқан бақыт жоқ шығар. Балаларды қорғаудың халықаралық күні қарсаңында әр отбасынан тартып еліміздің барлық ұжым-мекемелері балдырғандарға қолдан келер шапағатты жасап баққандары белгілі. Осындай өнегелі істің бірін Астанадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музей қызметкер­лері ұйымдастырып, елордадағы №29 “Аққайың” балабақшасының тәрбиеленушілерін қонақ етті.

Астанадағы Тұңғыш Президент­тің музейінің ашылғанына бір жылдан асып, бүгінгі таңда мұражай қоры 62 мыңнан астам бірлікті құ­рап, өткен уақыт аралығында мұнда келушілер саны 65 мың адамнан асып­ты. Сондай-ақ, музей жанынан мұ­ғалімдер кеңесі құрылып, “Тарих беттерінен” атты білім беру бағдарламасы бойынша арнайы құралдармен жабдықталған орында музейлік арнаулы сабақтар жүргізіліп, белгілі тұлғалармен кездесулер, дәрістер тұрақты түрде өткізіліп, балаларды өнерге баулитын көркем-сурет және қолданбалы өнер студиясы жұмыс істейді екен.

Балаларды қорғау күніне орай му­зей қызметкерлерінің Астанадағы “Ақ­бота” балалар қорымен бірлесе отырып өткізген “Ертегілер әлемі” атты мерекелік сабағы мұнда келген бүл­діршіндерді дән риза етті. Театр­лан­дырылған сабақ кішкентай бүл­дір­шіндерді қазақ халқының ежелгі өсиеттері мен аңыздарының сарқыл­мас қазыналарымен таныстырды. Балақандар мұндағы қошеметке дән риза бола отырып, тақпақ-өлеңдер оқып, би билеп өз өнерлерін де ортаға салды. Қызықты кешке келген бүлдіршіндерге “Ақбота” қоғамдық қоры мен музей қызметкерлері ес­керт­кіш сыйлық үлестіріп, балдыр­ғандар “Арман-үміт” шарын әуелете ұшырып мәз-мейрам болысты.

 

Баланың жайы — бірінші кезекте

 

Серік ПІРНАЗАР.

 

Үстіміздегі жылғы балаларды қорғаудың халықаралық күніне Қызылорда облысының білім беру мекемелері ерекше мән беріп отыр. Осы күні аймақтағы барлық аудандарда “Біз – бақытты ба­ла­мыз” атты мәдени шара атқа­ры­лады. Сонымен бір мезгілде “Ай­на­лайын” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, тұрмыстары төмен және жетім бүлдіршіндерге ақшалай-заттай көмектер көрсетіледі. Жаппай жүргізілетін “Пушкин және ертегілер әлемі” деп аталатын қойылым жас жеткіншектерді қарап қызықтырып отыр. Қаладағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жоспар­ланған “Күн күледі” атты облыстық балалар шығармашылығы ретро-фестивалінің де пайдалы тұстары көп болатыны анық. Мейрам сәтінде жас ақындардың “Ақ қауырсын” тақырыбымен ашылатын мүшәйрасы да мектеп оқушылары ішіндегі жырдан маржан тере­тіндердің бағын ашатыны анық. Жалпы, бұл күні өтетін шаралардың түрі көп.

Сонымен, Сыр бойында балаларды қорғаудың халықаралық жеткіншектердің жазғы тынығу маусымына ұласайын деп тұр.  

 

Қызылорда облысы.

 

Полигон өңірінің жеткіншектеріне қамқорлық

 

Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.

 

Семейдегі үкіметтік емес ұйым­дар қауым­дастығы бүгінде жиыр­ма­дан астам мекеме, кәсіпорындардың басын біріктіріп отыр. Халықаралық “Невада-Семей” қозғалысы мен  халықаралық “По­лигон – 29 тамыз” қайырымды­лық қоры осы қауым­дас­тықтың басты құрылтайшылары болып табылады.

Аталмыш қауымдастық құрылған беттен ядролық сынақ аймағындағы науқас балаларды сауықтыру ісімен айналысып келеді. Бұлардың ұйымдастырып, жәрдемдесуімен соңғы үш жылда Семей өңірінен 150 жеткіншек Италияда, 300-дей жеткіншек “Бөбек” республикалық оқу сауықтыру орталығында демалды. Ал биылғы жылы 10 бала Италияда, 30 бала Алматыда демалмақ.

Қауымдастық  президенті Сұл­тан Картоев балалардың облыс­тық “Сәулетай” қорымен де байла­ныс­тары тығыз екендігін ай­тады. Осы қормен бірге олар жыл сайын қа­ла­лық, облыстық газет беттерінде сауықтыру мәсе­ле­леріне арналған конкурстар өт­кі­зеді. Оған әр жылда 5 мыңнан астам жеткін­шектер қатысып келеді.

Осы маусым айында көршілес Павлодар қаласында “ХХІ ғасыр жеткіншектерінің денсаулығы үшін” деген тақырыппен халық­ара­лық акция өткізілмек. Семей­лік жеткіншектер оған да зор бел­сен­ділікпен қатысуға даярлануда. Жапондықтар Садако есімді атом полигонының құрбаны болған бойжеткен есімін қандай құрмет тұт­са, біз де Самал есімді қыр­шы­ны­нан қиылған семейлік оқушы қызға сонша құрмет көрсетуге тиіспіз, дейді Сұлтан Омарұлы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат