Қарағандыда менеджер қыз Головкиннің портретін салды

22-02-2016 gggҚАРАҒАНДЫ. 22 ақпан. Қарағандыда өнерлі қыз Лаура Байшоқанова белгілі спортшы Геннадий Головкиннің портретін салып, енді оны боксшының өзіне тапсыруды армандап жүр. Бұл туралы InformBURO порталына сілтеме жасаған egemen.kz  тілшісі хабарлады.

«Мен әйгілі боксшының портретін бес күн ішінде салып бітірдім. Қазірдің өзінде оны сатып алуға ниет білдіргендер бар. Бірақ мен портретті сатпаймын. Ал Геннадийдің өзіне табыс етуге мүмкіндік туып жатса, менен бақытты жан болмас еді», – дейді Лаура.

Өнерлі қыз портреттерді кәдімгі бояу қарындаштарымен салады. Бір қызығы, Лаура Байшоқанова жүк көліктерін жөндеу және қызмет көрсету бойынша техникалық орталықтың менеджері болып жұмыс істейді.

Қайрат Әбілдинов.

Дерек, сурет: InformBURO.

 

 

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

2 × 4 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
ақпан 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң Нау »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29 
QR-код

Осыған ұқсас