Алғашқы адамдар неге қырылды?

cacfd8246520a0d8f85c04f25b8e576cЖер бетіндегі алғашқы адамдар, яғни неандер­талдықтардың басым бөлігі киінуді білмегендіктен жойылып кеткен. Канадалық антропологтар осындай қорытындыға келіп отыр.

Ғалымдардың пайымдауынша, алғашқы адамдардан кейінгі Homo sapiens, яғни епті адамдар алдыңғы аталарына қарағанда өмір сүруге біршама бейімдеу болғанға ұқсайды. Олар аулаған аңдардың етін ғана жемей, терісін киім ретінде пайдаланыпты. Керек болса, аңдардың ірі сүйектерін қару орнына пайдаланған болуы мүмкін.

– Шынында да, алғашқы адамдар сияқты емес, кейінгілері өмір сүруге бейім болған. Олар теріден жеңі жоқ, бірақ денесіндегі жылуды сақтайтын киім жасауды үйренген. Әйтпесе, неандерталдықтар сияқты жойылып кетуі әбден мүмкін еді, – дейді ғалымдар.

Антропологтар ежелгі адамдар өмір сүрген жерлерден табылған заттарға қарап, олардың немен қоректенгенін, қандай заттар тұтынғанын жорамалдауда. Үңгірлерден табылған киім қалдықтарына қарағанда, ертедегі адамдарды мамонт, аю, бұғы секілді аңдардың терісі аман алып қалған көрінеді.

Нұрхан САМАРХАН

Айдары
ӘлемЖаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бес × екі =

Мұрағат
тамыз 2016
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
« Шіл   Қыр »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
QR-код

Осыған ұқсас

  • Қостанайда хайуанаттар паркі ашылды

    Хайуанаттар паркі туралы облыста бұрыннан айтылып жүретін. Бастаманы биологтар мен әуесқой табиғат қорғаушылар ара-тұра көтеріп қоятын. Енді олар нақты іске кірісіп отыр. Қазір облыс орталығында есігін енді ашқан «Теремок»...
  • Кенді Алтайдың кереметтері

    музейдің мәнін ашып тұр Өскеменнің өлкетану музейі өзіне назар аударарлықтай өте қызықты. Өткенде жұңғо жұртынан келген бір топ турист тамсанып кетті. Осындағы дүниелерді орайын тауып насихаттай алмай жатқан сияқтымыз....
  • 10 000 жыл бұрынғы мамонт қаңқалары

    Қазақтар зіл деп атайтын мамонттың азулары мен сүйектерін Зеленый Гай ауылының тұрғыны Әнуар Қабылжапаров кездейсоқ тауып алған. Ол мал бағып жүріп, терең сайдың ішінен сүйек шашырандыларын байқап қалған. Атан...
  • Ресейде ерлі-зайыптылар аюды балаша асырап отыр (фото)

    АСТАНА. 31 мамыр. Британия БАҚ-тарының жазуынша, Ресейде аюды балаша асырап отырған отбасы бар екен. Бұл туралы Daily Mail  газетінің ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Салмағы 140 кило келетін...