Ғ. Молданазар: «Менен де мықтылар бар. Олар қазір ешкімге керексіз»

mg_2535

Музыкант Ғалымжан Молданазар Власть басылымына сұхбат беріп, өзінің өмірі, көзқарасы, музыкасы жайлы әңгімеледі. Туған жері, туған тілі туралы да айтты. Төменде сұхбаттан үзінділер беріп отырмыз.

Өзімді Қазақстан эстрадасының өкілімін деп санамаймын. Не жасыратыны бар, біздің эстрада маған ұнамайды. Мәдениет, музыка, шығармашылыққа деген мұндай көзқарас ұнамайды. Фонограмма – деген ол қылмыс. Жұртты алдап, ақша алу… Біздің адамдар, көрермендер өздерін ұялмай, ашықтан-ашық алдап жатқанын білуі керек. Ал әртістер өздерінің жасап жүргені қылмыс екенін түсінулері керек. Бұл енді… жылағың да, күлкің де келеді. Мен қылмыскер болғым келмейді.

***

Менен де мықтылар бар, бірақ әзір олар ешкімге керек болмай жатыр. Мен баяғыдан ән шығарып келем, бірақ ол әндер керексіз болып Интернетте жатты. Сосын Ресейде біреулер «О, бір қазақ күшті синти-поп жасап жүр» деді. Сосын біздікілер «О! Біздің бала Еуропада бірдеңе ұтып алды» деді. Бірақ мен оған дейін де болғам негізі.

***

Ресейге бірнеше рет шақырды. Бірақ барғым келмеді. Өйткені, Алматыны өте қатты жақсы көрем. Бұл жерден ешқайда кеткім келмейді.

***

Ешқашан атаққа, көп ақша табуға қызыққан емеспін. Көбі «Сенің орныңда болсам, басқа жаққа кетіп қалар едім» дейді. Мен кеткім келмейді. Соңына дейін осында қалып, осы қалада made in Kazakhstan деуге тұрарлық бірдеңе жасасам деймін.

***

Қазақ тілі ол мен үшін дүниеге алғаш келгенде естіген дыбыстарым. Мен оны мектепті бітіргенше тыңдадым. Өйткені, біздің ауылда бір ғана орыс отбасы болды, олардың өзі орысша білмейтін.

***

Қайрат Нұртасты өз басым сыйлаймын. Оның өз аудиториясы бар. Тіпті сондай үлкен аудитория менде де болса деймін. Қайратты сүйіп тыңдайтын, тыңдап отырып жылайтын жақындарым бар. Ол шынымен де адамдарға бір сезімдер береді. Ол шынымен де адамдарды бір нәрселер туралы ойландырады.

***

Әкем қатал, әскери адам. Бірақ іштей еркін адам. «Білгеніңді істе. Ең бастысы, жұртты алдама» дейді.

***

Алты баланың кішісі болдым. Қазақта үйдің кішісі әке-шешесімен қалады. Ал мен кететінімді мектепте жүргенде-ақ білдім. Бірақ туған ауылымды қатты жақсы көрем. Жиі барам. Сағынғанда билет алам да кетіп қалам. Дегенмен… бала кезімде, қазір де ол жермен біртүрлі гармония таба алмаймын.

***

Ауылдың тәрбиесімен өстім. Сондықтан кей нәрселерді қабылдау маған қиын. Мысалы, баланың әке-шешесімен дауласқанын көргенде «Не болып барады өзі?» деп шошимын.

***

«Сен американ музыкасын насихаттайсың. МузАРТ, Қайрат Нұртас – міне бұлар біздікі» деп ұрсады кейде. Мен түсіндіруге тырысам: «МузАРТ пен Қайрат Нұртас электронды гитарамен, синтезатормен айтады. Қазақ электронды гитара тартып па еді? Қалайша оны нағыз қазақ музыкасы деп айтасыз?».

***

Қазақша болсын дейтіндер тойларына Канье Уэст, Бейонсе, Дженнифер Лопестерді шақырады. Ол жерден домбыра, қобыз көрмейсіз.

***

«Неге домбыра тартпайсың?» деп те ұрсады. Бір ағамызға «Міне көшеде кездестік. Сіз неге мерседеспен келдіңіз, неге атпен келмедіңіз?» дедім.

***

Бірдеңе дұрыс болмай жатса, бәрін тастап қашуға болмайды. Әркім өз ісін адал атқарса, елді сыйласа, және адамдарды ақшасы үшін емес, адам болғаны үшін сыйласа, жақсырақ болады. Патриотизм деген осы.

***

Мұны естіп біреулер мырс етуілері мүмкін. Бірақ біз қатты болып кеттік. Достарымыздың өзіне сенбейміз. Адам болудан қала бастағандаймыз.

***

Майкл Джексон нағыз король. Оны сынап жатса, өз басым біртүрлі бола бастаймын.

***

Тойларда ән айтпайтын себебім, тойдың шырқын бұзғым келмейді. «Кейде біреу келіп «Ей інішек, осы сенің айтып жүргенің не ән?» дейді. Бұл да бір пікір. Оны да сыйлаған дұрыс.

 

 

Айдары
ЕлҚоғамРедактор таңдауы
4 пікір жазылған
  • Дулат
    20 қыркүйек 2016 at 23:43
    Пікір жазу

    Нағыз қазақтың баласы екен. Ауылым деп тұрған жігіттен айналып кетейін.

  • Камила
    21 қыркүйек 2016 at 11:19
    Пікір жазу

    Керемет жан екени созiнен де, iсiнен де коринип тур. Осындай толерантты, мыкты адамдарга ризамын, ешкашан мойымаса екен деймин!

  • Гул
    22 қыркүйек 2016 at 00:18
    Пікір жазу

    Шынында Ғалымжан дұрыс айтып отыр, сөзінің жаны бар. Осындай шынайы азаматтар көп болса деймін. Өлеңдері маған қатты ұнайды бір ерекше стильде айтады. Өзінеде, өлеңдерінеде ғашықпын.

  • Гульнар
    24 қыркүйек 2016 at 15:07
    Пікір жазу

    Өнер иесі жүрегіндегіне ашық айтыпты. Бұл қазіргі қоғамда сирек кездесетін қасиет . Көп əншілер жасанды. Түрлері де өнерлері де өмірлері де. Оларды телеарна жаппай жарнамалайды кеп…
    Жалған нəрсе өнер болмайды.

  • Пікір жазу

    *

    *

    екі + тоғыз =

    Мұрағат
    қыркүйек 2016
    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    « Там   Қаз »
     1234
    567891011
    12131415161718
    19202122232425
    2627282930  
    QR-код

    Осыған ұқсас