«Қазіргі жаһандық проблемалардың бәрі демографиядан туындайды»

demo

Азия елдерінің халқы өте жылдам қарқынмен өсіп жатыр. Оның себебі неде? Салдары қандай болуы мүмкін? Бірінші мыңжылдықтың ортасында Азиядан басталған Халықтардың ұлы көші Рим империясын күйретті. Азия және Африка елдері халқының қазіргі миграциясын сол оқиғалармен салыстыруға бола ма? Ресейлік демограф, экономика ғылымының докторы Анатолий Вишневский мен lenta.ru порталының сұхбатында осы тақырыптағы сұрақтар қозғалады. Egemen.kz сұхбаттан цитаталар ұсынады.

 

Әлемнің халық саны тез өсіп жатқан аймақтарында 6 миллиард адам шоғырланған, оның 4,5 миллиардқа жуығы – Азияда. 20 жылдан кейін-ақ мұндағы халық саны 5 миллиардқа жетеді.

 

Ресейде 145 миллион халық бар. Ресей территориясының 75 пайызы – Азияда. Алайда оның азиялық бөлігінде 30 миллионға жетпейтін халық тұрады.

 

Халық санының күрт өсуі Азияның өзіне қауіпті. Демографиялық жарылыстардан Азия қоғамдарында ғасырлар бойы қалыптасқан баланс бұзылып, әлеуметтік шиеленістер туып жатыр. Жинала келе олар әлеуметтік жарылыстарға себеп болуы мүмкін.

 

Мұндай жағдай Қытайда бола қалса, сілкіністер Ресейге әсер етпей қоймайды. Көші-қон қысымы әскери қысымға айналуы адамзат тарихында көп болғанын ұмытпауымыз керек.

 

Өткен ғасырдың ортасында Түркия 20 миллиондай ғана халқы бар ел еді. Оның жанында халық саны он есе көп ұлан-ғайыр Кеңес одағы тұрды. Қазір Түркия халқының саны 4 есе өсіп, өзгелер санасатын үлкен күшке айналды.

 

Қытай мен Үндістан ше? Осы екі елдің халқы ғана алдағы 30-35 жылда 3 миллиардқа жетеді. Екеуінің де шешілмеген проблемасы бастарынан асады.

 

ХІХ ғасыр ортасында  үшінші әлем елдері медицина, гигиена, тағы да басқа салалардың жетістігін игеруге көшті. Өлім-жітім азайды, ал туу деңгейі жоғары күйінде қала берді.

 

Мәселенің негізінде өлім-жітімнің күрт азаюы жатыр. Мыңдаған жылдар бойы өлім-жітім  Жер шарындағы халық санының өсуін реттеп отырды. Қазір ол бұл рөлінен айрылды.

 

Еуропада өлім-жітім XVIII ғасырда Пастер, Кох немесе Флемингтердің жаңалығынан біртіндеп азайды. Азия бүкіл жетістікті дайын күйінде алды. Өлім-жітім санаулы жылда азайды. Ал туу деңгейі тез өзгермейді. Ол үшін мәдени өзгерістер керек.

 

Түбінде туу да азаяды. Бірақ ол өлімнің азаюынан 20-30 жылға кешіккеннің өзінде демографиялық жарылысқа апарып соғады.

 

Халық саны өсуімен бірге көрші елдерге қысым да өседі.

 

Қазір көшіп-қонушылардың көбеюі – аймақтық емес, ғаламдық құбылыс. Бірінші мыңжылдықтың ортасындағы Халықтардың ұлы көші кезінде Жер шарының халқы 200 миллионнан аспайтын. Қазір тек мигранттардың саны 250 миллионнан көп.

 

Адамзаттың бүкіл тарихында миграция демографиялық проблемаларды шешудің жолы болып келді. Алғашқы адамдар Африкада пайда болды, сосын көшіп-қонып бүкіл жер бетіне тарады. Бізге оның қатысы жоқтай көреміз. Алайда, бүгінгі АҚШ тұрғындары сәл ғана бұрынғы көші-қон кезінде пайда болды емес пе?

 

АҚШ Мексикадан күшті миграциялық қысым көріп отыр. Ондайды қысымды біз әзірге Қытайдан сезіп отырған жоқпыз. Алайда, болашақта не болатынын кім біледі?

 

Демографиялық жарылыстардың соңы неге апарып соғатыны туралы тек жорамал жасауға болады. Алайда, оның бір нәтижесі халықаралық терроризм болуы мүмкін десек, қателесе қоймаймыз.

 

Қазір оны көбіне ислам фундаментализмімен байланыстырады. Бірақ мәселе исламда емес. Ислам елдерінің көпшілігінде халық саны тез өсуде. Тұрғындардың басым бөлігін құрайтын жастар экономиканың нашарлығынан өздерінің болашағы жоқ екенін көріп отыр. Осының бәрі терроризмге апарады.

 

Модернизация тұрғындардың бір бөлігін маргиналдануға апарады. Олардың көкейіндегісін дәл табатын экстремистік идеологиялар қашан да дайын тұрады.

 

Алайда, көші-қонды терроризммен байланыстыруға болмайды. Оның өз себептері бар. Үшінші әлем елдерінде модернизация басталды. Бұл ауылдық жерде жүздеген жыл бойы тұрып келген сан миллион адамға қозғау салды. Олардың ең белсенді бөлігі дамыған елдерге бейбіт ниетпен аттанды.

 

Демографиялық өсім халықтардың араласуына апарады – одан ешқайда қаша алмаймыз. Батысқа қоныс аударушылар көбейе береді. Қазір біздің көріп отырғанымыз – бұл процестің басы ғана.

 

Бұдан аз ғана уақыт бұрын дамыған елдерде адамзаттың үштен бірі өмір сүретін. Қазір онда 20%-дан аз бөлігі тұрады. ХХІ ғасырдың соңына қарай олардың үлесі 12%-ға төмендейді деген болжам бар.

 

Ресейге көші-қон қысымы негізінен Орталық Азиядан келіп жатыр. Бұл таңданатын нәрсе емес – ондағы тұрғындарға біздің тіліміз бен мәдениетіміз таныс. Дегенмен, болашақта біз Қытайдан немесе Азияның басқа да алыптарынан келетін қысымнан қауіптенуіміз керек.

800px-anatoly_vishnevsky

 

Айдары
ӘлемБасты мақалаларРедактор таңдауы
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

13 + 10 =

Мұрағат
қазан 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қыр Қар »
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
QR-код

Осыған ұқсас

  • «Otbasym.kz» атты ұлттық мультимедиялық портал таныстырылды

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздіктің...
  • Әйел құқығын қорғау: Тарих не дейді?

    Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов осы сала тізгінін қолына алысымен қазір барша жұртты алаңдатып, бірақ тиесілі шешімін түбегейлі таппай жүрген бірталай өткір мәселелерді орынды көтеріп, жұртшылық талқысына кеңінен ұсынып...
  • Ұлы дала ұлағаттары (4-бөлім)

    (Ұлы дала ұлағаттары: Екінші бөлім) (Ұлы дала ұлағаттары: Үшінші бөлім) (Ұлы дала ұлағаттары: Төртінші бөлім) (Ұлы дала ұлағаттары: Бесінші бөлім) (Ұлы дала ұлағаттары: Алтыншы бөлім) Қиырдан келсе қандастар Біз – тығырықты тар заманда тарыдай...
  • Ана мен баланы қорғау – басты назарда

    Облыс орталығында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік сақтандыру: ана мен баланы қолдау» тақырыбында республикалық семинар өтті....