Кейкі батыр кім?

Кейкі батыр 1916 жылы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы, атақты мерген. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан.

1871 жылы Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Нұрмағамбет.

Кейкі батырдың басы елге әкелінді

Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р.Шашамбайұлының малын қорып, дұшпанға қарсы салатын батыры болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен танылады. Құралайды көзге атқан мергендігінен ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сөз қалған.

Кейкі Көкембайұлы Ресей патшасының қазақтан әскерге адам алу туралы 1916 жылғы маусым жарлығынан кейін көтерілген Торғай қазақтары көсемдерінің бірі болды. Ол көтерілісшілердің негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарады. Ең қауіпті тапсырмаларды орындап, барлауға шығып тұрған. Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті.

Кейкіні көрген, соңына ерген адамдар көзсіз батырлығын, көздегенін құр жібермейтін мергендігін жыр қылып айтқан. 1919 жылы 18 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі батыр қуғынға ұшырайды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамайды. Кейкі біраз жыл Ұлытау, Қызылқұм жағында бой тасалайды. 1923 жылдың көктемінде арнайы тапсырмамен өзін алдап қолға түсіруге келген комиссар А.Токаревтің сөзіне сеніп Торғайға оралады. Алайда, шын ниетін сезіп қалып, Александр Токаревті жолда атып тастайды. Бірақ өзі сол күні ізіне түсіп, артынан алыстан аңди еріп келе жатқан қызыл әскер солдаттарының қоршауына түседі. Солдаттар Кейкіні өлтіріп, екі қолы мен басын кесіп алады. Батырдың басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық алаңына сырыққа шаншып қояды.

Кейін бас сүйек Орынборға жөнелтіледі. Ал 1926 жылы республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петерборға алып кеткен. Содан бері Петербордағы антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы тұрды.

Әдебиеттегі Кейкі батыр.

Кейкі батыр Ғабит Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасындағы негізгі кейіпкерлердің бірі. Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» кітабында жұмбақталып айтылады. Кейкінің образы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романында бар. Алайда кітап кеңес заманында шыққандықтан аты аталмаған. Кейкі бейнесі өз атымен анық айтылған шығармалардың бірі – Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи дастаны.

Кейкі батыр Көкембайұлының ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 жылы Кейкі батырдың 125 жыл толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.

Кейкі батырдің өмірі мен қайраткерлігі толық мәлімет тарихшы Өмірбай Бекмағамбетовтің «Қолмерген» атты «Егемен Қазақстанның» «Етжеңді» қосымшасында жарияланды.

 

Айдары
Басты мақалаларЕлЖаңалықтарРедактор таңдауы
1 пікір жазылған
  • касым
    6 қазан 2016 at 20:43
    Пікір жазу

    Бул да бир тарихи тагдыр алдындагы аткарылган улы !с болды. Бирак, Хан Кенен!н басы казак жерине келмей конилимиз каяу, ен бастысы казак бассыз таризди. Оп онай «жогалып кетти» деген шындыкка жанаспайды. Неге издестиру жумыстары жогалдымен токтап калды екен. Мунда улкен бир сыр бар сиякты.

  • Пікір жазу

    *

    *

    бір × 4 =

    PDF нұсқаға жазылу
    Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
    Атыңыз
    Э-поштаңыз
    Мұрағат
    қазан 2016
    ДсСсСрБсЖмСнЖк
    « Қыр Қар »
     12
    3456789
    10111213141516
    17181920212223
    24252627282930
    31 
    QR-код

    Осыған ұқсас

    • 45

      Кейкі батыр туралы көркем фильм түсіріледі

      2017 жылы Қазақстанда Кейкі батыр туралы деректі фильм түсіріледі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ...
    • 67

      Кейкі батыр өте қайратты адам болған — венгр ғалымдары

      Венгр ғалымдары Кейкі батырдың келбетін толықтай қалпына келтірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл бюстті ғалымдар қоладан жасағанын айтады. Андраш Жолт Бироның айтуынша, Кейкі батырдың келбетін қалпына келтіру жұмыстарымен осы салада тәжірибесі...
    • img_8207

      Сечени – венгрдің Сәтбаевы

      Алматыда «Венгрия ғылымының мерекесі» атты көрме ашылды Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей мен Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Бас консулдығы арасын­да орныққан ынтымақтастық ұзақ жылдар бойы жалғасып келеді. Бірлесіп атқарылған көп жұмыс­тардың...
    • _mg_7975

      Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орын белгіленді

      Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған топ Амангелді ауданының Тасты ауылдық округінде болып, Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орынды белгіледі. Осы жерде Кейкі батырға оның ұрпақтары қойған белгі-кесене болатын. Бас...