Боб Дилан. Нобельдің жаңа лауреаты кім?

Bob Dylan attends the Presidential Medal of Freedom ceremony in the East Room of the White House, Tuesday, Мам 29, 2012, in Washington. (AP Photo/Carolyn Kaster)

Жыл сайын Нобель апталығы басталғанда әдебиетшілер де, әдебиет сүйер қауым да «Бұл жолы қай жазушы алар екен?» деген сауал төңірегінде түрлі жорамал жасайды. Биыл да фавориттер аталды. Жорамал да айтылды. Кімнің бағы жанады? Отыз кітап жариялаған бірнеше жылғы бас үміткер жапон Харуки Муракамидің бе? Әлде «өз әлемдерін жаратушы» сириялық ақын Адонистің бе? Мүмкін, тағы да скандинавтар алатын шығар – пьесалары әлемнің ең үлкен сахналарында қойылып жатқан Юн Фоссе бар ғой?

Алайда… Нобельдің әдебиет аталымы бойынша 2016 жылғы сыйлығы америкалық музыкант-орындаушы Боб Диланға берілді. «Американың кереметтей ән дәстүрі аясында жаңа поэтикалық тіл туғызғаны үшін». Негізі таңғалатын нәрсе емес. Нобельдің жарғысында «Әдебиет дегеніміз тек беллетристика ғана емес, оған формасы және стилі бойынша әдеби құндылығы бар басқа да шығармаларды жатқызуға болады» деп жазылған.

Сонымен Боб Дилан кім? Музыка дүниесіндегі гиганттардың бірі. Оны басқа-басқа Джон Леннон, Элвис Пресли, Пол Маккартнилер бір тұтқан. Жас жағынан көбі Бобтан үлкен болғанына қарамастан. Сонау 60-шы жылдардың басында әлі әлемдік танымал болып үлгермеген битлдар үшін Диланның деңгейіне жету орындалмайтын арман сияқты көрінген екен.

Роберт Аллен Циммерман 1941 жылы 24 мамырда Миннесота штатында еврей саудагердің отбасында дүниеге келді. Ата-бабалары Ресей империясында тұрған, алайда 1905 жылы Одессадағы еврейлерге қарсы қуғын-сүргіннен кейін АҚШ-қа қоныс аударған. Өмірбаянында Боб Диланның  өзі нағашыларым Түркиядан шыққан, онда олардың тегі Қырғыз (Киргиз) аталған дейді.

Бала кезінде Роберт Африкадан шыққан американдардың музыкасын, халық музыкасы мен роктың қоспасы деуге болатын фольк-музыканы жақсы көріп тыңдайды. Солардың ішінде Вуди Гатридің әндері оған ерекше ықпал етіпті. Сол кезден бастап оның ең сүйікті аспабы сырнай (губная гармошка) болды.

Боб Дилан алғашқы өлеңдерін 10 жасында жаса бастады. Алғашында Гатридің әндерін шырқап жүрді.

Оқушы кезінде кафе-барларда халық музыкасынан әндер айтты. Университетке түскеннен кейін де әнін жалғастыра берді.

Шамамен 60-жылдары ол тек қана муызкамен айналысуды шешті. 1962 жылы Боб Дилан деген псевдоним алды. Сол жылы шыққан алғашқы альбомы осылай аталатын еді.

Ол біртіндеп фольк-музыкадан фольк-рокқа ауысты. 1962-64 жылдары оның әндері өз орындауында ғана емес, кавер-версиялары да американ чарттарында биікке көтерілді. Соның ішінде «Мистер Тамбурин Мэн» композициясы The Byrds тобының репертуарындағы басты әндердің бірі болды. Осы кезеңдегі көп әндері сияқты мұнда да автордың не айтқысы келгенін түсіну қиын. Бұл ән есірткінің әсерімен туған деген жорамал бар.

1964-65 жылдары Боб Дилан қатарынан бірнеше альбом шығарып, оларды тыңдарман да, сыншылар да өте жақсы қабылдады. Солардың ішінде Like a Rolling Stone композициясы қазіргі күні бүкіл тарихтағы ең жақсы әндердің қатарында аталады.

1280px-joan_baez_bob_dylan

Боб Дилан 1963 жылы

Бұдан кейін Боб англо-кельт халықтарының дәстүрлі музыкасына негізделген кантри стиліне ауысты.

Әртүрлі стильмен әуестенген музыкант 30 жасында шығармашылық тоқырауға ұшырады. 1970 жылы шығарған альбомы сәтсіздікке ұшырады. Алайда арада бірнеше ай өтпей жарық көрген New Morning атты жаңа альбомы британ чарттарын бастады.

80-жылдары Дилан діни тақырыптағы әндер жаза бастады. Бірақ онысы жақсы қабылданбады.

Ал 1997 жылы шығарған Time Out of Mind альбомы керемет табысқа жетті. Бұл альбомы үшін ол 3 Грэмми алды. Соның ішінде «Жыл альбомы» атағын иеленді. 2000 жылы Вундеркиндтер фильміне жазған музыкасы үшін Оскар сыйлығына ие болды.

2000 жылдары Диланның әндерінен оның джазға қызыға бастағаны байқалды.

2008 жылы оған «танымал музыкаға, американ ықпалы жасаған кереметтей ықпалы, теңдесі жоқ поэтикалық құдіретке ие лирикалық композициялары үшін» Пулитцер сыйлығы берілді.

2010 жылы Love and Theft альбомы онжылдықтың үздігі атанды.

2012 жылы президент Барак Обама Боб Диланды Президенттің Бостандық медалімен марапаттады.

dvr

Жазушы әрі журналист Хантер Томпсон өзінің атақты «Лас-Вегаста үрей мен жиреніш» романын Боб Диланға арнады және өзі өлгенде жерлеу рәсімінде Мистер Тамбурин Мэн әні айтылып тұруын өсиет етті.

Time журналы ХХ ғасырдағы оқиғаларды қорытындылай келе Диланды ғасырдың ең ықпалды тұлғалары қатарына қосты.

Боб Дилан 2015 жылы да Нобель сыйлығына ұсынылды.

Бобтың баласы Джейкоб Дилан да рок-музыкант.

Боб Диланның басты ерекшелігі – үнемі үздіксіз ізденіске әрі толассыз жаңаруға ұмтылатыны. Дилан туралы бүгінге дейін жүздеген кітап жазылып, ондаған фильм түсірілген.  Ал 2004 жылы оның автобиографиялық еңбегінің алғашқы томы жарық көрді. Алайда, музыка мамандарының айтуынша, ол әлі де жұмбағын ашпаған орындаушы.

75 жастағы Дилан бүгінге дейін музыка әлеміндегі «ең-ең» деген жүлделердің бәріне қол жеткізіп үлгерген. «Грэмми» сыйлығының 9 мәрте иегері.

dilan

Ал Нобель сыйлығын музыкант Боб Диланға табыстау себебін Швед академиясының тұрақты хатшысы Сара Дэниус былайша түсіндіріпті. «Америкалық орындаушы ағылшындық әдебиет дәстүріне ерекше әрі соны леп алып келген ұлы ақын. Әрине, бұл таңдау бір қарағанда, күтпеген жағдай болып көрінуі мүмкін.  Алайда, оның композицияларынан Гомер мен Сафоның ізін байқар едіңіз. Себебі, олар да өзгеше поэтикалық мәтіндерді жазды.  Сондықтан, мен Боб Диланның  бұл марапатқа ие болуын оның осындай қасиетімен байланыстырар едім. Диланның бұл сыйлықты иеленуі –  әділ шешім».

Миллиондардың жүрегіне жол тапқан әйгілі музыкантқа Нобель сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімі Стокгольм қаласында 10 желтоқсан күні өтеді.  Биыл жүлде 8 миллион швед кронын, яғни 923 мың АҚШ долларын құрайды екен.

Ләйла Еділқызы

Айдары
ЕлЖаңалықтарРедактор таңдауы
2 пікір жазылған
  • Ақбота
    14 қазан 2016 at 22:43
    Пікір жазу

    Өмір ойда жоқта түрлі тартуларды ұсынады дегенге осындайда еріксіз көзің жете түседі екен. Тағдыр Бобқа осындай сый ұсыныпты. Мен Мураками алатын шығар деп ойлаған едім. Бірақ бұл музыкант əдебиетші болмаса да осы сыйлыққа əбден лайық. Композициялары өзгеше. Өзіме қатты үнайды.

  • Риза Әлмұханова
    15 қазан 2016 at 07:54
    Пікір жазу

    Патшалық Ресей қазақтарды қырғыз деген деп, өзімізге жақындатып алайық. Ол біздің тарихымыздың қатпарларын біле бермейді ғой. Ал біздің қаламгерлерге әлі де жақсы мағынада жаңа формалар іздеу керектігі түсінікті.

  • Пікір жазу

    *

    *

    он жеті − 5 =

    Мұрағат
    қазан 2016
    ДсСсСрБсЖмСнЖк
    « Қыр Қар »
     12
    3456789
    10111213141516
    17181920212223
    24252627282930
    31 
    QR-код

    Осыған ұқсас