Стандартқа сай кодекс

KAZRC геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды рес­урстар мен қорлар жөніндегі жария есептіліктің қазақстандық кодексін CRIRSCO Халықаралық стандарттар жөніндегі комитеті мақұлдаған. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев  хабарлады. 

Аталған баспасөз мәлихатына «KAZRC геологиялық барлау жұ­мыс­тарының нәтижелері, ресурстар мен қорлар туралы бұқаралық есептіліктің қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Сәуле Оразаева, «ЖТСКБ» жер қойнауын пайдаланудағы тәуелсіз сарапшылар кәсіби бірлестігі атқарушы комитетінің мүшесі Николай Еньшин қатысты.

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасы осылайша елімізге қатты пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің халықаралық стандарттар жүйесі енгізілгенін атап өтті. Геологиялық барлау жұмыстарындағы бұл жетістік  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында жүзеге асырылып отыр. Кодекс компаниялардың минералды-шикізат активтерін тәуелсіз бағалауды даярлауға, сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану жобаларын қаржыландыру мақсатымен отандық және шетелдік алаңдарда инвес­тициялар тартуға арналған.

«Іс жүзінде жер қойнауын пайдалану саласындағы әлемнің барлық биржалары CRIRSCO стандарттары бойынша әзірленген есептілікті қабылдайды. Өйткені, бұл стандарттар инвесторлар үшін негізгі қауіп – компаниялардың есептілігінде көрсетілген ресурстар мен қорларды растай алмау қаупін едәуір азайтуға себепші болады», деді Б.Нұрабаев. Оның айтуынша, CRIRSCO комитетіне Қазақстаннан KAZRC қауымдастығы  мүше болды.

Есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу Қазақстанда юниорлық компаниялар нарығын құруға және дамытуға ықпал етеді және барлау жұ­мыстарының көлемін арттыру арқылы жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік тудырады, сондай-ақ, халықаралық биржаларға шығу үшін ұсынылатын ақпараттың ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 24 қана жер қойнауын пайдаланушы компания Қазақстан қор биржасында инвестициялық қаражат тартады және небәрі 7 компания ғана шетелдік биржаларда тіркелген.

ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті осы ретте бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізуді жос­парлауда. Мәселен, KAZRC стандарттары бойынша биржаға ұсыну үшін есептілікті құрастыру мәселесін жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен талқылауды қолға алмақ. Сондай-ақ, ұлттық компания ретінде «Қазгеология» АҚ-та KAZRC стандарттары бойынша бірлескен инвестициялық барлау жобалары жөніндегі есептілікті құрастыра бастауы тиіс. Өйткені, «Қазгеология» ком­паниясының инвестициялық серік­тестері – өз тәжірибесінде халық­аралық стандарттарды пайдаланатын, кен өндіретін әлемнің ірі компаниялары.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан»

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

19 + 9 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қазан 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қыр Қар »
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
QR-код

Осыған ұқсас