Головкин Уордты жеңе ала ма?

golov

Бұл сұраққа бокс әлеміндегі мықты сарапшылардың бірі жауап берді. Және «жай ғана жеңбейді, нокаутпен жеңеді» деп жауап берді.

«Головкин Уордқа бірталай қиыншылық әкелуі мүмкін» – деді Boxingnewsresults.com басылымының шолушысы Тим Нельсон. Оның болжауы бойынша, Геннадий Головкин Андре Уордты үлкен басымдықпен жеңеді. Америкалық пен Сергей Ковалевтің жексенбі күнгі жекпе-жегінен кейін Нельсон осындай пікірге келген.
«Ковалев – Уорд кездесуінен соң менде осындай ой туындады. Осы кештегі қарсыласы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин болғанда ол Уордтқа үлкен проблема әкелері анық еді. Неге? Өйткені, Головкин әр раундта үш минут бойы Уордқа ұдайы қысым жасаумен болар еді. Егер жуықта Келл Брукпен өткізген жекпе-жегін көрген болсаңыздар, не айтып отырғанымды түсінесіздер. Головкин үшінші раундтан бесінші раундқа дейін британдықтың бапкері тренері Доминик Ингл орамал лақтырғанша аяусыз соққылаумен болды. Әрине, Уорд Головкинге қарағанда бойшаңдау, салмағы да ауырлау. Бірақ одан мықты емес. Бастысы соққыны Головкиннен көп жасамайды. Уорд әлі супер орта салмақтың боксшысы сияқты ұрады, бірақ 168 фунтта ол ешқашан мықты панчер болған емес.

nokd

Уорд пен Ковалевтің кездесуі төрешілер әділетсіздігі туралы дау-дамайға себеп болды

Кешегі жекпе-жектен кейін мен сенімдімін, GGG жай жеңбейді, ол Уордты нокаутқа бір-ақ түсіреді. Басқа сөзбен айтқанда, Головкин төрешілерге даулы шешім шығаруға мүмкіндік бермес еді.

Неліктен Головкин Уордты жеңеді? Себебі:
— Уордқа қарағанда Головкиннің соққысы күшті;
— Біз Головкиннің әр раунд бойы Уордты толассыз соққы астына алғанын көрер едік. Егер Уорд кешегі жекпе-жектегі секілді «күресіп» кетсе, онда Головкин оны жақыннан ұрып шегедей қағып тастар еді.
— Головкиннің джебі мен сол жақ хугі, Уордқа қарағанда мықты.
Головкин Уордпен кездесе ме, жоқ па, әлі белгісіз. Ал егер кездесе қалса,  Геннадий нокаутпен жеңеді. Бұл үшін Головкин Дэниэль Джейкобс, Билли Джо Сондерс және Саул Альварестермен кездесіп, орта салмақты тазалауы керек. Головкиннің Уордтан қорқатын еш себебі жоқ. Оны біз кешегі айқаста байқадық. Уорд қатты ұра алмайды және сол қолының күшіне ғана сенетін сияқты» — деп жазады сарапшы.

 

Айдары
-ЖаңалықтарРедактор таңдауыСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

13 + 15 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қараша 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаз Жел »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
QR-код

Осыған ұқсас