Whatsapp арқылы да шағымдануға болады

Қарағанды облысының тұрғындары мемлекеттік қызметкерлердің үстінен тиісті орынға жедел шағым түсіре алады. Өңірімізде баршаға белгілі WhatsApp жүйесінің жедел желісі жұмыс істейді. Оның нөмірі – +7 (747) 49-77777.

Жедел желіге егер мемлекеттік қыз­меттер уақытымен жасалмай жатса, мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет стандарттарында көрсетілмеген құжатты талап етсе, мемлекеттік қызметкерлер этикалық нормаларды сақтамаса, ха­бар­ласуға болады. Сонымен қатар, мем­ле­кеттік қызметке тұруға байланысты ша­ғымдар қабылданып, сұрақтарға жауаптар беріледі. Жемқорлық оқиғалары туралы да осы телефонға хабарлауға болады.

WhatsApp арқылы жолданған хабарлар Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мен «Қарағанды облысы­ның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» ЗТБ бірлесіп жүзеге асырып отырған «Азаматтық бақылау» жобасының аясын­дағы қоғамдық қабылдау орнына келіп түседі.

Қоғамдық қабылдау орнының мү­ше­лері хабарласқандарға тегін кон­сул­ьт­а­циялық қызмет көрсетіп, қажет болған жағ­дайда олардың құқы мен еркіндігін қорғауға шара қолданады.

– Қабылдау орнына бару үшін халық­тың бәрі Қарағандыға арнайы келе алмайды. Солардың өтініш-тілектері тиісті орындарға тезірек әрі тиімді жетуі үшін осы желіні іске қосып отырмыз, – дейді қоғамдық қабылдау орнының қызметкері Татьяна Савицкая.

Бір ескертетін жағдай, аты-жөнін жа­сыр­ғандардың арыз-шағымдары қа­ралмайды. Егер, мысалы, мемлекеттік қызметкер этикалық нормаларды бұзған болса, оның үстінен шағым түсіруші қоғамдық қабылдау орнына келіп, өзі жайлы мәліметтерді көрсетіп, өтініш жазуы керек. Ал егер азамат жемқорлық дерегі туралы хабарлайын деп тұрса, қоғамдық қабылдауға келуі міндетті емес. Бірақ, бәрібір өзі туралы мәліметтер қалдыруы тиіс. Алайда, оның аты-жөні құпия сақталады, жемқорлық дерегімен ұсталған адам өзін кімнің көрсеткенін ешқашан да біле алмайды. Сонымен бірге, қызметтік көліктерді жұмыс уақытынан тыс кезде пайдаланудың немесе мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болған басқа да заң бұзушылықтардың фото, бейнематериалдарын жіберуге болады. Қазір кез келген адамның қалтасында түрлі фун­кциялы телефон жүретінін ескерсек, қызметтегі адамдардың өз жұмысында шектен тыс шалқақтамай, «ақырын жүріп, анық басуына» тура келеді.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

16 + 15 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қараша 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаз Жел »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 4444

    Samsung басшылығы жемқорлықпен айыпталуда

    Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ён Оңтүстік Кореяда үлкен жемқорлық дауына ұшыраған президент Пак Кын Хенің қылмысына қатысы бар болып шықты, деп жазады Bloomberg агенттігі. Бұл туралы осы мәселе үшін...
  • 44

    Пан Ги Мунның ағасы мен інісі жемқорлықпен айыпталуда

    Америкалық билік БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунның ағасы мен ағасының ұлына мемлекеттік шенеунікке пара берді деген айып тағып отыр. Бұрынғы бас хатшының туыстары, BBC басылымының жазуынша, таяу...
  • uakytsha-ustau-okshaulagyshyna-kamaldy

    Уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды

    Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро тарапынан Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы ел­шілігінің аға бухгалтері А.Сейдуәлиев ұсталды, деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі. А.Сейдуәлиевтің 2012 жыл...
  • img_4427

    Қостанайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті

    2003 жылы 9 желтоқсанда Мексиканың  Мерида қаласында Біріккен Ұлттар ұйымының  ресми және тарихи құжатына – коррупцияға қарсы  Конвенцияға қол қойылған болатын.Дүниежүзіндегі жүзден астам ел қоғамдағы әлеуметтік  кесел – сыбайлас...