Қазақстанда жаңа биржа пайда болады

2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда жоғары технологиялық жаңа биржа жұмыс істейтін болады.  Бұл туралы бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов хабарлады.

«2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Қазақстанда жоғары технологиялық жаңа биржа жұмыс істейтін болады. Astana Innovation және Ақпарат министрлігімен бірге оның белгілі бір платформаларын жаңа блокчейн шешімдердің негізінде жасауымыз ықтимал. Тағы бір маңызды істердің бірі — аталмыш биржада «Самұрық-Қазына» компаниясын жекешелендіру өтеді. Бұл компания — Қазақстанның ЖІӨ-нің 40 пайызы. Келесі жылы онда тәуелсіз қаржы соты, жаңа арбитраж орталығы ашылады. Олар бүкіл посткеңестік мемлекеттердің сот жүйелерінің ортақ орталығына айналуы мүмкін, себебі бұнда алғаш рет біздің аймақта ағылшын құқығы принциптері қолданылатын болады. Осының барлығы толық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады», — деді Келімбетов ASTEX Astana Smart City 2016 форумында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, халықаралық қаржы орталығының қатысушыларын тіркеу басталады.

«Президенттің тапсырмасымен 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінің базасында Халықаралық қаржы орталығын құру туралы тапсырмасы бар. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, қаржы орталығына қатысатын компанияларды тіркеуді бастамақпыз. Олар бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер алады, бұл — визалық және еңбек режімдерінің жеңілдетілген түрі. Егер олар бейінді қызмет түрлерімен — капиталдар нарығы, активтермен басқару, исламдық қаржыландыру, жаңа қаржылық технологиялармен айналысатын болса, 50 жылға салықтан босату сынды жеңілдіктер қарастырылған», — деп атап өтті ол.

Айта кету керек, Астанадағы аталмыш форумға АҚШ, Еуропа, ТМД елдерінен 300-ден астам мейман келіп отыр.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

10 − 6 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қараша 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаз Жел »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 3

    Биржадан ақша табатын қазақстандықтар саны артуда

    KASE қазақстандық қор биржасы қаржы нарығында жеке инвесторлардың саны артқандығын тіркеп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 2016 жылғы қараша айының соңындағы мәліметтер бойынша, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында жеке...
  • munay

    Апта ішінде мұнай бағасы қалай құбылады?

    Лондонның ICE қор нарығында бүгінгі Брент маркалы мұнай бағасы $53,97 дейін төмендеді. Ал американдық WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы $51,18 дейін түсті. Осылайша, жұма күніне дейін үздіксіз үш күн...
  • kazrc

    Стандартқа сай кодекс

    KAZRC геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды рес­урстар мен қорлар жөніндегі жария есептіліктің қазақстандық кодексін CRIRSCO Халықаралық стандарттар жөніндегі комитеті мақұлдаған. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында...
  • kazakstan-kor-birzhasy

    Kase: айналымдағы ақша көлемі көбейді

    Өткен 9 ай аралығында Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық арғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға өсіп, 73,2 трлн теңгені құрады.  Бұл туралы Алматыдағы баспасөз мәслихатында қор төрайымы Алина Алдамберген мәлімдеді. Атқарған...