Қостанайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті

img_4427

2003 жылы 9 желтоқсанда Мексиканың  Мерида қаласында Біріккен Ұлттар ұйымының  ресми және тарихи құжатына – коррупцияға қарсы  Конвенцияға қол қойылған болатын.Дүниежүзіндегі жүзден астам ел қоғамдағы әлеуметтік  кесел – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тізе қосып күресуге шешім қабылдады. Олардың қатарында Қазақстан да болды.  БҰҰ  өкілдігінің тағайындауымен  жыл сайын әлем елдері  коррупцияға қарсы күрес күнін атап өтеді.

Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қасы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті әлеуметтік кеселге қарсы белгіленген халықаралық күнге орай  кешенді шаралар ұйымдастырды. Мысалы, желтоқсан айының басынан бастап облыстағы «Балалар және  жастар ұйымдары қауымдастығы» ұйымымен бірлесіп, аудандар мен қалаларда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дөңгелек үстел мәжілістерін өткізді.Кешенді шаралар облыс орталығындағы «Мирас»  мәдениет үйіндегі  мерекеге арналған салтанатты жиынға жалғасты. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауларында демократиялық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес келешек сипаты болатынын атап көрсеткен болатын. Осы әлеуметтік жағымсыз құбылысқа қарсы күрес біздің елде де кешенді жалғасын табады деген сөз. Сыбайлас жемқорлық  елдің экономикалық, инвестициялық даму үдерісін баяулататын, демократиялық елдің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін әлеуметтік кесел. Қазір осы әлеуметтік жағымсыз құбылыспен күресте негізгі күш оның алдын алуға, оның көріністерін барынша азайтуға  бағытталып отыр» деді Архимед Бегенжанұлы.

Салтанатты жиында агенттіктің Қостанай облысы бойынша департамент  басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Берік Бекжанов баяндама жасап, департаменттің атқарылған игілікті жұмыстары жөнінде айтып өтті. Салтанатта қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, әлеуметтік  жағымсыз құбылысқа төзбеу ұстанымын қалыптастыруға үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлерге, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен журналистерге облыс әкімінің, департмент басшылығының  мақтау қағаздары табыс етілді.

 Нәзира Жәрімбетова,
«Егемен Қазақстан»

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бір × 2 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
желтоқсан 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қар Қаң »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 4444

    Samsung басшылығы жемқорлықпен айыпталуда

    Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ён Оңтүстік Кореяда үлкен жемқорлық дауына ұшыраған президент Пак Кын Хенің қылмысына қатысы бар болып шықты, деп жазады Bloomberg агенттігі. Бұл туралы осы мәселе үшін...
  • 44

    Пан Ги Мунның ағасы мен інісі жемқорлықпен айыпталуда

    Америкалық билік БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунның ағасы мен ағасының ұлына мемлекеттік шенеунікке пара берді деген айып тағып отыр. Бұрынғы бас хатшының туыстары, BBC басылымының жазуынша, таяу...
  • uakytsha-ustau-okshaulagyshyna-kamaldy

    Уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды

    Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро тарапынан Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы ел­шілігінің аға бухгалтері А.Сейдуәлиев ұсталды, деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі. А.Сейдуәлиевтің 2012 жыл...
  • whatsapp

    Whatsapp арқылы да шағымдануға болады

    Қарағанды облысының тұрғындары мемлекеттік қызметкерлердің үстінен тиісті орынға жедел шағым түсіре алады. Өңірімізде баршаға белгілі WhatsApp жүйесінің жедел желісі жұмыс істейді. Оның нөмірі – +7 (747) 49-77777. Жедел желіге...