Биыл 70,8 млн тонна мұнай мен конденсат өндірілді

2016 жылы отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жанар-жағармай жеткізу міндеттемесі толық орындалды. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысы барысында ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстанның мұнайгаз саласындағы даму нәтижелерін, сондай-ақ ішкі жанар-жағармай нарығындағы ахуалды қарастыру барысында айтылды.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталған кезеңдегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 70,8 млн. тоннаны құрағаны туралы мәлімдеді. Ағымдағы жылы мұнайгаз саласындағы кәсіпорындарды қолдау жөніндегі шаралар, сонымен қатар Қашағанның іске қосылуы жылдық мұнай өндіру көлемін 74-тен 75,5 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мұнай өңдеу көлемі 13,1 млн. тоннаны құрады. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттілігі үшін арзандатылған ЖЖМ жеткізу толықтай орындалды. Ағымдағы жылғы 13 желтоқсандағы жағдай бойынша, мұнай базаларындағы қор көлемі: Аи-92/93 жанармайы – 103 мың тонадан асады, дизельдік отын көлемі — 155 мың тоннадан асады. ЖЖМ қалдық көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткілікті қолайлы қорды құрайды. Жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды.

Арнұр Асқаров, «Егемен Қазақстан».

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

жиырма + екі =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
желтоқсан 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қар Қаң »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
QR-код

Осыған ұқсас