Туристердің құқықтары кепілдендіріледі

«Туристік Қамқор» корпоративтік қоры шетелде қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша шаралар қабылдайды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыртқы туризм саласында ҚР азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесінің негізгі ережелері түсіндірілді.

Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің дерегі бойынша, 2014-2015 жылдары жауапсыз туристік нарық өкілдерінің кесірінен көптеген отандық туристердің шет елдерде орналасқан орындарының ақысы мен кері қайтатын жол ақылары төленбей қалған. Енді осындай жағдайлар орын алатын болса, «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры шетелде қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

Еске сала кетейік, биыл 7 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі туроператорлардың өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайында отандық туристерді елге қайтару мәселелерін реттейтін, яғни, азаматтарымызды уақытша қалып қойған елдерінен Қазақстан территориясына алып келуді қамтамасыз ететін 2 қаулы қабылдады.

Айдар Өрісбаев, «Егемен Қазақстан».

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

1 × екі =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
желтоқсан 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қар Қаң »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 20170116134527

    Жаңа энергия көздерін тиімді пайдалану керек — Назарбаев

    БАӘ-дегі «Болашақ энергиясы» Дүниежүзілік Саммитінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-дағы күн энергиясының ықтимал өзіндік құнын атады, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Бүгін жаңа энергия көздері барынша қолжетімді бола бастады. Мұны тиімді пайдалану...
  • 555

    Қазақстанда 3D принтер жасалады

    «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ технологияны коммерциялау үшін «3DInnovations» ЖШС-ға 4,3 млн теңге көлемінде грант тағайындады. Компания 3D принтерлерін шығарумен айнылысады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 3D принтерінің...
  • c67894b29aa24da7e787cead02ddd94d_resize_w_520_h_

    Астананың туристік символы таңдалады

    Астананың туристік символы бойынша концептуалдық, дизайнерлік шешімдерді табу мақсатында үздік нобай-жобасына байқау жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Байқау 2017 жылдың 25 қаңтарына дейін жалғасады. Байқауды ұйымдастырушы –...
  • bez-nazvaniya

    Одақтағы орнымыз қандай?

    Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына біраз уақыт болды. Басында Қазақстан, Белорусь, Ресей біріккен экономикалық бірлестікке кейіннен Армения мен Қырғызстан келіп қосылды. Қазіргі күні бұлардың жағдайы қалай? Әрине, аталған елдерде болып...