Экономиканың жетекші саласы анықталды

2016 жылы ұлттық экономиканың негізгі өсу драйвері шағын бизнес болды. Бұл сектордағы кіріс 45% ұлғайған, белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 5% көбейді, деп хабарлайды, ranking.kz.

Биылғы жыл өсу қарқыны бойынша шағын сектордың абсолютті басым болуымен аяқталады. 2016 жылы қараша айының соңында Қазақстанда 125 мың шағын кәсіпорындар белсенді жұмыс істеген. Шағын бизнес жаңа мүшелермен қарқынды толықтырылып отырған. Бір жылда жаңа кәсіпорындар саны бірден 21% өскен. Аталған өсім ірі сектор белсенділігінің төмендеуімен тұспа-тұс келді.

Бір жылда белсенді ірі және орта компаниялар саны 1% қысқарған, ал жаңа кәсіпорындардың ашылуы 39% бір-ақ құлдыраған.

Мамандар Қазақстандағы шағын бизнестің жылдам дамуына бағдарламалар операторы «Даму» қоры арқылы мемлекеттің кәсіпкерлікті белсенді түрде несиелеуі ықпал еткенін атап өтті. Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау білдірудің негізгі құралы — несиелік мөлшерлемені субсидиялау. 2010 жылдан бүгінге дейін кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 1,6 триллион теңге сомасына 8,3 мың жоба мақұлданды.

Субсидиялардың жалпы көлемі 135 миллиард теңгені құрады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында төленген субсидиялар 21,8 миллиард теңге сомасына немесе барлық 2015 жыл деңгейінің 82% құрайды. Несиелеу анағұрлым арзан бола түсті және банктер бизнеске арналған несиелік өнімдер сатылымының өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 54% өскенін анықтады.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚР барлық шағын кәсіпорындары бірлесіп шамамен 15 триллион теңге кіріс тапты. Бір жылдық түсім 45% ұлғайды. Бұл кезеңде ірі және орта кәсіпорындар пайда табу қарқынын 18% ғана ұлғайта алды.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, кіші кәсіпорындар 1,4 триллион теңге көлемінде немесе өткен жылдан 4,5 есе көп табыс тапты. Сектордағы өндіріс тиімділігі 2015 жылы 3% көрсетсе, биыл 10% жеткен.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

5 × екі =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
желтоқсан 2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қар Қаң »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 444

    Дүниежүзілік банк: 2017 жылы әлем экономикасы қарқын алады

    Дүниежүзілік банк мұнай мен өзге де шикізаттық тауарлардың қымбаттауының арқасында және Бразилия мен Ресей экономикасының қалпына келуі себепті әлемдік экономиканың 2017 жылы қарқын алуын болжап отыр. Дүниежүзілік банктің әлем...
  • aleksandr-aga-1

    Заң үстемдігіне басымдық – заман талабы

    Еліміздің елдігін, халқымыздың бір­лігін, ұлттар мен ұлыстардың та­­ту­лығын, бейбіт өмірдің баян­ды­­лығын айқындайтын, іс жүзінде ола­р­­­­дың жүзеге асуына жол аша­тын сын­­дарлы заңдарымыздың із­гі­лікті сая­­­саты екендігі даусыз. Осы мін­дет­­терді іске асыру...
  • 2703_oko_risunok2

    Келешектің қуат көзi

    Қазіргі ғылыми-техникалық жетiстiктердiң қарқынды даму дәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» манифесi айрықша өзекті және дер кезiнде қабылданып отыр. Манифестi iске асыру – жаңа тех­ноло­гиялардың соңғы жетiстiктерiн күш...
  • 21

    Түркия Қазақстанмен ұлттық валютада сауда жасауға ниетті

    Түркия Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстанға өзара сауда операцияларында ұлттық валютамен есептесуді жандандыруды ұсынды. «Түркия  ұлттық валютамен сауда жасауға үлкен мән береді және  елдің сауда айналымындағы оның үлесін 10 пайызға жеткізуді көздейді»,...