Үлгі көрсетудің орнына ұятқа қалдырды

Тәртіптік кеңестің талқысына түскен кез келген мемлекеттік қызметкерден маза қашады. Өйткені, тәртіпсіз кеткен қызметкерлерді «тәк-тәк» деп жөнге салып отыратын бұл кеңестен жаза арқаламай шыққандары некен-саяқ. Биылғы жылы Әдеп жөніндегі кеңес 9 рет мәжіліс өткізіп, 64 мәселе талқылап, олардың арасында 44 тәртіптік іс қаралыпты.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дәурен Қаиповтың айтуына қарағанда, биыл тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 34 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылыпты. Оның ішінде 24-і мемлекеттік қыз­метке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін, 10-ы Әдеп нормаларын бұзғаны үшін және 10 іс қысқартылды.

Әдеп нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілердің 7-еуіне сөгіс, 1-еуіне қатаң сөгіс, 2-еуіне қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Яғни, бұл қызметкерлер – басқаларға үлгі болудың орнына өздері заң бұзушылыққа жол беріп отыр деген сөз. Тіпті жұмыстан тыс уақытта қоғамдық орындарда мас күйінде ерсі қылыққа барған мемлекеттік қызметшілер де бар екен. Мысалы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы мен Байзақ ауданы әкімдігінің жетекші маманы қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Сондай-ақ, жергілікті полиция және бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерімен бірге рейдтер жүргізгенде қызметтік автокөлік­терді жұмыс уақытынан тыс кезде тиісті құжаттарсыз пай­даланған фактілер де жиі кездесіпті. Әдеп нормаларын бұзуға жол бергені үшін бұл мем­лекеттік қызмет­шілерге сө­гіс тү­ріндегі тәртіптік жазалар қолда­нылған.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

9 − екі =

Мұрағат
желтоқсан 2016
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
« Қар   Қаң »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
QR-код

Осыған ұқсас