ОҚО-да тау шаңғысы базасы салынады

475a074ba8c4a7d26c5d752abe241e3d_l

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір ірі тау шаңғысы базасы салынады, деп хабарлады «Хабар 24″ арнасы.

Кешен Төлеби ауданындағы Тау самалы демалыс аймағынан бой көтереді. Тың жоба ауданның 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына енген. Т

«Тоғыс тау» шаңғы базасының жалпы ұзындығы 8 шақырымды қамтиды. Шатқалдың ішінен қанатты жол салынады. Жобаның құны – 5 млрд теңге. Оны жеке кәсіпкер өз қаржысына тұрғызады.

Сондай-ақ  тұжырымдамада ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен туризм саласының дамуы мен ондағы атқарылатын шаралар көрсетілген.

«Бастысы, жергілікті халықты жұмыспен қамтуы. Жер мәселесін шешетін болсақ, ендігі жылға 400 млн теңгеге жол, 300 млн-ға электр энергиясы және 1 млрд 300 млн-ға сол қанатты жол алуға дайын. Бұл енді тек қана тау шаңғысы емес, жыл 12 ай ол жердің табиғаты өте жақсы, демалысы бар. Таулы аймақтар толығымен туризмді дамытуға мүмкіндік береді», дейді Төлеби ауданының әкімі Бұқарбай Парманов.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он екі − 10 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас