Уақытша тіркеу деген не және ол үшін қандай құжаттар керек?

tirkeu3

Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Бұл талапты орындамаған азамат 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді. Бүгін Астанада ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Галина Сәрсенова жаңа заңның негізгі нормаларын түсіндірді. Оның айтуынша, тұрған жері бойынша тіркелу адамдардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасамайды, ол – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе.

Галина Сәрсенова айтқандай,  уақытша тұратын жерде тіркелу Қазақстанда бұған дейін де талап етілетін. Тек ол бұрын Үкімет қаулысында көрсетілген болса, енді заңдық тұрғыда бекітілді. Ал тіркеусіз тұру мерзімі 3 айдан 1 айға қысқарды.

 

Қандай құжаттар керек?

Тіркелуге бұрын 8 түрлі құжат және екі сөтке уақыт қажет болса, енді ол шаруа айтарлықтай жеңілдеді – бар болғаны 4-5 құжат және 10-20 минут уақыт керек. Алайда, тіркелуші өзі болуы міндетті. Тіркелу үшін бүгінгі күні мынадай құжаттар талап етіледі:

  • Үй иесінің келісімі;
  • Үй иесінің жеке куәлігі;
  • Тіркелушінің жеке куәлігі;
  • Тіркелу үшін 227 теңге төлегені туралы түбіртек.

Сонымен қатар тіркелетін үй иесінің өзі немесе нотариус куәландырған сенімхаты қажет. Жаңа мәліметтер жеке куәліктің чипына енгізіледі және бірден жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасына түседі.

Тіркелушінің және үй иесінің электронды сандық қолы болған жағдайда ол арқылы азаматты электронды үкімет порталында арқылы тіркеуге болады.

Басқа қалаға ұзақ уақытқа емделуге немесе, ауруханаға жату үшін барған азаматтар да сол жерде тіркелуі тиіс. Ал басқа қалада жұмыс істейтін, бірақ қонақүйде тұратын адамдар қонақүйде тіркелуіне болады.

Нақты тұрғылықты орны бойынша тіркелуге мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс орны немесе оқу орны бойынша тіркелуге болады.

 

Бір пәтерде қанша адамды тіркеуге қоюға болады?

Санитарлық талаптар бойынша, пәтерде әр тіркелушінің кемінде 15 шаршы метр тұрғын жері болуы керек. Әзірге бұл норма Алматыда енгізілген. Болашақта елдің барлық аймақтарында осындай талаптар қабылданатын болады. Тіркелген әр адамға пәтерден қаншалық тұрғын орын берілу керектігі әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Алматыда 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерде төрт адамнан артық тіркеуге алуға болмайды.

«Сыбайластық мәселесі маңызды сұрақ. Біздің қатарымызда қолы таза емес адамдар болуы мүмкін. Бірақ қайта-қайта пара бергенше, бір рет 200 теңге төлеп тіркелген тиімді. Немесе сыбайластыққа жол бермеу үшін үйде интернет арқылы тіркелуге болады» деді Сəрсенова ханым. Ол үшін жоғарыда айтылған электронды сандық қол қажет.

 

Айыппұлдар қандай?

Енді заң талаптары бұзылған жағдайда салынатын айыппұлдар туралы. Уақытша тұрып жатқан жерінде бір айдан аса уақыт тіркеусіз тұрғаны үшін 7 АЕК, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады. Екінші тексеру кезінде заңбұзушылық анықталса, айыппұл 13 АЕК, яғни 29 500 теңге болады.

Пәтершілерді тіркеуге қоймаған пәтер иелері 10 АЕК, яғни 22 600 теңге айыппұл төлейді. Олар жеке тұлға емес, шағын кәсіпкерлік фирмасы болса айыппұл көлемі 15 АЕК немесе 34 000 теңге, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері болса – 50 АЕК көрсеткіш, яғни 113 500 теңге.

Заң күшіне енгенмен, айыппұл салу әлі де көптеген құжаттардың қабылдануын талап етеді. Сондықтан уақытша тіркеусіз азаматтарды анықтау ісі 2017 жылдың 1 ақпанында, ал айыппұл салу 7 ақпанда басталады.

Ержан Әбдіраман

Айдары
ЕлЖаңалықтар
12 пікір жазылған
  • Бек
    4 қаңтар 2017 at 20:39
    Пікір жазу

    Міне тұрмыстық өмірде де осындай заңдар жұмыс істесе, осындай айыппұлдар салынатын болса, сонда ғана біз нағыз құқықтық мемлекет құрған боламы, сонда азаматтар ауыр қылмысқа бармас еді. Европа, Солтүстік Америка елдеріндегідей, барлық ірілі-ұсақ заң мен ережелер жұмыс істесе.

  • Бек
    4 қаңтар 2017 at 20:41
    Пікір жазу

    Бізде көбіне Астана, Алматы жəне облыс орталықтары мысалға алынады, аудан-ауылдарше.

  • Бек
    4 қаңтар 2017 at 20:46
    Пікір жазу

    Мысалы үшін өсіп тұрған көшетті сындырма, арыққа кірдің суын төкпе, біреудің есік алдына қоқыс тастама, жол ережесін сақта. Учаскелік полиция не үшін айлық алып жүр сонда, құлақ салмаған тұрғындарға, азаматтарға айыппұл салдырсын.Барлық жаман əрекеттер отбасыдан басталады, темірдей тəртіп керек.

  • Бек
    4 қаңтар 2017 at 20:52
    Пікір жазу

    Базарда, көшеде болсын қоғамдық тамақтануда қашан тазалық болады, ақ халат неге кимейді, медициналық кітапша талап етілеме өзі?

  • Дилара
    5 қаңтар 2017 at 00:04
    Пікір жазу

    Ал тіркелу үшін үйдің тех паспортф қажет пе? Мысалы, тек гос актсі бар үйге қалай тіркелуге болады?

  • Гулжанар
    11 қаңтар 2017 at 11:40
    Пікір жазу

    Менің уйімнің техпаспорты жоқ. Гос актсы бар. Уақытша тіркеуге отыруға болама?

  • Даулет
    14 қаңтар 2017 at 04:09
    Пікір жазу

    Алы жеке кужат алмаган оралмандар не ыстейды? Жане сырт елден келген адамдарга кандай кужат откызыу керек?

  • Даулет
    14 қаңтар 2017 at 04:21
    Пікір жазу

    Мен калада жумыс ыстейм жана патер жалдап турамын. Жумысыма уакытша тыркеуге турсам. Сосын жалдап турган патерыме полиция тексерып келсе, мен жумыс орныма уакытша тыркеуге тыркелгеным жайлы документтерды корсете аламба?

  • Талшын
    15 қаңтар 2017 at 14:02
    Пікір жазу

    Егер тіркеуде осы Алматыда бірақ, басқа мкр.да тіркеуде тұрған, бірақ тұрған жері осы Алматыда, басқа мкр.да тұрған болса сол жерде қайта тіркеуге тұру қажет педагогикалық?

  • Талшын
    15 қаңтар 2017 at 14:04
    Пікір жазу

    Оқушылар да тіркеуге тұру қажет педагогикалық? Қажет болса сол мектепке тұрады ма?

  • Талшын
    15 қаңтар 2017 at 14:07
    Пікір жазу

    Уакытша тіркеу қай уақытқа дейін жарамды? Мерзім жарамды лыгғы кашанга дейін?

  • Эльмира
    23 қаңтар 2017 at 18:57
    Пікір жазу

    ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚТАР ЖЫЛАП ЖҮР ТЕНТІРЕП!!!!!!!!
    Қыстың қақаған ортасында осындай заң шығарған биліктегілер қай басымен ойланды екен. Əрине, оздерінің бастарында 2-3 үйлері бар. Балалары теплый пол уйде отырады((. Қарапайым халықты ойлап кайтсін!!? Ал мен бүгін екі кішкентай балаларыммен көше-көше аралап тіркеуге қоятын пəтер іздеп, сулы қардан үсіп кеттік. Балаларыма қарап жүрегім қан жылады. Осыларды тондыру үшін тудым ба деп. Ішке сыймағасын жазып отырмын. Алматы қаласында пәтер жалдап тұрамыз, күйеуім ғана жұмыс жасайды (жүргізуші). Заң шыққалы маза қашты пәтер иесі келіп тіркеуге қоя алмаймын босатыңдар дейді айыппұл төлей алмаймын деп. (Тіркеуге басын қатырғысы келмейді). Менікі дұрыс көктем шыққанша отыруға хақым бар дейін десен, ертең заң өкілдері келіп жағадан алмасына кім кепіл? Амал жоқ көшеміз.
    Жастарға үйлі болуға ешқандай мүмкіншілік ЖОҚ. Ипотеканын талаптары тек ақшасы бар, жақсы жұмысы бар адамдарға ғана қолжетімді. Ал ондай қалталы адамдар қайтеді ипотека алып. Ипотеканы қолжетімді қылып жасап, қанша өтпей тұрған ЖК үйлерді берсе ғой жастарға айына 70-80 мыңнан төлеседе босқа пәтерге төлеп желге кетіп жатыр. Бəрі алар еді, балалар тентіремей өз шаңырағында өсер еді. Батыр ата-бабаларымыз біздер үшін осы жерді қорғап еді. Қайдан білсін ұрпағының ұсақталып талам-тараж боларын. Озге ұлттың есік алдында өмір сүрерін.
    Сабыр сабыр деп сабырға шақырамызда озімізді.

  • Пікір жазу

    *

    *

    5 + 15 =

    Мұрағат
    қаңтар 2017
    ДсСсСрБсЖмСнЖк
    « Жел Ақп »
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031 
    QR-код

    Осыған ұқсас

    • Биылғы Жолдау – мазмұны ерекше құжат

      Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы палатаның бюро отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға байланысты бірқатар міндеттерді алға қойды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев Мемлекет...
    • Елбасы айыппұл құнын әділ белгілеу керектігін айтты

      Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Әкімшілік және Қылмыстық кодексті гуманизациялау керектігін айтты.  “Әкімшілік айыппұлдар құқық бұзушылықтың деңгейіне қарай әділ түрде белгіленуі керек. Кәсіпкерлік салада құқық бұзушылыққа санкцияны төмендету жұмыстарын жалғастыру...
    • Уақытша тіркеуі жоқ азаматтарға наурыз айына дейін айыппұл салынбайды

      Құқық қорғау органдары тұрақты тіркелген жерінде тұрмайтын және уақытша тіркеуі жоқ азаматтарға наурыздың ортасына дейін айыппұл салмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл нормативтік-құқықтық актілер Үкімет тарапынан қаулымен бекітілмеуіне байланысты болып...
    • Астананың тұрақты тұрғындары 24 мыңға артты

      Жыл басынан бері Астана тұрғындарының саны артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нүлмира Әлиайдарқызы айтты. «Заңнама күшіне...