Уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро тарапынан Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы ел­шілігінің аға бухгалтері А.Сейдуәлиев ұсталды, деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

А.Сейдуәлиевтің 2012 жыл мен 2015 жыл аралығында жалған кассалық шығыс ордерлерін толтыру арқылы 207 000 АҚШ доллары болатын бюджеттік қаржыны жымқырғаны анықталып отыр. Бұдан бөлек, аталған кезең аралы­ғында А.Сейдуәлиев елшіліктің атына Беларусь Республикасының салық органдарынан қосымша құн салығы ретінде қайтарылған 474 883 АҚШ долларын қалтасына басқан. Сөйтіп, ұрланған қаржының жалпы көлемі 681 883 долларды құраған.

Қазіргі кезде А.Сейдуәлиев Қазақстан Республикасы Қыл­мыстық-процессуалдық ко­дексінің 128-бабына сәйкес Астана қаласындағы Ішкі істер депар­таментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру үдерістері жалғасуда.

* * *

Астана қаласы бойынша Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаменті тарапынан Астана қаласындағы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Р.Акчурин ұсталды, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Р.Акчуриннің Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана Тазалық» ЖШС-нің бас директоры А.Басқанбаевпен қылмыстық уағдаластыққа бара отырып, «СБС-Снаб Сервис» ЖШС мен «Install Servis Com» ЖШС-ін құрғаны және 2016 жылы көшені механикаландырылған сани­тарлық тазалау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жалпы сомасы 1,8 млрд теңгенің ұтысын заңсыз қамтамасыз етке­ні анықталып отыр. Сөйтіп, заңсыз табысқа кенелген.

Бұған қоса, Р.Акчурин өзінің бақылауындағы компаниялардың мүддесі үшін әкімдіктегі лауазымды адамдарға бірнеше мәрте пара берген.

Қазіргі кезде Р.Акчурин Қазақ­стан Республикасы Қыл­мыс­тық-процессуалдық ко­дексі­нің 128-бабына сәйкес Астана қаласындағы Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру үдерістері жалғасуда.

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

14 + тоғыз =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 4444

    Samsung басшылығы жемқорлықпен айыпталуда

    Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ён Оңтүстік Кореяда үлкен жемқорлық дауына ұшыраған президент Пак Кын Хенің қылмысына қатысы бар болып шықты, деп жазады Bloomberg агенттігі. Бұл туралы осы мәселе үшін...
  • 44

    Пан Ги Мунның ағасы мен інісі жемқорлықпен айыпталуда

    Америкалық билік БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунның ағасы мен ағасының ұлына мемлекеттік шенеунікке пара берді деген айып тағып отыр. Бұрынғы бас хатшының туыстары, BBC басылымының жазуынша, таяу...
  • memlekettik-ky­z­met-atty-mobild

    Басты мақсат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде  осы ведомствоның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Бақтияр Қамаловтың қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру»...
  • Қолдаусыз қалмайды

    Қазақ жетім, жесірін жылатпаған. Ақтөбе облысы ІІД қолдауымен жаңа жыл қарсаңында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді. Ел тыныштығын,...