«Қайраттың» оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары анықталды

kairat-fc

«Қайрат» футбол клубының оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Алматының командасы бірінші жолдастық кездесуін 12 қаңтар күні Албанияның «Кукеси» ұжымына қарсы өткізеді. Ал екінші матч 19 қаңтарда Ресейдің «Орынборына» қарсы жоспарланған.

Бір қызығы, «Қайрат» бұл аталған қос ұжымға қарсы ойнаған. 2014 жылы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Кукесиді» екі ойынның қорытындысы бойынша 1:0 есебімен жеңген. Ал «Орынбормен» Алматы қаласында жолдастық матч өткізіп, нәтижесінде ресейлік клуб 2:3 есебімен басым түскен.

Айта кетейік, Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиыны 5-20 қаңтар аралығында өтеді.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

10 − 9 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас