2016 жылы әлем бойынша ең көп сатылған көліктер

Автокөлік саудасына маманданған Focus2move консалтингтік фирмасы 2016 жылғы көлік нарығының қорытындысын шығарды.

Басылымның мәліметінше, тізімнің көш басындағы Volkswagen Group компаниясы өткен жылмен салыстырғанда саудасын 1,4 пайызға ұлғайтып, 2016 жылы 10 млн 102 мың көлік сатқан.

Екінші орында Toyota Motor. Жапонның автоконцерні былтыр 9 млн 947 мың автокөлік сатқан екен. Ал үшінші орында Renault-Nissan альянсы, оған нарықтағы 8,513 млн тұтынушы тиесілі.

Төртінші орында Hyundai-Kia маркалы көлігіне тиесілі (8,176 млн). Үздік бестікті General Motors (7,972 млн) компаниясы түйіндейді.

Сонымен қатар үздік ондыққа Ford (6,296 млн), Honda (4,907 млн), Fiat Chrysler Automobiles (4,864 млн), PSA Peugeot Citroen (3,248 млн) және Suzuki (2,856 млн) компаниялары кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы тізімнің басынан Toyota Motor компаниясы көрінген еді.

Айдары
ӘлемЖаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

14 − 9 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас