10 қаңтарға арналған ауа райы

10 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің солтүстік және батыс аймактарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз күн райы сақталады, жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын  болып, жел  күшейеді.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында бұрқасын және тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа артады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басуы ықтимал, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа артады.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

18 + 12 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Таразда үш тәуліктен бері қар жауып тұр

    Жамбыл облысының аумағында күн райы бұзылатындығы туралы кезекті ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Таразда және облыс аудандарында 17 ақпаннан бастап жауған қар әлі толастар емес, осы күндері бір айлық...
  • 19 ақпанға арналған ауа райы

    19 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, оңтүстік өңірлерде қар молынан түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола...
  • Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

    Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, бұрқасын соғып, желдің күшеюі сақталады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі,...
  • Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды

    Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті. Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахан»...