Алматы тұрғыны жолсызбен жүретін көлік құрастырып алды

Алматылық Максим Давыдов командасымен бірге өзінің жертөлесінде жолсызбен жүретін көлік құрастырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құрастырушылар өз туындысын «Ящер» (кесіртке) деп атапты. «Кемеге қандай ат қойсаң, солай жүзеді» деп жатады. Біздің көлік қармен, лаймен және түз далада жүруге арналған. Біздің компания мұнайгаз құбырларын қадағалаумен айналысады, ал мұндайда неше түрлісі болады, мұнай да төгілуі мүмкін. Осындай жағдайларда әдеттегі көліктің өтуі қиын жерлерге де аттану керек болады. Бұл үшін арнайы техника қажет. Біз түрлі техника қарап көрдік, бірақ тым қымбат болды. Ал біздің көлік 5,5 миллион теңгеге түсті», — дейді Давыдов.

«Ящерді» құрастырған кезде қосалқы саймандар ретінде ресейлік көлік құрастырушылардың өнімдері пайдаланылған. Құрастырушылардың сөзінше, істен шыққан жағдайда оларды табу оңай болады. Көлік қозғалтқышының көлемі 1,5 литр.

Бұл көлікті жасауға тоғыз ай кеткен. «Ең басында бұл жобамен төрт адам айналысқан. Әрине, күмән болды, бірақ істің нәтижесі көріне бастағанда сенімділік пайда болды. Қаңқасын жертөледе жинап, сол жерде бекіттік. Негізгі бөлшектерін далада, шатыр астында жинастырдық», — дейді алматылық.

Айдары
Жаңалықтар
1 пікір жазылған
  • пкепкеп
    10 қаңтар 2017 at 15:33
    Пікір жазу

    блан молодец

  • Пікір жазу

    *

    *

    он екі + 19 =

    Мұрағат
    қаңтар 2017
    ДсСсСрБсЖмСнЖк
    « Жел Ақп »
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031 
    QR-код

    Осыған ұқсас