Биыл Алматы облысында 353 нысан салынады

Биылғы жылы Алматы облысында білім саласының 48 нысанының құрылысы жүргізілмек. Бір жылда бір саланың өзінен осыншама нысанды салу бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл білім мекемелерінің 39-ы биылғы жылы іске қосылса, 9-ының құрылысы келесі жылы да жалғасатын болады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы 2017 жылға Алматы облысында 353 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 70-і — әлеуметтік бағытта, атап айтқанда білім беру және денсаулық сақтау саласының нысандары, 35-і инженерлік инфрақұрылым нысаны, 31-і ветеринарлық-профилактикалық пункт. Сонымен қатар ішкі істер органдарының 64 нысаны және басқалары бар. Жалпы биылғы жылы бұлардың 288-ін іске қосу жоспарланып отыр,

Биылғы жылы спорт саласы да назардан тыс қалмайды. Жақын арада облыстың елді мекендерінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорттық алаңдар және басқа да маңызды нысандар пайдалануға берілмек.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

11 + жиырма =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас