Биыл ШҚО-да 57 көппәтерлі тұрғын үй салынады

2017 жылы Шығыс Қазақстанда 57 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда, деп хабарлады Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Инна Валл апараттық жиналыс барысында айтты, деп хабарлады strategy2050.kz.

«2016 жылы өңірде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы 9 нысан салынды. 2017 жылы осындай 27 нысанды салу жоспарланып отыр, оның 17-сі 2016 жылдан өткен, 10 нысан жаңадан салынбақ», — деді И. Валл.

Оның айтуы бойынша, өткен жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен облыс бойынша алдын ала деректер бойынша 334,07 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, соның ішінде жалпы ауданы 206,3 мың шаршы метрді құрайтын 34 көппәтерлі тұрғын үй.

Бұдан бөлек, ол 2017 жылы Шығыс Қазақстанда жалпы ауданы 288,8 мың шаршы метр 57 жаңа көппәтерлі тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып отырғанын айтты. Оларға 2016 жылдан өткен жалпы ауданы 414,4 мың шаршы метрді құрайтын 60 көппәтерлі тұрғын үй қосылмақ. Олардың ішінде биылғы жылы 345,8 шаршы метрін пайдалануға беру жоспарлануда.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он сегіз + он алты =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас