Қазақстанда халықтың төрттен бірі — жастар

Қазақстанда халықтың төрттен бірі — жастар. Олар елдің одан әрі дамуына бағыттала алатын зор әлеует. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында айтты. Сонымен қатар Премьер-министр министрліктерге жастар саясатын сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету және жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы тиімді ақпараттандыру бойынша тапсырма берді.

Б. Сағынтаев жастар саясаты дегеніміз мемлекет пен жастар арасындағы қарым-қатынас қана емес екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімді болуы үшін оған қоғам да, бизнес те қызығушылық танытуы тиіс. Әсіресе, ел аймақтарындағы жастар саясатының сауатты жүзеге асырылуы аса маңызды.

Primeminister.kz хабарлағандай, отырыс барысында жастар өкілдері тыңдалды. Олардың ішінде «Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасы мен «Жастар үні» жастар бірлестігінің төрағасы Дәурен Бабамұратов, Ұлттық волонтерлік желісінің төрайымы Вера Ким және Қазақстан студенттер Альянсының басшысы Мержан Әбілқас болды.

«Жастар саясатының басымдықтарын Мемлекет басшысы желтоқсан айында өткен жастар форумында белгілеп берген болатын. Осыған байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жастардың белсенділігін ынталандыру үшін жаңа тетіктер мен тәсілдерді пайдалана отырып Мемлекет басшысының нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Ақпарат және коммуникация министрлігіне әсіресе, жастар арасында кеңінен таралған ғаламтор мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

8 + он бір =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас