ШҚО-да үш тілділікті енгізу мәселелері талқыланды

ШҚО-да үш тілділікті дамыту жөніндегі 2016-2019 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында мектептерде тілдерді оқыту үшін сағат саны көбейтілді, бірыңғай оқулықтар алынып, үш тілді білім беруді енгізу үшін басқа да жүйелі шаралар қабылданды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Мысалы, ШҚО әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі қаулысына сәйкес, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуға оқу жоспары бөлігінен сағат саны көбейтілген.

Сондай-ақ жаңа жылдың басынан бері қазақ тілінде оқытылмайтын мектептер үшін сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша деңгейлік даярлық бағдарламаларына сәйкес профессор Ф. Оразбаева әзірлеген қазақ тілі оқулықтары алынған. Облыстың барлық білім беру ұйымдары «Cambridge University Press» баспасының ағылшын тілі оқулықтарымен қамтамасыз етілген. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен орыс тілінде оқытылмайтын мектептер үшін орыс тілі оқулықтарын дайындау туралы меморандум жасалған. Бүгінгі таңда орыс тілінің мұғалімдері орыс тіліне деңгей бойынша оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік кешенінің электронды нұсқаларымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ Жоспар аясында тілдерді оқыту кезінде сыныптар 10-12 оқушыдан аспайтын кіші топтарға бөлінеді. Мұғалімдер үшін оқыту курстарын ұйымдастырумен қатар сараланған материалдық көтермелеу көзделген.

2017 жылдан бастап Кешенді жоспарды іске асырудың екінші кезеңі басталады, ол оқыту курстарын жалғастыру, ағылшын тілінің үздік мұғалімдері арасынан жаттықтырушыларды даярлау, сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша оқушылардың тілдік коммуникативтік біліктіліктеріне диагностика жүргізу, оқушыларға үш тілде қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және пән мұғалімдерін кәсіптік ағылшын тілін және пәндерді ықпалдастырылған оқыту әдістемесін оқыту сияқты шараларды көздейді. 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

14 − 5 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • elordada-turgyn-uy-kurylysyna-ulesti

    Биыл ШҚО-да 57 көппәтерлі тұрғын үй салынады

    2017 жылы Шығыс Қазақстанда 57 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда, деп хабарлады Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Инна Валл апараттық жиналыс барысында айтты, деп хабарлады strategy2050.kz....
  • 20121123102551

    ШҚО-да биыл 5 өндірістік нысан ашылды

    Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы 5 өнеркәсіптік нысан салынды, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті. «Шығыс Қазақстан облысы, бұрынғысынша, еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірі болып табылады. Жаңа нысандардың құрылысы...
  • mortgage_strat

    ШҚО-да 4 мың жылжымайтын мүлік жария етілді

    Акция қорытындылары бойынша өңір тұрғындары 14 млрд 248 млн 722 мың теңгеге 3967 жылжымайтын мүлік нысанын жария етті, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы. «Осы  акция тіркелмеген үйлер мен саяжайларды, коммерциялық...
  • unnamed-1

    Кенді Алтай тұрғындары Мәуліт мерекесін атап өтті

    Биыл Шығыс өңірінде Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтті. Әсіресе, облыс орталығындағы Металлургтердің мәдениет сарайында өткен «Рахмет нұры» атты рухани кеш өскемендіктердің өз-өзіне өзгеше қараған, Жаратушыға жақындай түскен шараға айналды....