ҚР Үкіметі жастармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарын айқындады

2012 жылдан бастап жастар саясаты және жастардың ресурстық орталығы мәселелері жөніндегі басқармалар жұмыс істейді. Бұл туралы кезекті Үкімет отырысында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Жастар саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар Қазақстанға 183 ел бағаланған Global Youth Development Index 2016 — Жаһандық жастарды дамыту индексінде 61 позицияны иеленуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, сараптамалық бағалаулар мен ұсыныстарды ескере отырып, әрі қарайғы жұмысты бес негізгі бағыт бойынша ұйымдастыру жоспарланған.

Біріншісі. Ауыл және қала жастарының арасындағы мүмкіндіктердің айырмашылығын төмендету, жастарды әлеуметтендіру, олардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру. Осыған байланысты жалпыұлттық жастар қозғалысы жобасын әзірлеу ұсынылады, оның негізгі бағыттары: волонтерлікті, спорттық және шығармашылық жетістіктерді, еңбек дағдыларын дамыту.

Сонымен қатар көшелердегі қарапайым спорттық жарақтар желісін (воркауттар), аула клубтары мен жастарды жаппай спортқа және шығармашылыққа тартудың басқа да аз шығынды түрлерін арттыру қажет. Мұндайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін белсене пайдаланған жөн.

Екінші бағыт – «әлеуметтік лифтілерді» дамыту. Атап айтқанда, жастарды белсене тартумен әскери қызметтің абыройын арттыру бойынша жұмыстар атқару қажет. «Әлеуметтік мобильділікті» арттырудың басқа тетігі – шығармашылық бірлестіктер мен одақтар, олар нағыз дарындарды анықтап, олардың өсіп-жетілуіне ықпал етуі тиіс.

Сонымен қатар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын жыл сайынғы негізде беру мәселесін пысықтау ұсынылады. Соған байланысты, өңірлерде ақпараттық насихаттау жұмыстарын ауқымды түрде жүргізіп, жастарға өздерін және өз дарындарын көрсетуге көмек беру керек, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Үшінші бағыт – жас отбасыларға қолдау көрсету аясында – көктемнің бір күнінде еліміздің барлық мектептерінде бір уақытта, ата-аналарға арнап, тәжірибелі психологтар мен өзге сала мамандарының шақырылуымен «Отбасы сағаты» атты жалпыұлттық акция өткізу ұсынылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың төртінші бағыты — жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік аппараттың кадр әлеуетін арттыру. Осы орайда, жаңа міндеттерді есепке алғанда, жастардың ресурстық орталықтарында әдістемелік база жаңартылатын болады. Бұдан өзге, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту семинар-тренингтерін өткізуді жалғастырады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың соңғы бағыты – ведомствоаралық үйлестіруді күшейту. Соған байланысты биылғы жылдың бірінші тоқсанында Президент жанындағы Жастар саясаты кеңесінің отырысын өткізу ұсынылады. Бұдан өзге, барлық мемлекеттік органдарға Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысына белсенді түрде қатысу ұсынылады. Сондай-ақ, жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді қарастырып, шешімін табатын, өңірлік Жастар істері жөніндегі кеңестердің жұмысын жандандыру керек және Үкімет отырыстарында жастармен жұмыс жөніндегі жобалардың іске асырылу барысы туралы есепті жүйелі түрде тыңдап отыру қажет.  

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

жиырма − алты =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Қазақстанда әрекетсіз ҮЕҰ-лар жабылады

    Қазақстанда әрекетсіз үкіметтік емес ұйымдарды жабу бойынша ірі жұмыс бастау алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан...
  • Үкіметтік емес ұйымдарда 28 мың адам жұмыс істейді

    Үкіметтік емес ұйымдарда 28 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. «Үкіметтік емес ұйымдар нақты әлеуметтік...
  • Бизнес мемлекетпен белсендірек жұмыс істеу керек — Ермекбаев

    Қазақстандық бизнес мемлекет және үкіметтік емес ұйымдармен белсендірек жұмыс істеу керек. Мұндай пікірді ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев білдірді. Осы орайда тиімді үшжақты серіктестік жүйесін орнату қажет,...
  • Жоғары өкілдердің халықаралық кездесуі

    23-24 мамырда Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Жоғары өкілдердің VII халықаралық кездесуіне қатысты. Аталған шара Ресей Қауіпсіздік кеңесі­нің бастамасы бойынша Чешенстан...