Головкин: Дэниэл — менің мықты қарсыласым

Орта салмақтағы WBA/WBC/IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық журналистермен кездесу барысында 18 наурызда Дэниэл Джейкобспен өтетін айқасқа өзінің көзқарасын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл  — біз үшін керемет айқас. Дэниэл — менің мықты қарсыласым. Бұл тамаша жекпе-жек. Әрине, желтоқсанда үшінші айқасты өткізгім келген, алайды наурызға дейін күтуге тура келеді. Бір жағынан, бұл — дұрыс шешім, себебі дайындалатын уақытым көп болмақ. Бастапқыда Джейкобспен айқасқым келеді, келесі жекпе-жектер көп болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда Дэниэлмен өтетін жекпе-жек мен үшін өте маңызды, себебі ол тек бизнестегі емес, спорттағы да мықты қарсыласым деп есептеймін. Қандай әрекет жасаймын? Әзірге білмеймін, әр айқас түрліше өтеді», — деп айтты Головкин.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

жиырма + төрт =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас