Ауа райы қолайсыздығынан екі облыста жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабық, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Шығыс Қазақстан облысында 10 қаңтар күні сағат 17.00-ден  ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Воскресеновка -Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка» (40-48 км а.Шелехова- а.Зенковка) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. Сағат 20.00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Чарск-Бақыршық» (0-42 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

Алматы облысында 10 қаңтар күні сағат 18.30-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды. Ал  сағат 20.30-дан бастап «Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожолдың 40-ші мен 80-ші шақырымында барлық автокөліктерге жабық.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

жиырма + сегіз =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • aua-raiy

    17 қаңтарға арналған ауа райы

    17 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек шығыс аумақта қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың жекелеген аумақтарында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Жамбыл...
  • aua-raiy

    Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады

    Синоптиктер 2017 жылғы 17-19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Қазгидромет. Мамандардың болжамына қарағанда, антициклон ауа райына ықпал етеді. «Қазақстанға қарай ығысқан антициклон алдағы тәуліктерде...
  • aua-raiy

    16 қаңтарға арналған ауа райы

    16 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-шығыста және оңтүстікте құбылмалы ауа-райы сақталады. Кей жерлерде тұман. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп...
  • KZ

    15 қаңтарға арналған ауа райы

    Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек солтүстік-батыста және шығыста құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, жел күшейеді, шығыста бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет». Алматы  облысында  тұман, ...