ОҚО-да 265 млрд теңге жария етілді

20170110215808

ОҚО-да 265 млрд.теңгенің мүлкі мен ақша жария етілді. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде Қаржы басқармасының басшысы Кеңесбек Мендебаев пен ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әбдісалан Сағымбектің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қаржы басқармасы басшысының айтуынша, жария етілгендердің ішінде құны 108,8 млрд. теңгені құрайтын 11711 жылжымайтын нысан заңдастырылған. Оның 43,7 млрд. теңгесі Шымкент қаласына тиесілі болса, 65,1 млрд. теңге аудан-қалалардың үлесі. Жария етілгендердің ішінде құны 75,2 млрд. теңгені құрайтын 10225 тұрғын үй, 33,6 млрд. теңгелік 1486 коммерциялық және басқа да нысандар бар.

Ал Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан, жалпы құны 422,3 млн. теңгені құрайтын 50 жылжымайтын мүлік, 12 заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі және 3 бағалы қағаздар бойынша қабылданған өтініштер заңдастырылды. Сонымен қатар 155,9 млрд. теңге жария етілді.

«2016 жылдың 30  желтоқсанында еліміздегі мүліктер мен қаржыларды жария ету жұмыстары аяқталды. Қорытындысында жоғары көрсеткіштерімен белсенділік танытқан Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде төртінші орынды иеленді», — деді Кеңесбек Нүсіпқұлұлы.

«Енді елімізде заңдастырылмаған мүлік үшін ешқандай ескертусіз бірден 530250 теңге (250 АЕК) айыппұл салынады. Ал егер бұл талап бір жыл ішінде орындалмаса, заңсыздық жойылмаса, 500 АЕК көлемінде айыппұл төлетіледі. Мүлкі мен қаржысын заңдастырып үлгермегендерді осындай жаза күтіп тұр. Ал осы үш кезеңде барлық дүниесін жария еткендер туарлы мәлімет ешкімге берілмейді және олар мемлекет тарапынан барлық жағынан қорғалады», — деді Әбдісалан Жораұлы.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

екі × төрт =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас