Заң үстемдігіне басымдық – заман талабы

aleksandr-aga-1Еліміздің елдігін, халқымыздың бір­лігін, ұлттар мен ұлыстардың та­­ту­лығын, бейбіт өмірдің баян­ды­­лығын айқындайтын, іс жүзінде ола­р­­­­дың жүзеге асуына жол аша­тын сын­­дарлы заңдарымыздың із­гі­лікті сая­­­саты екендігі даусыз. Осы мін­дет­­терді іске асыру үшін мем­ле­кет­тік тұр­ғыдан барлық қолайлы жағ­дай жа­салынып келе жатқаны да әм­бе­ге аян. Экономикамыздың жан­да­нуы, кә­сіпкерліктің қанат жаюы, осы­­ның нәтижесінде халықтың әл-ау­қа­­тының артуы, алдымен, тәр­тіп­ке, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шы­­­ғара білген бірлігімізге тікелей бай­­­ланысты.

Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заң үстемдігіне айрықша мән бергендігі белгілі. Өйткені, «100 нақ­ты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлт­тың дамыған мемлекеттердің отыз­ды­ғына кіруі жөніндегі жоспар болып табылады. Соның ішінде, ол елімізге «2050» Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын берік­тік қорын жасап беретін болады деген се­німді де орнықтыра түседі.

Ал бұл орайда, заң үстемдігін ны­ғайту барысында тек соттардың тө­ре­лік етуі ғана жақсарып қоймағаны рас. Соның нәтижесінде құқық қор­ғау органдарының қызмет сапасы да арта түсті. Енді бұл мерейлі жетіс­тік­теріміздің одан әрі жалғасын та­ба бе­руі үшін заң үстемдігі нақты өмір­де түпкілікті орнығуы қажет.  Осы ба­­ғыт­та заңдарымыздың мәні мен маз­­мұны, сапасы, негізгі мақсаты уа­қыт талабымен үндесіп, қажеттілікке сай жауапкершілігі де арта бергені жөн. Бұ­лардың қатарында көптеген заң­да­­рымызды атауға болады. Мәселен, олар­дың қатарына Еңбек, Мемлекеттік қыз­метшілердің әдеп кодекстері мен зейнетақы, сақтандыру туралы, сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жә­не жергілікті полиция қызметінің жұ­мыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң­дарды және басқаларды жатқызуға бо­лады.

Еңбек кодексінде тың жаңалықтар бар­шылық. Жоғарыда айтып өткені­міз­дей, заңдардың үстемдік алуы қашанда сол уақыт еншісі мен талап мүддесіне сай келуі керек. Соған орай бұл Еңбек ко­дексінде  оң өзгерістермен қатар, жа­ңа талаптар да бой көтерді. Мәселен, он­да енді «өндіріс және орындалатын жұ­мыс пен көрсетілетін қызмет көлемі азай­ып, ұйымның экономикалық жа­ғ­дайының нашарлауына» әсер ет­кен жағдайда келісімшарт жұмыс бе­ру­шінің бастамасы бойынша үзілуі мүм­кіндігі қаралды. Өйткені, Еңбек кодексінде мұндай негіздердің пайда болуы «экономикадағы қалыптасқан жағдаймен» байланыстырыла қаралып отыр.

Ал еліміздің мемлекеттік қыз­мет­шілерінің Әдеп кодексінде мемлекеттiк қыз­мет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылатындығы және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдеп­тi­­лiк бейнесiне жоғары талаптар қой­ы­латындығы айтылады. Қоғам мем­ле­-
к­ет­тiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жi­­герiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн өзi жү­зеге асыратын кәсiби қызметiне жұм­сайды, өзiнiң Отаны – Қазақстан Рес­публикасына қалтқысыз әрi адал қыз­мет етедi деп сенедi. Мемлекеттiк қыз­метшiлер өз қызметiнде Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сая­са­тын қолдауға және оны дәйектi түрде жү­зеге асыруға тиiс.

Кодекс халықтың мемлекеттiк ор­гандарға сенiмiн нығайтуға, мем­ле­­кет­тiк қызметте өзара қарым-қа­ты­настың жоғары мәдениетiн қа­лып­тас­тыру­ға және мемлекеттiк қыз­мет­шi­лердiң әдеп­ке жатпайтын мiнез-құ­лық жағдайлары­ның алдын алуға ба­ғытталған. Мемлекет­тiк қызметшiлер Қазақстан халқының бiрлiгi мен ел­де­гi ұлтаралық келiсiм­дi нығайтуға ық­пал етуге, мемлекет­тiк және басқа тiл­дерге, Қазақстан халқының салт-дәс­түрлерiне құрметпен қарауға; адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қа­былданған моральдық-әдептiлiк нор­маларын сақтауға, азаматтармен жә­не әрiптестерiмен қарым-қатынас­та сы­пайылық пен әдептiлiк таныту­ға; өз­дерi қабылдайтын шешiмдер­дiң заң­дылығы мен әдiлдiгiн қамтама­сыз етуге; шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға; iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс.

Сол сияқты енді «Сақтандыру қыз­ме­ті туралы» Заң бойынша жол апатынан кө­­лікке келген зиянды сақтандыру ком­па­ниялары бағаласа, «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң бойынша мемлекеттік мекемеде жақын туыс­тардың бiрге қызмет iстеуiне жол бе­рілмейді. Міне, мұның бәрі қа­зіргі уа­қытта ел алдына қойылған мін­дет­терді тал­апқа сай жүзеге асыру үшін аса қажетті ұстанымдар болып табылады.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

Айдары
Көкейтесті
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

1 × төрт =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Мемлекеттік комиссия отырысы өтті

    Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz Отырыс барысында квазимемлекеттік сектор активтерін бәсекелі ортаға өткізу және республикалық...
  • Әділдікті кімнен күтеміз?..

    «Егемен Қазақстанның» әр санын бір бетін қалдырмай оқу – қашаннан бергі әдетім. Елең еткізер материалдар жиі шы­ғады. Елу жылдан артық жаздырып алып оқып жүрген бұл басылым еліміздің түкпір-түкпірінде болып...
  • Британия экономикасы болжамдағыдан қарқынды өсуде

    2016 жылдың төртінші маусымындағы тұтынушылық сұраныстың жоғарылығы Британия экономикасының өсіміне қарқын қосты, деп жазады BBC. Елдің ұлттық статистикалық басқармасының мәліметінше, қазан-желтоқсан аралығында экономикалық өсім 0,6 пайыз өсті (өсім 0,5...
  • Президент стипендиясы тапсырылды

    Алматыда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Президенттің тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының 2016 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті. Стипендиялар мемлекеттік қолдау...