Сән үйін ашқан қазақ жігіті

ermek-4Өткен жылы «Ресейдің ең үздік жас шығармашылық қайраткері» атанған омбылық дизайнер Ермек Хапизов Омбыда өз атымен аталатын «KHAPIZOV ERMEK» сән үйін ашты. Осылайша ол Ресей қазақтарының ішінде бірінші болып сән үйін дүниеге әкеліп отыр.

Омбы қаласында ағаш ұс­тасы­ның отбасында дүниеге кел­­ген Ермек Елубайұлы мектеп қабыр­ғасында жүріп-ақ дизайн және сән өнерінің әліппесін меңгере бастайды. Алғашын­­да спортпен әуес­тенген жігіт 14 жасында «Фито­дизайн» сән студия­сына жазылады.

Өнердің бөлек бір саласы­на бет бұрған баланың қызығу­шылығын байқаған ата-анасы оған «Зингер» тігін машинасын са­­тып әпереді. Ермек осыдан ке­йін қиялындағы киім үлгілерін жо­­ба­­л­ап, пішіп, тіге бастаса керек.

Ісмер талант одан кейін жеке топтамаларын жасау барысын­да электрмеханикалық тігін ма­шинаға да қол жеткізеді.  9-сы­нып­та оқып жүргенде үш бір­дей халықаралық фестивальда бақ сынайды. Соның біріншісі – Мәс­кеудегі «Этно-Эрато» бай­қауы. Оған ұлттық нақыштағы жеке топтамасымен қатысып, Үкі­мет үйінің үлкен залында бол­ған ақ­тық сынға жолдама ал­ған үздік он­дық­тың қатарынан табылады.

10-сыныптан бастап  киім дизайны мамандығы бойынша Омбы мемлекеттік сервис инс­ти­тутына түсу үшін әзірлікке кіріс­кен ол, 11-сыныпта табыс табу үшін әйелдерге ар­нал­ған «Сібір Атлантидасы», ерлерге арналған «Жаңа дәуір» деп аталатын коммерциялық топтамаларын  жасайды. Еңбегі ақталып әйелдерге арналған киімдері  толықтай, ал ерлерге арналған топтамасының төрттен үші тұтынушысын табады.

Бар болғаны 19 жасында Жан­на Фриске, Маргарита Дробязка, Анфиса Чехова, Прохор Шаля­пин, Марина Орлова, Мария Арбатова сияқты өнер май­тал­мандарын өз клиентіне айнал­дырған Ермек Елубайұлы дипломдық топта­ма­сын Вяче­слав Зайцевтің сән үйін­де көр­сетіп, сәтті қорғап шы­­ға­ды. «Сән зертханасында» ди­­зайн-жобалар жетекшісі бо­лып, жас дизайнерлерді оқыт­қан ол бүгін­де ұстаздық қызметін Ха­­лық өнері жоғары мектебінің Ом­бы филиа­лын­да жалғастырып жүр.

Қазақ жігіті өткен жылы қара­­ша­­ның аяғында Омбы об­лыс­­­­тық мемлекеттік «Либеров-Центр» көркемөнер музейінде «Рубаи» деген тақырыппен кешін өткізді. В.Зайцев,  М.Ар­батова, М.Орлова, П.Шаля­пин, М.Дробязко, П.Вана­гас сияқ­ты өнер майтал­мандары шақы­рыл­ған бұл кеште автор өзінің әйелдерге арналған «Рубаи» атты жаңа топтамасының көр­сетілімін жасады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

журналист

 АЛМАТЫ

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

2 − бір =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • BAL_3610

    Абайдың құтысы

    Ұлттық музейдің Қазақстан тарихы залында тұрған бұл құтының тарихы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Абайдың жер аударылып келген революционер достары Н.И.Долгополов пен Н.М.Лобановский 1883 жылы Семей қаласында тұңғыш «Өлкетану...
  • 161223104718-lego-house-2-exlarge-169

    Әлемде 2017 жылы ашылатын ерекше ғимараттар

    2017 жылы ашылатын ерекше ғимараттар үнемі өзгеріп отыратын әлем архитектурасына ерекше серпін бере алады, деп жазады CNN. Назарларыңызға аталған басылым жариялаған биыл ашылатын ғимараттардың топтамасын ұсынамыз.  Неаполь мен Римді байланыстыратын...
  • img_8207

    Сечени – венгрдің Сәтбаевы

    Алматыда «Венгрия ғылымының мерекесі» атты көрме ашылды Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей мен Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Бас консулдығы арасын­да орныққан ынтымақтастық ұзақ жылдар бойы жалғасып келеді. Бірлесіп атқарылған көп жұмыс­тардың...
  • ????????????????????????????????????

    Абай музейінде ардагерлер мерекелік медальмен марапатталды

    Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шарада Абай...